Об утверждении Правил оказания услуг банку, филиалу банка-нерезидента Республики Казахстан по привлечению клиентов, осуществлению проверки на соответствие требованиям банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, передаче документов клиентов банку, филиалу банка-нерезидента Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 288 қаулысымен бекітілген Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына (бұдан әрі – банк) клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде банк пен банкке қызмет көрсететін тұлғаның арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызмет көрсететін тұлға қызметінің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банк қызметтері – банктердің Банктер туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 1), 2), 8), 15) және 16) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруы;
Тармақша 2
2) банк қызметін көрсету туралы шарт – банк пен клиенттің арасында жасалатын шарт, оған сәйкес, егер банк қызметін көрсету туралы шартта өзгеше көзделмесе, банк клиенттің тапсырмасы бойынша банк қызметтерін көрсетуге міндеттенеді, ал клиент осы қызметтердің ақысын төлеуге міндеттенеді;
Тармақша 3
3) клиент – банк қызметтерінің тұтынушысы болып табылатын не банк қызметтерін пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) мүдделер қақтығысы – уәкілетті тұлғаның мүдделілігі клиенттің банктің банк қызметін алуына қатысты шешіміне ықпал ететін ахуал;
Тармақша 5
5) өтініш – шартта (келісімде) көзделген банк қызметін алуға арналған клиенттің банкке жазбаша өтініші, оның нысаны банктің ішкі құжаттарында белгіленеді;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) уәкілетті тұлға – жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 8
8) шарт (келісім) – банк пен уәкілетті тұлғаның арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт (келісім), оған сәйкес уәкілетті тұлға клиенттерді тарту, клиент құжаттарының банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру және клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2-тарау. Уәкілетті тұлға қызметінің жалпы талаптары
2-тарау. Уәкілетті тұлға қызметінің жалпы талаптары
Тармақ 3
3. Уәкілетті тұлға банк жасауды үшінші тұлғаларға сеніп тапсыру құқығынсыз өкілеттік берген іс-қимылдар жасайды.
Тармақ 4
4. Уәкілетті тұлға банкке қызметтерді шарт (келісім) негізінде көрсетеді.
Тармақ 5
5. Шартта (келісімде) мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) шарттың (келісімнің) жасалған күні, нөмірі, орны;
Тармақша 2
2) банктің атауы;
Тармақша 3
3) уәкілетті тұлғаның атауы;
Тармақша 4
4) шарттың (келісімнің) мәні;
Тармақша 5
5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 6
6) уәкілетті тұлғаның клиенттерді тарту, клиент құжаттарының банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру және клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көсету тәртібі;
Тармақша 7
7) банктің уәкілетті тұлғаға банк қызметтерін көрсеткені үшін мөлшерлемелер мен тарифтер туралы, сондай-ақ олардың өзгеруі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;
Тармақша 8
8) банктің клиенттің банк қызметтерімен танысуы үшін қажетті құжаттарды және ақпаратты ұсыну тәртібі;
Тармақша 9
9) клиенттің өтініштерін және құжаттарын есепке алуды жүргізу тәртібі;
Тармақша 10
10) клиенттер өтініштерінің және құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 11
11) уәкілетті тұлғаның мүдделер қақтығысын болдырмауы бойынша тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі;
Тармақша 12
12) уәкілетті тұлғаның клиенттің дербес деректеріне жататын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 13
13) тараптардың жауапкершілігі (оның ішінде уәкілетті тұлғаның заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің жауапкершілігі);
Тармақша 14
14) уәкілетті тұлғаның комиссиялық сыйақысының мөлшері (ол төленген жағдайда);
Тармақша 15
15) шарттың (келісімнің) қолданылу мерзімі;
Тармақша 16
16) шартқа (келісімге) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі;
Тармақша 17
17) шартты (келісімді) бұзу тәртібі;
Тармақша 18
18) тараптардың келісуі бойынша шарттың (келісімнің) өзге де талаптары
Тармақша 19
19) тараптардың деректемелері.
Тармақ 6
6. Шарттың (келісімнің) қолданыста болу мерзімі ішінде уәкілетті тұлға белгілі бір банктің мүдделер қақтығысына апаратын өнімдеріне қатысты ұсынымдар бермейді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті тұлға өзімен шарт (келісім) жасасқан банктерге банктердің банк қызметтері туралы жаңартылған ақпаратқа оны клиенттердің көріп, танысуы үшін қолжетімді жерде орналастыру арқылы тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Уәкілетті тұлғаның банкке клиенттердің тарту бойынша қызмет көрсету тәртібі
3-тарау. Уәкілетті тұлғаның банкке клиенттердің тарту бойынша қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Уәкілетті тұлға банкке клиенттерді тарту бойынша қызметтерді мыналар болған кезде көрсетеді:
Тармақша 1
1) клиенттің уәкілетті тұлға арқылы банк қызметтерін алуға, оның ішінде уәкілетті органның банк қызметін көрсету туралы шартты және клиенттің құжаттарын алуға және клиентке және (немесе) банкке беруге өкілеттіктерін растайтын жазбаша келісімі;
Тармақша 2
2) клиенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімі (жеке тұлғалар үшін) болғанда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті тұлға клиенттерді тарту шеңберінде:
Тармақша 1
1) клиентке шарт (келісім) жасасқан банктер туралы ақпарат береді, оның ішінде ақпаратты интернет-ресурсында немесе уәкілетті тұлғаның үй-жайларында орналастыру арқылы;
Тармақша 2
2) клиентке клиент сұратып отырған банк қызметі немесе банк қызметін көрсету туралы шарт бойынша ақпаратты және барлық қажетті құжатты береді;
Тармақша 3
3) өтінішті толтыруды және оны электрондық түрде клиенттің қажетті құжаттарын қоса бере отырып, банкке жіберуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) сұратылатын банк қызметін көрсетуге банктің оң шешімін алған кезде, клиенттің банктің қажетті құжаттарын тиісінше толтыруын және оған қол қоюын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) клиенттің бірінші талап етуі бойынша оған танысу үшін банктің Банктер туралы заңның 31-бабында көзделген және банктің директорлар кеңесі бекітетін банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларын береді;
Тармақша 6
6) клиенттен алынған құжаттарды, оның ішінде Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды шартта (келісімде) көзделген тәртіппен және мерзімде банкке уақтылы беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) шарт (келісім) бойынша қызмет көрсету шеңберінде ол алған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) шартта (келісімде) көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Клиент оған банк қызметтерін көрсету туралы өтініш жасаған кезде уәкілетті тұлға:
Тармақша 1
1) банк пен клиент арасында банк қызметін көрсету туралы шарт жасалғанға дейін клиентке мыналарды: мөлшерлемелер және банк қызметін көрсету үшін тарифтер, өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты; банк қызметін көрсету талаптары туралы ақпаратты және банк қызметін көрсету туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттардың ішкі қағидаларға сәйкес банк белгілейтін тізбесін; банк қызметін көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты; клиентте туындаған мәселелер бойынша консультацияларды; клиенттің қалауы бойынша – банк қызметін көрсету туралы тиісті шарттың үлгі нысанының көшірмесін береді;
Тармақша 2
2) банк қызметін көрсету туралы шартқа банк және клиент қол қойғанға дейін оның талаптарымен танысу үшін клиентке қажетті уақыт береді;
Тармақша 3
3) клиентті көрсетілетін банк қызметі бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде оның банкке, банк омбудсманына (ипотекалық қарыздар бойынша), уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы хабардар етеді. Бұл мақсатта клиентке банктің, банк омбудсманының және уәкілетті органның орналасқан жері, пошталық, электрондық мекенжайлары және интернет-ресурстары туралы ақпарат беріледі. Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген ақпарат клиентке уәкілетті тұлға шарт (келісім) жасасқан әрбір банк бойынша беріледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті тұлға банк пен клиент арасында банк қарызы шарты жасалғанға дейін, Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мен құжаттардан бөлек клиентке банк қарыздары бойынша ауызша нысанда мынадай ақпарат ұсынады:
Тармақша 1
1) банктік қарызды беру мерзімі;
Тармақша 2
2) банктік қарыздың шекті сомасы және валютасы;
Тармақша 3
3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: белгіленген немесе өзгермелі, егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болып табылған жағдайда есеп айырысу тәртібі;
Тармақша 4
4) сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайыздағы мөлшері және оның клиент өтініш жасаған күнгі дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген мөлшері (нақты құны);
Тармақша 5
5) банктің пайдасына банктік қарызды алуға және қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және өзге де шығыстардың тізбесі және мөлшері;
Тармақша 6
6) заңды тұлға болып табылатын клиентпен жасалған банктік қарыз шарты талаптарының Банктер туралы заңда көзделген ықтимал біржақты өзгертілуі жағдайлары;
Тармақша 7
7) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және тәуекелдері;
Тармақша 8
8) қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарапы болып табылатын кепіл берушінің, кепілгердің, кепілдеме берушінің және өзге де адамның жауапкершілігі. Осы тармақта көзделген ақпарат клиентке уәкілетті тұлға шарт (келісім) жасасқан әрбір банк бойынша беріледі. Банк қызметтерінің қалған түрлері бойынша Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделмеген қосымша ақпаратты ұсыну қажеттілігі шартта (келісімде) айқындалады.
Тармақ 12
12. Қосымша сұрақтар болған жағдайда, клиент түсініктеме алу үшін банкке өтініш жасайды.
Тарау 4. 4-тарау. Уәкілетті тұлғаның банк талаптарына сәйкес келуді тексеру тәртібі
4-тарау. Уәкілетті тұлғаның банк талаптарына сәйкес келуді тексеру тәртібі
Тармақ 13
13. Банк шартқа (келісімге) сәйкес уәкілетті тұлғаны клиент ұсынған құжаттардың банк талаптарына сәйкестігін тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және құжаттармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Шарт (келісім) жасасқан банк уәкілетті тұлғаға операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 15
15. Уәкілетті тұлға шартта (келісімде) белгіленген тәртіппен және мерзімде, клиент банктік қызмет көрсету туралы шарт жасасқанға дейін клиенттің құжаттарын тексереді. Тексеру үшін уәкілетті тұлға клиенттен банктің ішкі қағидаларына сәйкес банк қызметі бойынша құжаттар топтамасын сұратады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті тұлға клиентті (оның өкілін) сәйкестендіруді және жеке тұлға болып табылатын клиент, не заңды тұлға болып табылатын клиенттің өкілі ұсынатын оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде олардың ұсынылатын құжатқа сәйкестігін анықтау арқылы жүзеге асырады. Егер клиенттің атынан оның өкілі іс-әрекет жасаған жағдайда, уәкілетті тұлға клиент өкілінің тиісті өкілеттіктерінің болуын тексеруді жүргізеді.
Тармақ 17
17. Клиент уәкілетті тұлғаға тексеру үшін ұсыну күніне жарамды болған құжаттарды ұсынады. Қолдану мерзімі өткен құжаттар қарауға қабылданбайды және тиісті тексеру үшін пайдаланылмайды.
Тармақ 18
18. Егер тексеру нәтижесінде уәкілетті тұлға құжаттардың банктің ішкі қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуін анықтаса, уәкілетті тұлға клиентке бас тарту себептерін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Тарау 5. 5-тарау. Уәкілетті тұлғаның клиенттердің құжаттарын банкке беру тәртібі
5-тарау. Уәкілетті тұлғаның клиенттердің құжаттарын банкке беру тәртібі
Тармақ 19
19. Уәкілетті тұлғаның құжаттарды қабылдауы және беруі және олардың қабылданғанын және берілгенін растау мынадай талаптарды сақтай отырып, шартта (келісімде) көзделген мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті тұлға клиентке банкке құжаттардың берілгені туралы шартта (келісімде) көзделген мерзімде электрондық байланыс құралдары арқылы хабарлайды;
Тармақша 2
2) құжаттар топтамасы банкке пошта байланысы немесе қолма-қол табыс ету арқылы шартта (келісімде) белгіленген мерзімдерде жіберілуге тиіс.
Тармақ 20
20. Уәкілетті тұлға клиенттердің өтініштерін есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 21
21. Уәкілетті тұлға есепті айдан кейінгі айдың 15-нен (он бесінен) кешіктірмей банкке мынадай ақпарат жібереді:
Тармақша 1
1) құжаттары банкке өткізілген клиенттердің саны;
Тармақша 2
2) құжаттары уәкілетті тұлғаның қарауында жатқан клиенттердің саны.
Тармақ 22
22. Уәкілетті тұлға клиенттің өтініштерін банктің деректерімен салыстырып тексеруді мынадай мәліметтер қамтылатын салыстырып тексеру актісін жасау арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру актісін жасау күні және салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезең;
Тармақша 2
2) банкпен банк қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан клиенттердің саны бойынша, құжаттарын банк кері қайтарған клиенттердің саны бойынша және құжаттары банктің қарауында жатқан клиенттердің саны жөніндегі ақпарат бойынша уәкілетті тұлға есепті кезеңде банкке құжаттарын берген жеке және заңды тұлғалар клиенттерінің саны.
Тармақ 23
23. Уәкілетті тұлға салыстырып тексеру актісін 2 (екі) данада айына 1 (бір) рет жасайды және есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей банкке келісуге жібереді. Келісу нәтижесі бойынша тараптар салыстырып тексеру актісіне есепті айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей қол қояды.