О некоторых мерах по предотвращению распространения антропозоонозных заболеваний и борьбе с хищениями скота Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Антропозооноздық аурылардың таралуын болдырмау және мал ұрлығымен күресу жөніндегі кейбір шаралар тұралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен. Облыста соңғы жылдары мал ұрлығы, малды бақылаусыз сою, еттi автомобиль жолдары мен басқада белгiленбеген жерлерден сатып алу және сату жағдайлары орын алуда. Ет көтерме саудаға мұндай қызмет түрiне рұқсаты жоқ (салық төлемеген) және арнайы жабдықталмаған жеке автокөлiктермен тасымалдаушы адамдардан сатып алынуда. Малды сою, еттi тасымалдау және өткiзу кезiндегi мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптардың бұзылуы салдарынан эпизотиялық-эпидемиологиялық шиеленiстi жағдай қалыптасып отыр. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1783 қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайдың шиеленiсуiне жол бермеу, ет және ет өнiмдерiмен көтерме және бөлшек сауда жасау кезiнде санитарлық-мал дәрiгерлiк заңнамалар талаптарын сақтау және облыс аумағында мал ұрлығымен күрестi күшейту мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласының, аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi:
Тармақша 1
1) елдi мекендер тұрғындарының күшiмен жекелердiң малдарын күзету және ұйымдасқан түрде жайылысқа шығару жөнiнде шаралар алсын;
Тармақша 2
2) елдi мекендерде мал дәрiгерлiк-санитарлық және гигиеналық талаптарға сай келетiн мал сою пункттерiн салуды және оның жұмыс iстеуiн ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) мал басы қозғалысының есебiн қатаң есепке алып отыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 4
4) мал сату жөнiнде аукциондар ұйымдастыруда тұрғындарға жәрдемдер жасасын және оны өткiзудiң кестесi туралы мүдделi заңды және жеке тұлғаларға дер кезiнде хабарлап отырсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Орал қаласының, ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi, мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызмет органдары сатуға арналған мал мен жануарларды сою кезiнде тұрғындардың және шаруашылық субъектiлерiнiң мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптарды сақтауын пәрмендi бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк стандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармалары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы ет және басқада мал өнiмдерiнiң белгiленбеген жерлерде сатылуына, сондай-ақ ет және азық-түлiк шикiзаттары мен тамақ өнiмдерiнiң бұған арналмаған және әдейi жабдықталмаған, әрi белгiленген тәртiпте ресiмделген санитарлық паспорты жоқ көлiк құралдарымен тасымалдануына жол бермеу үшiн бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк стандарттың облыстық мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы ет өңдеушi кәсiпорындар, базарлар, ет павильондары мен дүкендер басшыларының мал өнiмдерiн сатып алу және өткiзу кезiнде белгiленген санитарлық-мал дәрiгерлiк ережелермен, сондай-ақ мал дәрiгерлiк сараптау зертханаларын және сауда алаңдарын тиiстi жабдықтармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 5
5. Ет өңдеу кәсiпорындары, базарлар, ет павильондары әкiмшiлiктерiне мал өнiмдерiн сатып алу жөнiнде тоңазытқыш камералармен, малдәрiгерлiк-санитарлық зертханамен және арнаулы автокөлiктермен жабдықталған дайындау жүйесiн немесе ассоциациясын құруға ұсыныстар жасалсын.
Тармақ 6
6. Орал қаласының әкiмi Бейбiтшiлiк көшесiндегi ет және ет өнiмдерi көтерме сауда базарын қазiргi талаптарға сәйкес келетiн базарға көшiру мәселесiн шешсiн.
Тармақ 7
7. Орал және Ақсай қалаларының әкiмдерi 2002 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен көтерме сауда жасайтын коммуналдық меншiктегi базарлар ұйымдастыру жөнiнде шаралар алсын.
Тармақ 8
8. Облыстық салық комитетi мал өнiмдерiн дайындаумен және өткiзумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға патенттер мен куәлiктер берудi ретке келтiрсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық салық комитетi, қаржы полициясы департаментi өнiмдер дайындау және өткiзу орындарында осы қызметпен шұғылданатын, салық органдарында тiркелмеген адамдарды анықтау жөнiндегi жұмыстарды күшейтсiн.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.