О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «О земле» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңын іске асыру шаралары туралы Күші жойылды-Атырау облысы әкімиятының 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттiң "Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңын iске асыру шаралары туралы" хабарламасын тыңдап, облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттiң Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңын iске асыру шаралары туралы хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi шаруа қожалықтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға 2001-2002 жылдары жер телiмдерiне берiлетiн құжаттарды қайта тiркеуден өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi (А.А.Жмыхов):
Тармақша 1
1) шаруа қожалықтарына және мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы мекемелерiне жер телiмдерiн құқығын белгiлейтiн құжаттарды берсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 7. Облыстық жер реформасының жүру барысы туралы
Осы мәселенің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастауымен қаралып жатқанына байланысты, менің баяндамам негізінен облыс жер қорының 28 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдалануға бағытталған. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы 2717 «Жер туралы» Заң күші бар бұрынғы Жарлығы елдің және Атырау облысының аграрлық секторындағы жер қатынастарын түбірімен өзгертуге мүмкіндік береді. Міне осылай алғаш рет жердің кейбір категорияларына жеке меншік түсінігі кіргізілді. Бірлескен шаруашылықтар мен ұжымшарларды мемлекеттен бөлу және қайта орналастыру толықтай жүзеге асты. Аграрлық сектордың әрбір жұмысшысы жер үлесінің шартты құқығын алды (пай) және өзінің жер учаскесін өз бетімен пайдалана алатын дәрежеге жетті. Облыстық агроөнеркәсіптік кешенінде жүргізілген жер реформасының нәтижесінде 1253 агроқұрылым, соның ішінде 1172 шаруа (фермерлік) қожалығы және 81 басқа мемлекеттік емес шаруашылықтар ұйымдастырылды. Заңның қабылдануына осы жылдар ішінде жердің құны туралы түсінік пайда болды. Осының арқасында жер бюджеттің қоржынын толтыратын кіріс көзіне айналды. «Жер туралы» Заңы жер қатынастарында принципті түрде жаңа ережелердің түрін бекітеді. Егер бұрын жер қатынастарын реттеу тек қана атқарушы органдарға қатысты болса, енді жаңа Заңның 12 статьясының негізінде жергілікті өкілдік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына да осы құқықтар берілді. Ауыл шаруашылық өндірісі саласындағы барлық мемлекеттік емес жер пайдаланушылар үшін жер пайдаланудың бірдей құқықтық тәртібі бекітілді, басқаша айтқанда Заңның күшіне енуінен бастап олар жалға алу жағдайындағы ұзақ мерзімді уақытша жер пайдаланушылар болып табылады. Жеке меншікке тегін берілетін жерлердің көлемдері заңды түрде бекітілді, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген ұзақ мерзімді пайдаланудағы жер учаскелерінің жалға алу мерзімі 99 жылдан 49 жыла дейін қысқартылды, қысқа мерзімді жер пайдалану 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды, шартты жер үлесінің құқықтық тәртібі бекітілді, меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер пайдалану мәселесіндегі жауапкершілігін күшейтуге бағытталған талаптар енгізілді. 2001 жылғы 10 ақпанда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жер туралы Заңымен жерлердің құқықтық қатынастарындағы принципиальды жаңа ережелер енгізілді. Бұл ережелер облыстың жер қорын тиімді пайдалануға әсер етеді. Жаңа Заңның қабылдануының негізінде облыста оны жүзеге асыру үшін келесі шаралар өткізілді: 2001 жылдың 10 ақпанында күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жер туралы Жаңа Заңымен жер қорын тиімді пайдалануды жүзеге асыруға жол ашатын құқық қатынастарының нақты жаңа ережелері бекітілді 1. Жергілікті өкілетті органдар мен өзін-өзі басқару органдарының қазірде қолданып жүрген заң актілерінің ауқымында жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттерінің нормалары енгізілді. Бұл, жер заңдарының орындалуына өкілетті органдардың бақылауын күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар жерге құқықтық қатынастарды шешуде, яғни жерді аймақтарға бөлуде, аймақтардың шекаралары, жеке меншік пен пайдалануға берілген жер учаскесінің құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттерін бекітуде маңызды шешімдер қабылдауды міндеттеп отыр. Облыс әкімінің 15 маусымдағы 265 шешімі. 2. Тегін берілетін жер учаскелерінің мөлшері: ауылдық жерлерде қосалқы үй шаруашылығын үй маңындағы және егістік учаскелерді қоса алғанда жүргізу үшін суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар, бағбандық, сондайақ саяжай құрылысы үшін 0,12 гектар болып белгіленді. Шаруа фермер қожалығы үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болатын учаскелердің шекті көлемі шаруашылықтың әр мүшесіне он бес аудандық жер үлесі шамасында белгіленеді. Тауарлы ауыл шаруашылық өндірісі үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болатын жер учаскелерінің шекті мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленетін болады. Блайша айтқанда, аталмыш жердің жергілікті жағдайларының ішінде халықтың тығыздығы, аумақтың жермен қамтылуы, өндірістік бағыты ерекше назарға алынатын болады. 2. Ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес тауар өндірушілер үшін бірыңғай құқықтық талаптар енгізілді, нақтылай айтқанда Заң күшіне енгеннен бастап олар жалға алу жағдайындағы уақытша ұзақ мерзімге жер пайдаланушы болып табылады. Бұл жағдайда фирманың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар бұрын қолданылып жүрген заңның шеңберінде шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскелері жаңа Заңның күшіне енгенінен бастап жер учаскелерінің нормалары шегіндегі, ең ұзақ мерзімге жалға алу жағдайында алғашқы уақытша ұзақ мерзімді жер пайдаланушы болады. Тұрақты жер пайдаланушылардың құқықтарына нұқсан келтірмеу мақсатында жалдау ақысының ставкалары жер салығы ставкасынан аспайтын болып белгіленеді. 4. Уақытша жер пайдалану құқығы 99 жылдан 49 жылға дейін, ал қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы 3 жылдан 5 жылға ұзартылды. 5. Заңда жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығын қорғау күшейтілді, яғни реформаның алғашқы сатысында жіберілген олқылықтардың орны толтырылып, шындықты қалыптастыру мақсат етіп қойылуда. Шартқа жер үлесі иелерінің құқығын қорғау мақсатында, барлық шаруа фермерлік қожалықтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, шартты жер үлесі есебінен қалыптасқан жер пайдалану құқығын қайта рәсімдеу жағдайы қарастырылуда. Шаруа фермер қожалығын құру немесе ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты өзге қызмет жүргізу үшін жер үлестерін шаруашылықтардың жарғылық қорына жарна немесе үлес есебінде берген қатысушылар шаруашылық құрамынан шыққан жағдайда олардың жер учаскесін қоса алғанда үлесін немесе пайын нақты иеленуге құқығы бар. Жері бөлінуге жатпайтын ауыл шаруашылық ұйымдарынан шыққан, сондай-ақ бұрын шартты жер үлесі құқығы берілмеген және осы аумақта тұратын азаматтардың арнайы жер қорынан шаруа қожалығын немесе ауыл шаруашылық өндірісімен байланысты өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскесін бірінші кезекте алу құқығы бар. Бұндай қор облыс бойынша 125700 гектарды құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтарына өтеулі немесе өтеусіз негізде мүліктік пай түрінде берілген мал шаруашылығы қора-қопсыларға орналасқан және олардың қызметіне арналған жер учаскелері осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап, олардың меншігіне өтеусіз көшіріледі. 6. Жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне уәкілетті органға арыз беріп, сот арқылы алу тәртібі тәжірибеге енгізілді. 7. Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан тұлғалардың жерге байланысты құқықтары айқындалып отыр. Өзіндік қосалқы үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда меншік құқығы иеліктен алынуға немесе жалдау шарты арқылы уақытша пайдалану құқығымен қайта ресімделуі тиіс. Облыстық жер реформасының жүру барысы туралы Атырау облысындағы жер реформасының жүру барысы барлық дәрежедегі әкімдердің облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің (5 бірл.) облыстық жер комитетінің аудандағы және қаладағы өкілдерінің (7 бірл.) көмегімен реттеліп отырады. Облыс территориясында жер реформасын жүргізу жұмыстарын орындаушы жерге орналастыру шаруашылық есептегі негізгі мердігерлік ұйымдар болып ГосНПЦзем және жерге орналастыру және жер ресурстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Атырау еншілес мемлекеттік кәсіпорны және «Южгеодезияң қазыналық кәсіпорны болып табылады. 2001 жылғы 1 қаңтардағы мемлекеттік есеп мәліметі бойынша облыстық жер қоры 11863,1 мың гектар, соның ішінде: а) ауыл шаруашылығына арналған жерлер-2647,8 мың га б) елді мекен жерлері 1031,5 мың га в) өндіріс, көлік, байланыс және басқа жерлер-541,9 мың га г) орман қоры жері-51,4 мың га д) су қоры жері-18,0 мың га е) басалқы жерлер-6924,8 мың га ж) облыс территориясы-11863,1 мың га з) облыстан тысқары жерлерде қолданылатын жерлер-101,9 мың га к) басқа мемлекеттердің пайдалануындағы жерлер-749,6 га. Жер қорының жалпы көлемінде ауыл шаруашылығына арналған жерлер облыста пайдаланылатын барлық жердің 28 құрайды. Соңғы 5 жыл ішінде осы категориядағы жерлер 3681,3 мың га, негізінен пайдаланылмайтын жайылымдар және босалқы жерге аударылған сұраныста жоқ жерлер есебінен қысқарды. Қазіргі уақытта облыс азаматтары қосалқы шаруашылық, бағбандық және бау-бақша үшін жер учаскелерімен толықтай қамтылған. 1.07.2001 жылғы жағдай бойынша облыстық жалпы жер пайдаланушыларының (57120 дана) ішінде 56752 (99%) данасына жер пайдалану құқығы соның ішінде шаруа қожалығы-1178 дана, құқығын дәлелдейтін құжаттарды беру-1150 дана, (98%) мемлекеттік емес тұрақты агроқұрылымдарға 37-35-тен (95%), өндірістік іскерлікпен айналысатын шағын іскерлерге 80-76 (96%) рәсімделеді. Қазақстан Республикасы Президенті 2001 жылғы 24 қаңтарда Жарлыққа қол қойды және «Жер туралы жаңа Заң күшіне енеді». Осы Заң арқылы жердің жаңа принципті құқықтық қатынастар ережелері бекітілді. Бұл ереже облыстық жер қорын пайдалануды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Жер Заңын жүзеге асыру үшін облыстық комитет 2001-2003 жылдарға арнап бірқатар шаралар қарастырылды. №№ Жұмыс түрлерінің аты жылы 2001 2002 2003 1. Жер мониторингі (өндірістік мекемелер) 2002 2003 2. Жатқан жерлері инвентаризациялау 2001 3. Бұзылған жерлерді инвентаризациялау 2001 2003 4. Жер қыртысын геоботаникалық зерттеу 2002 2003 5. Жер кадастры 2002 6. Жерлерді занировкалау 2002 2003 7. Селолық елді мекендер территориясын картаға түсіру 2002 8. Жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау 2001 2002 2003 Қазақстан Республикасының «Жер туралы Заңын жүзеге асыру негізінен облжеркомның және оның аудандағы өкілдерінің бақылауында күн сайынғы бақылауда болады. Өкінішке орай Заңның кейбір ережелері актілерінің әлі жарыққа шықпауына, штаттың жетіспеушілігіне және республикалық бюджеттің жеткілікті түрде қаржы бөлмеуіне байланысты кейінге қалдырылуда.