Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по городу Талдыкорган Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Марлен Капашович Кольбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.