О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов «30» қараша 2016 жыл «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесiнің басшысы Ж. Тубеков «30» қараша 2016 жыл
Басқа 4. Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары
Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 шешіміне қосымша Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша) 2 3 +40 01-006-007,01-006-008 Еркіншілік (Еркіншілік ауылдық округі) +50 01-006-017 Тайбай (Тайбай ауылдық округі) +40 01-006-005 Торғай (Торғай ауылдық округі) +40 01-006-001 Новомарковка (Новомарковка ауылы) +20 01-006-002 Ақмырза (Ақмырза ауылдық округі) +30 01-006-018 Малтабар (Тайбай ауылдық округі) +30 01-006-020 Өлеңті (Өлеңті ауылдық округі) +20 01-006-013 Олжабай батыр (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі) +10 01-006-011 Ақсуат (Ақсуат ауылы) +10 01-006-060 Бозтал (Бозтал ауылы) +10 01-006-058 Елтай (Тайбай ауылдық округі) +10 01-006-048 Қарағайлы (Торғай ауылдық округі) 0 01-006-006 Балықты (Торғай ауылдық округі) 0 01-006-047 Төмеңгі Торғай (Торғай ауылдық округі) +20 01-006-065 Бестоғай (Бестоғай ауылдық округі) +10 01-006-051 Еңбек (Еркіншілік ауылдық округі) -10 01-006-021 Қойтас (Қойтас ауылдық округі) 0 01-006-059 Жарық (Тайбай ауылдық округі) +10 01-006-062 Қоржынкөл станциясы (Өлеңті ауылдық округі) -10 01-006-064 Ажы (Қойтас ауылдық округі) -20 01-006-015 Күншалған (Күншалған ауылдық округі) +20 01-006-025 Сілеті (Сілеті ауылы) +20 01-006-020 Өлеңті станциясы (Өлеңті ауылдық округі) 0 01-006-067 Байсары (Бестоғай ауылдық округі) -20 01-006-066 Қызылту (Бестоғай ауылдық округі) 0 01-006-070 Жаңажол (Торғай ауылдық округі) -30 01-006-003 Жолбасшы (Ақмырза ауылдық округі) -30 01-006-056 Ынтымақ (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі) -40 01-006-057 Қаратал (Күншалған ауылдық округі) -40 01-006-055 Шәкей (Күншалған ауылдық округі) -40 01-006-014 Алғабас (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі)