Об утверждении Правил финансирования государственного заказа по технологически сложным объектам, строящимся в городе Астане Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделi объектiлер бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесiн бекіту туралы
Астана қаласында құрылыс салу жөніндегі ерекше күрделі жоғары технологиялық объектілердің уақытылы орындалуын және пайдалануға енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделі объектілер бойынша мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделi объектiлер бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
N 745 қаулысымен
бекiтiлген
Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделi объектiлер бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже республикалық бюджеттен алынатын ресми трансферттердi қоса алғанда, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, Астана қаласында технологиялық күрделi объектiлердi салуға (бұдан әрi - күрделi объектiлердi салуға арналған мемлекеттiк тапсырыс) арналған импорттық өндiрiс материалдары және (немесе) жабдықтары үшiн алдын ала төлеудiң негiзгi шарттары мен ерекше тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Астана қаласының Қаржы департаментi (бұдан әрi - Қаржы департаментi) Астана қаласының Қазынашылық басқармасына (бұдан әрi - Қазынашылық басқармасы) Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия бекiтетiн импорттық өндiрiс материалдары мен жабдықтарын қолдана отырып, Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделi объектiлердiң тiзбесiн ұсынады.
Тармақ 3
3. Күрделi объектiлердi салуға арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастыру және iске асыру "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 қарашадағы N 1675 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру ережесiне (бұдан әрi - Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесi) сәйкес, оның iшiнде тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама бойынша жылдық сметалық тағайындаулардың 30 пайызы шегiнде жұмыстарды авансылау бөлiгiнде де жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесiнде көрсетiлген шарттардан басқа, күрделi объектiлердi салуға мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шарт мыналарды:
Тармақша 1
1) импорттық өндiрiс материалдары және (немесе) жабдықтары қолданылатын жұмыстардың түрiн;
Тармақша 2
2) алдын ала төлеу сомасына банктiк кепiлдiк түрiнде импорттық өндiрiс материалдары және (немесе) жабдықтары үшiн банк кепiлдiгімен мiндеттi түрде беру туралы тармақтың болуын;
Тармақша 3
3) импорттық өндiрiс материалдары және (немесе) жабдықтары үшiн алдын ала төлеу шарттарын;
Тармақша 4
4) Қазынашылық басқармасына белгiленген мерзiмдерде импорттық өндiрiс материалдары және (немесе) жабдықтары алынғанын растайтын құжаттарды (қабылдау комиссиясының актiсiн, жүкқұжаттарды, Орындаушы мен шетелдiк берушiлер арасындағы импорттық өндiрiс материалдарын және (немесе) жабдықтарын беру шарттарын (бұдан әрi - Орындаушы мен берушiлер арасындағы беру шартын) ұсыну қағидасын қамтуы тиiс.
Тармақ 5
5. Қазынашылық басқармасы күрделi объектiлердi салуға арналған шарттарды (келiсiм-шарттарды) тiркеу кезiнде негiзгi шарттардың, сондай-ақ осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген шарттардың болуын тексередi.
Тармақ 6
6. Күрделi объектiлердi салу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған шартта (келiсiм-шартта) көрсетiлген, ұсынылатын құжаттардың шынайылығы үшiн Тапсырыс берушi мен Орындаушы жауап бередi.
Тармақ 7
7. Қаржы департаментiнiң жауапты орындаушысы импорттық өндiрiсi материалдары және (немесе) жабдықтары үшiн алдын ала төлеу бойынша жеке есеп жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Қазынашылық басқармасына Тапсырыс берушiнiң бюджеттiк шотынан күрделi объектiлердi салуға арналған мемлекеттiк тапсырысты Орындаушының есеп айырысу шотына алдын ала төлеудi аудару үшiн банктiк кепiлдiктiң, Орындаушы мен берушiлер арасындағы беру шарттарының, сондай-ақ шот-фактураның болуы қосымша негiз болып табылады.
Бұл ретте алдын ала төлеу мөлшерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама бойынша жергiлiктi бюджетте көзделген жылдық соманың шегiнде Орындаушы мен берушiлер арасындағы беру шарттарына сәйкес анықталады.
Тармақ 9
9. Қазынашылық басқармаларына банктiк кепiлдiктi, Орындаушы мен шетелдiк берушiлер арасындағы беру шарттарын және шот-фактураны Тапсырыс берушi ұсынады.
Тармақ 10
10. Орындаушы мен берушiлер арасындағы беру шартында көрсетiлген, импорттық өндiрiс материалдарының және (немесе) жабдықтарының түсу мерзiмi басталғанға дейiн орындалған жұмыстардың актiлерiне ақы төлеу кезiнде берiлген алдын ала төлеу сомасын ұстау жүргiзiлмейдi.
Тармақ 11
11. Орындаушы мен берушiлер арасындағы беру шартында көрсетiлген импорттық өндiрiс материалдарын және (немесе) жабдықтарын беру мерзiмi басталған кезде төлеу үшiн ұсынылатын орындалған жұмыстардың актiлерiнде Мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру ережесiнде көзделген шарттармен қатар, оларды сатып алу үшiн Орындаушыға бұрын бөлiнген алдын ала төлеу сомасы көрсетiледi.
Бұл ретте, орындалған жұмыстардың актiсiне импорттық өндiрiсi материалдары және (немесе) жабдықтары алынғанын растайтын құжаттар (қабылдау комиссиясының актiсi, жүкқұжаттар) қоса берiледi.
Тармақ 12
12. Егер он банктiк күн iшiнде осы құжаттар тапсырылмаса, Қазынашылық басқармасы банктiк кепiлдiк бойынша банк мiндеттемелердi орындағанға дейiн төлемдер жүргiзудi тоқтатады. Банктiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындаудан алынған ақша Астана қаласының жергiлiктi бюджетiне түседi.
Тармақ 13
13. Тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама бойынша мемлекеттiк тапсырыс туралы ереже жұмыстардың, материалдардың, жабдықтардың түрлерiн қамтуы тиiс.