Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 қарашадағы «Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-7-30 тіркелген, 2006 жылдың 09 желтоқсанында «Атамекен» газетінде жарияланған) № 785 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.