Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға мынадай:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде квота белгіленсін
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Назарбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кұнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.