О волонтерской деятельности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Волонтерлік қызмет туралы Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 2
2) волонтерлер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;
Тармақша 3
3) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;
Тармақша 4
4) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;
Тармақша 5
5) волонтерлік қызмет – өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;
Тармақша 6
6) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган – волонтерлік қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 7
7) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;
Тармақша 8
8) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;
Тармақша 9
9) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);
Тармақша 10
10) корпоративтік волонтерлік – ұйым қызметкерлерінің өз ұйымының қолдауымен әртүрлі волонтерлік бағдарламаларға (жобаларға) және волонтерлік акцияларға ерікті ұжымдық қатысуы.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы Осы Заңда көзделген нысандар мен түрлерде өтеусіз негізде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы қоғамдық пайдалы қызметті ерікті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заңның реттеу нысанасы болып табылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері
4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызметтің мақсаттары:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;
Тармақша 2
2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:
Тармақша 1
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
Тармақша 3
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 4
4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) волонтерлер топтарын – волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды орындаушыларды жасақтау;
Тармақша 6
6) волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.
Тармақ 3
3. Волонтерлік қызмет саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды.
Тармақ 4
4. Кез келген нысандар мен көріністердегі терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Әскерилендірілген құрылымы, нысаны, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, соның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар үлгісі бойынша волонтерлік ұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында құруға тыйым салынады.
Бап 5. 5-бап. Волонтерлік қызметтің қағидаттары
5-бап. Волонтерлік қызметтің қағидаттары
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызмет:
Тармақша 1
1) волонтерлер қызметінің өтеусіздігі, еріктілігі, тең құқықтылығы мен заңдылығы;
Тармақша 2
2) осы Заңда белгіленген волонтерлік қызметтің мақсаттарын, нысандарын, түрлері мен әдістерін айқындаудағы, бағыттарын таңдаудағы еркіндік;
Тармақша 3
3) волонтерлік қызмет туралы ақпараттың жариялылығы және жалпыға бірдей қолжетімділігі;
Тармақша 4
4) волонтерлік қызметке қатысушы адамдардың ынтымағы, адалдығы мен ынтымақтастығы;
Тармақша 5
5) өмір мен денсаулық қауіпсіздігі;
Тармақша 6
6) осы саладағы тең құқылы және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Волонтерлік қызмет мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы бойынша қызметін алмастырмайды.
Бап 6. 6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері
6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызмет:
Тармақша 1
1) жеке-дара волонтерлік қызмет;
Тармақша 2
2) волонтерлер тобы құрамындағы волонтерлік қызмет;
Тармақша 2-1
2-1) корпоративтік волонтерлік;
Тармақша 3
3) волонтерлік ұйым арқылы волонтерлік қызмет нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға көмек көрсетуге қатысу;
Тармақша 2
2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу;
Тармақша 4
4) орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдем көрсету;
Тармақша 5
5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу;
Тармақша 8
8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу;
Тармақша 9
9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
Тармақша 10
10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 11
11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу;
Тармақша 12
12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;
Тармақша 13
13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады.
Тармақ 3
3. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушының волонтерлерді тарту кезінде немесе волонтерлік ұйымның волонтерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт жасасуға құқығы бар.
Бап 6-1. 6-1-бап. Корпоративтік волонтерлік
6-1-бап. Корпоративтік волонтерлік
Тармақ 1
1. Ұйымдар корпоративтік волонтерлікті дамыту туралы шешім қабылдаған жағдайда волонтерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді.
Тармақ 2
2. Корпоративтік волонтерліктің ішкі құжаттары корпоративтік волонтерлік қызметтің қағидаттарын, негізгі бағыттарын және оны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Корпоративтік волонтерліктің мақсаттары осы Заңның 4-бабына сәйкес айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызметті қолдау мен ынталандыру тетіктерін әзірлейді;
Тармақша 3
3) волонтерлік қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 5
5) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) волонтерлік қызмет практикасын талдайды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
Бап 9. 9-бап. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган: 1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігіндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
6) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 7
Тармақша 7-1
7-1) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізеді;
Тармақша 7-2
7-2) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 7-3
7-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері
11-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктеріне:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) жастардың жаппай волонтерлік акцияларын қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) волонтерлік ұйымдардың цифрлық жүйесінде волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы ақпаратты орналастыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктер жатады.
Тарау 3. 3-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
3-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Бап 12. 12-бап. Волонтер
12-бап. Волонтер
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызметті он сегіз жасқа толған жеке тұлғалар жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Он сегіз жасқа толмаған жеке тұлғалар волонтерлік қызметті олардың денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырады. Он төрт жасқа толмаған жеке тұлғалар волонтерлік қызметке ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен немесе олармен бірге ілесіп жүруімен қатысады.
Тармақ 2-1
2-1. Он сегіз жасқа толмаған волонтерлерді:
Тармақша 1
1) дүлей зілзалалардың, экологиялық, техногендік және басқа да апаттардың, әлеуметтік жанжалдардың, жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен адамдарға; құқық бұзушылық құрбандарына, босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге қатысуға; сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдемдесуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақтарының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда, сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап жүрген немесе ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге;
Тармақша 3
3) ауыр жұмыстарға, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстарға тартуға болмайды.
Тармақ 3
3. Волонтердің:
Тармақша 1
1) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асыруға өзінің қатысуын еркін таңдауға;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызметті тоқтату. Волонтермен азаматтық-құқықтық шарт жасалған жағдайда, волонтерлік қызметті тоқтату осы шартқа сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) волонтерлік қызметтің мақсаттары, міндеттері және мазмұны туралы, волонтерлік қызметті ұйымдастырушы туралы, волонтерлік ұйым, оның басшылығы, қызметінің қағидаттары туралы және ұйымдық құрылысы туралы анық ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және волонтерлік акциялар мен волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын, бастама жасалатын немесе ұсынылатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
Тармақша 5
5) волонтермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайда, арнаулы киім алуға және жол жүруге, тұруға, тамақтануға, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарды және ауыр жұмыстармен, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарды өтетуге;
Тармақша 6
6) волонтерлік қызметті ұйымдастырушыдан және волонтерлік ұйымнан ұсыным хаттарды алуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген жағдайда, цифрлық ресурстарға өзі жүзеге асырған волонтерлік қызмет туралы, оның жүзеге асырылу орны мен сағат саны, көтермелеулер, өзі алған қосымша дайындық, қолдау және көтермелеу шараларын алу құқығы туралы мәліметтерді, өзге де мәліметтерді енгізуге;
Тармақша 8
8) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт ұйымдарына және табиғат қорғау мен орман мекемелерінің аумағына осы ұйымдардың басшылығымен келісу бойынша кіруге;
Тармақша 9
9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысуға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ балдары тең болған жағдайда жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісі болған кезде артықшылық алуға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық қызметке кірген кезде волонтерлік қызметінің есепке алынуына құқығы бар. Сондай-ақ азаматтық қызметке кірген кезде кандидаттың жеке қабілеттері мен кәсіби даярлығы ескеріледі;
Тармақша 12
12) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге қатысуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Волонтер:
Тармақша 1
1) волонтерлерді үйлестірушіден алған тапсырмаларды адал орындауға, ал аяқталған соң олардың орындалғаны туралы волонтерлерді үйлестірушіні хабардар етуге;
Тармақша 2
2) азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға, волонтерлік қызметті ұйымдастырушының өз құзыретіне сәйкес берген өкімдерін орындауға;
Тармақша 3
3) волонтерлік қызметті қауіпсіз орындау қағидаттарын сақтауға, өзінің қызметімен үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге;
Тармақша 4
4) волонтерлік қызмет процесінде волонтер қол жеткізетін ақпараттың құпиялығын сақтауға;
Тармақша 5
5) волонтерлік қызметті жүзеге асыру бойынша өз міндеттерін орындауды волонтерлерді үйлестірушінің келісімінсіз өзге адамдарға бермеуге;
Тармақша 6
6) волонтерлік қызметті жүзеге асыру процесінде өзіне берілген материалдық ресурстар мен жабдыққа ұқыпты қарауға және жұмыс аяқталғаннан кейін оларды қайтаруға;
Тармақша 7
7) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының өкілеттіктерінің іске асырылуына кедергі келтірмеуге міндетті.
Тармақ 5
5. Волонтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алады.
Бап 13. 13-бап. Волонтерлерді үйлестіруші
13-бап. Волонтерлерді үйлестіруші
Тармақ 1
1. Волонтерлерді үйлестірушіні волонтерлік қызметті ұйымдастырушы немесе волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің арасынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Волонтерлерді үйлестіруші волонтерлерге нұсқау береді, олардың арасында жұмысты бөледі, әр волонтердің жұмыс орны мен көлемін айқындайды, оның жұмысты орындауын бақылайды.
Тармақ 3
3. Волонтерлерді үйлестіруші мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, волонтерлік қызметтің өзге де ұйымдастырушыларымен және өзге де волонтерлік ұйымдармен, сондай-ақ волонтерлер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 4
4. Волонтерлерді үйлестіруші жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге волонтерлерді оқытуды қамтамасыз етеді.
Бап 14. 14-бап. Волонтерлік ұйым
14-бап. Волонтерлік ұйым
Тармақ 1
1. Волонтерлік ұйым волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) әзірлейді және іске асырады және волонтерлік қызметті ұйымдастырушымен, басқа да волонтерлік ұйымдармен бірлесіп немесе волонтерлерді өзі дербес тарта отырып, волонтерлік акциялар өткізеді.
Тармақ 2
2. Волонтерлік бағдарламаның (жобаның) мақсаты волонтерлерді пайдалана отырып іске асырылатын әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін бекіту болып табылады.
Тармақ 3
3. Волонтерлік бағдарламаның (жобаның) негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) волонтерлік қызметті дамыту;
Тармақша 2
2) азаматтардың және волонтерлік ұйымдардың волонтерлік белсенділігін ынталандыру жүйесін дамыту;
Тармақша 3
3) волонтерлерді және волонтерлерді үйлестірушілерді даярлау жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) волонтерлік еңбекті пайдаланатын әртүрлі волонтерлік ұйымдар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар арасында әріптестік өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.
Тармақ 4
4. Волонтерлік ұйым қызметін осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асыратын волонтерлерді үйлестірушіні тағайындайды.
Тармақ 5
5. Волонтерлік ұйымның волонтерлерді арнайы семинарлар, тыңдаулар, жұмыс кездесулерін, волонтерлердің слеттерін өткізуге оқыту үшін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды тартуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Волонтерлік ұйым өзі белгілеген тәртіппен волонтерлерді көтермелеуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу және (немесе) наградтау үшін анағұрлым ерекшеленген волонтерлердің кандидатураларын волонтерлік қызметті ұйымдастырушыға, сондай-ақ волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар болып табылмайтын мемлекеттік органдарға ұсынады.
Тармақ 7
7. Волонтермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайларда, волонтерлік ұйым волонтерге арнаулы киім береді және оның нақты тұратын жерінен жол жүруіне, тұруына, тамақтануына, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарын және ауыр жұмыстармен, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы жұмыстармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарын өтейді.
Тармақ 8
8. Волонтерлік ұйым Волонтердің әдеп кодексін әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 9
9. Волонтерлік ұйым өз ұйымында волонтерлердің есебін жүргізуге құқылы.
Бап 15. 15-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы
15-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруды және волонтерлік акцияларды өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) волонтерлік қызметті қолдау мен ынталандырудың мемлекеттік бағдарламаларын, егер бұл осы бағдарламаларда көзделсе, іске асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге жоспарланатын және жүзеге асырылатын волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар, оларға қатысушылардың саны, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы ақпаратты, соның ішінде өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы береді;
Тармақша 4
4) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін волонтерге жағдай жасайды;
Тармақша 5
5) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге ұсыным хат береді.
Бап 16. 16-бап. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі
16-бап. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызметті ұйымдастыруды ретке келтіру мақсатында Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі жүргізіледі.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Волонтерлік қызмет туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.
Бап 17. 17-бап. Волонтерлік қызметті қолдау және қаржылық қамтамасыз ету
17-бап. Волонтерлік қызметті қолдау және қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Волонтерлік қызметті қолдау шаралары қайырымдылық көмек түрінде мынадай нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мүліктік қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қолдау нысандары.
Тармақ 2
2. Волонтерлік қызметті қаржылық қамтамасыз ету жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншікті немесе тартылған қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Мемлекет волонтерлерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда мемлекеттік наградалармен наградтау арқылы волонтерлік қызметті ынталандырады.
Тармақ 4
4. Мемлекет волонтерлік ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 18. 18-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
18-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Бап 19. 19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.