Об утверждении Методики разработки целевых показателей качества воды в поверхностных водных объектах и мероприятий по их достижению Күшін жойған
Басқа 0
Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі56-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесі бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 12 желтоқсан
Басқа 0. Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 422
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 27 қарашадағы
№ 505
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері (бұдан әрі – нысаналы көрсеткіштер) өндіріс өсімімен сипатталатын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кезінде қоршаған ортаның антропогендік ластануын болдырмау мақсатында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғамдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
Тармақша 2
2) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi – қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;
Тармақша 3
3) су сапасының стандарттары – жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін сақталуға тиіс судың шекті гидрохимиялық, микробиологиялық, физикалық сипаттамаларының сандық көрсеткіштері.
Тармақ 4
4. Су сапасының стандарттарын сипаттайтын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14513 болып тіркелген) бекітілген Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – жіктеу) белгіленген су сапасының сыныбы нысаналы көрсеткіштер ретінде қабылданады. Нысаналы көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсіміне қол жеткізу мақсатында экономиканың перпективалы салаларын және тиісінше олармен байланысты суды пайдаланудың басым түрлерін дамыту үшін қол жеткізу қажет су сапасының деңгейін сипаттайды.
Тармақ 5
5. Нысаналы көрсеткіштер мен оған қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) әзірлейді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Нысаналы көрсеткіштер мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
2-тарау. Нысаналы көрсеткіштер мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
Тармақ 6
6. Нақты су объектісінің су шаруашылығы учаскесі бойынша нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10869 болып тіркелген) бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Нақты су объектісінің су шаруашылығы учаскесі бойынша нысаналы көрсеткіштер жіктеуге сәйкес су сапасының сыныбына сүйене отырып айқындалатын аталған су объектісінің су шаруашылығы учаскесі үшін су сапасының стандарттарын су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткеннен кейін әзірленеді.
Уәкілетті орган белгілеген су сапасының стандартын сипаттайтын су сапасының сыныбымен салыстырғанда судың сапасының жақсаруын көздейтін су сапасының сыныбы нысаналы көрсеткіш болып табылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ЖАО су ресурстарының ластануының және тиімсіз пайдаланылуының алдын алу бойынша шаралар кешенін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтитын іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Тармақ 8
8. Экологиялық ахуалға талдау жүргізген кезде су сапасы стандарттарын белгілеу барысында алынған қорытындылар қабылданады және су объектісін мынадай белгілі бір топтарға жатқызуды қамтитын өзен бассейнінің спецификасын, фондық және табиғи-климаттық ерекшеліктерін көрсететін су сапасының алдағы жылдардағы деректері ескеріледі:
антропогендік жүктеменің әсері оның негізгі гидрологиялық және морфологиялық сипаттамаларын өзгертуге әкелмеген табиғи су объектілеріне;
антропогендік жүктеменің әсері олардың негізгі гидрологиялық және морфологиялық сипаттамаларын өзгертуге әкелген табиғи су объектілеріне;
шаруашылық қызмет нәтижесінде құрылған су объектілеріне.
Қосымша келіп түсетін ағынды сулардың және басқа да ластаушы заттардың сипаттамаларына, сондай-ақ қарастырылып отырған су объектісі бойынша суды пайдалану құрылымына талдау жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша суды пайдаланудың негізгі түрлері айқындалады.
Тармақ 9
9. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша экономикалық мүмкіндіктерді зерттеу суды пайдаланудың басым бағыттарына сәйкес келетін су сапасының талап етілген сыныбына қол жеткізу үшін іс-шаралар кешенін іске асыруға байланысты шығындар негізінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Нысаналы көрсеткіштерді белгілеу өлшемшарттарын айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаға антропогендік әсер ету дәрежесі;
Тармақша 2
2) халықты ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету және су экожүйесінде теңдікті ұстау қажеттілігі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізу мақсатында экономиканың перспективалы салаларын және тиісінше олармен байланысты суды пайдаланудың басым түрлерін дамыту қажеттілігі ескеріледі.
Тармақ 11
11. Су объектісіндегі су сапасын айқындайтын көрсеткіштердің құрамы жіктеуде келтірілген көрсеткіштер тізбесіне сүйене отырып қалыптастырылады.
Тармақ 12
12. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу сыныптауышта көрсетілген су сапасы стандаттарының сандық мәндерін салыстыру арқылы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің үш жылдық кезеңдегі гидрологиялық мониторингінің деректері немесе аумақтық және (немесе) жекеше байқау желiлерiнiң пункттерiнде аккредиттелген талдамалық зертханалар және (немесе) автоматтық байқау пункттері жүзеге асыратын ластаушы заттардың құрамын талдау үшін сынамаларды іріктеу негізінде айқындалады.
Нысаналы көрсеткіш осы су сапасы сыныбына орналған сыныптауышта айқындалған барлық көрсеткіштер мәніне сәйкес болғанда ғана қол жеткізілген болып саналады.