О некоторых вопросах кредитования бюджета Актюбинской области на подготовку к осенне-зимнему периоду города Актюбинска Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласын күзгі-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының әкiмi:
Тармақша 1
1) 2001 жылға арналған облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлінетiн несие бойынша түсiмдi көздейтiн облыстық мәслихаттың шешiмiн, сондай-ақ көрсетiлген қаражатты пайдалану жөнiндегi жергілiктi бюджеттiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
Тармақша 2
2) 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезінде осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған несиенi өтеуге қаражат көздесiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 2-тармағының 1-тармақшасын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақтөбе облысының бюджетiне Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға, осы қаулымен бекiтiлген ережелермен айқындалған шарттарда, 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан 100000000 (жүз миллион) теңге сомасында несие бөлсiн.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысының әкiмi осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған несиенi республикалық бюджетке 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Басқа 9. Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1762 қаулысымен бекiтiлген Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру ережесi
Тармақ 1
1. Осы ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қарашадағы Заңында көзделген 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" әкiмшiсiнiң 87 "Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 100000000 (жүз миллион) теңге сомасында несие (бұдан әрi - Несие) беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. 100000000 (жүз миллион) теңге сомасындағы несие Ақтөбе облысының бюджетiне Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы дайындау үшiн 2003 жылғы 1 наурызға дейiн қайтару мерзiмiмен бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысының әкiмияты бөлiнген Несиенiң мақсатты пайдаланылуын және оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақтөбе облысының әкiмиятымен тиiстi Несие келiсiмiн жасасады.
Тармақ 5
5. 87 "Ақтөбе қаласын күзгi-қысқы кезеңге дайындауға Ақтөбе облысының бюджетiн несиелендiру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша қаражаттың есебiнен Ақтөбе облысының бюджетiне несие бөлудi 601601 "Республикалық бюджеттен несиелер" кодына Ақтөбе облысының облыстық бюджетiнiң кiрiс шотына көрсетiлген қаражатты аудару жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ақтөбе облысының әкiмияты 2003 жылға арналған облыстық бюджеттi қалыптастырған кезде республикалық бюджетке Несиенi 2003 жылғы 1 наурызға дейiн өтеудi көздейдi.
Тармақ 7
7. Несие белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшiн Ақтөбе облысының облыстық бюджетiнiң ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiппен тоқтата тұрады.
Тармақ 8
8. Несиенің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Несиенің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен санкциялар қолданылады.
Тармақ 10
10. Несиені республикалық бюджетке қайтаруды осы ереженің 2-тармағында белгіленген мерзімде Ақтөбе облысының әкімияты жүргізеді.