Об определении категорий рынков города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласындағы базарлардың дәрежелерiн анықтау туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 16.02.2005 N 1/70 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкiмшiлiгi қаулы етті:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес Алматы қаласындағы базарлардың дәрежесi анықталсын.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық өнеркәсiп және сауда департаментiне (М.А.Мұхамбетов) бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мiндетi жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық өнеркәсiп және сауда департаментi (М.А.Мұхамбетов) бiр жолғы талондарды құны бойынша базар әкiмшiлiктерi арқылы алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.
Басқа 5
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
N 3/368 қаулысына № 1 қосымша
Алматы қаласындағы базарлардың дәрежелерi
Тармақ 1
1. I дәрежедегi базарлар:
151 сауда орындарынан жоғары және барлық сауда орындарының тығыздығына қарамастан контейнерлермен, автомашиналар мен гүлдер саудаланатын барлық базарлар.
Тармақ 2
2. II дәрежедегi базарлар:
51 ден 150 сауда орындары.
Тармақ 3
3. III дәрежедегi базарлар:
50 сауда орындарына дейiн.