Вопросы Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 1999.11.28. N 271 Жарлығымен. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986 Жарлығын орындау мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ереже; (1 қосымша)
Тармақша 2
2) қызметкерлерiнiң 76 адамдық шектi саны негiзге алынып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымы. (2-қосымша) 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңесi функциялары мен уәкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне берiле отырып, таратылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн ұстаудың шығыстарын республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
Тармақша 3
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ
N 1 қосымша Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ Мұраты Стратегиялық жоспарлар әзiрлеу және мемлекеттiк органдардың оларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал ету.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттiк бағдарламалар жасау және iске асыру кезiнде жалпы ұлттық дамудың мемлекеттiк стратегиясын әзiрлеудi, мемлекеттiк органдардың қызметтерiн ведомствоаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президентi Агенттiк туралы ереженi, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша бекiтедi.
Тармақ 4
4. Агенттiк - банкте есепшоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi бар заңды тұлға.
Тарау 2. 2. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары
2. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары
Тармақ 5
5. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары:
Тармақша 1
1) стратегиялық жоспарлау мен бақылау жүйесiн қалыптастыру және жетiлдiру;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiрудiң пәрмендi тетiгiн жасау;
Тармақша 3
3) сыртқы көмектi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
Тармақша 4
4) бюджет саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру.
Тарау 3. 3. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
3. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 6
6. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) стратегиялық жоспарлар әзiрлеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi (5 және одан да көп жылдарға) болжамдарын әзiрлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру;
Тармақша 4
4) стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылау және орындалу мониторингiн жүргiзу;
Тармақша 5
5) әскери стратегиялық, сыртқы саяси дамудың және iшкi саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) бюджет реформасының негiзгi басымдықтарын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк басқаруды реформалаудың стратегиясын әзiрлеу;
Тармақша 8
8) сыртқы көмек стратегиялық жоспарларын әзiрлеу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша басым мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу.
Тарау 4. 4. Агенттiктiң функциялары
4. Агенттiктiң функциялары
Тармақ 7
7. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы экономикасының және әлем экономикасының жай-күйiн талдайды және дамуын болжайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлар әзiрлеу жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi;
Тармақша 3
3) сыртқы көмектi жоспарлауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк басқару мен мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметтерiне қатысуымен байланысты мәселелер жөнiнде саясат қалыптастыруына және шет елдермен экономикалық ынтымақтастық жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысады;
Тармақша 6
6) мемлекеттiң iшкi саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 7
7) стратегиялық жоспарлау мен бақылау саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қалауына енгiзедi;
Тармақша 8
8) халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады;
Тармақша 9
9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының әскери-стратегиялық және сыртқы саяси дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 11
11) экономиканың стратегиялық маңызды секторларында заңдармен белгiлеген тәртiппен ұлттық компаниялардың байқау кеңестерiнде мемлекет мүдделерiн бiлдiредi;
Тармақша 12
12) табиғи монополияға жататын салада немесе экономиканың стратегиялық секторларында жұмыс iстейтiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiне мониторингтi жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) оған Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi және тапсырмаларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Агенттiктiң құқықтары
5. Агенттiктiң құқықтары
Тармақ 8
8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда және мiндеттердi атқаруда:
Тармақша 1
1) Мемлекет Басшысы мен Республика Үкiметiне елдiң даму стратегиясын әзiрлеу, түзету және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 2
2) ел дамуының стратегиялық жоспарларының iске асырылуын бақылауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған, Елдiң даму стратегиясы мен стратегиялық жоспарларын iске асыруға кедергi келтiрiп отырған актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың орындауы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, Ұлттық Банкiнен, мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдар мен ұйымдардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Агенттiк белгiлеген мерзiмде қажеттi материалдарды сұратып алуға;
Тармақша 6
6) өз құзыретi шегiнде шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
Тармақша 7
7) мемлекеттiң тұрақты экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау үшiн жетекшi ғалымдар мен мамандарды, соның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қатыстыра отырып ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтарын және өзге ұйымдық нысандар құруға;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк органдар үшiн стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiнде есеп берудiң нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеуге;
Тармақша 9
9) қызметтерiн экономиканың стратегиялық секторларында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар өткiзетiн мәжiлiстер мен кеңестерге, соның iшiнде байқау кеңестерi мен басқармаларының мәжiлiстерiне өз құзыретi шегiнде заңдармен белгiленген тәртiппен қатысуға;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын оларға жүктелген стратегиялық жоспарлардың iс-шараларын орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Жоғарғы Тәртiптiк Кеңеске және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзуге хақылы.
Тарау 6. 6. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
6. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Агенттiктi Төраға (бұдан әрi - Төраға) басқарады, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Агенттiктiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi алдында дәйектi түрде есеп берiп отырады.
Тармақ 10
10. Агенттiк Төрағасының орынбасары - департамент директоры болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 📌 Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен.
Тармақ 11
11. Төраға:
Тармақша 1
1) Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, оның жүйесiне кiретiн органдар мен ұйымдардың қызметтерiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Агенттiктiң Департаменттерi Директорларының және басқа да жауапты қызметкерлерiнiң уәкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
Тармақша 3
3) Агенттiктiң Департаменттерi мен оның қарамағындағы ұйымдардың құрылымы мен олар туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 4
4) Агенттiк қызметкерлерiне лауазымдар тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 5
5) заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiктiң мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 6
6) өзiнiң құзыретiне жататын басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен.
Тармақ 12
12. Агенттiк белгiленген тәртiппен өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары атқаруға мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Агенттiктiң қабылдаған шешiмдерi Агенттiк Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
Тармақ 13
13. Агенттiк Төрағасының орынбасары - департамент директоры Төраға орнында болмаған кезде, оның орнын басады, оған Агенттiк Төрағасы жүктеген өзге мiндеттердi атқарады. 📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен.
Тармақ 14
14. Агенттiкте Директорлар кеңесi құрылады, оның құрамына лауазымы бойынша Агенттiк Төрағасы (Директорлар кеңесiнiң төрағасы), Төрағаның орынбасары - департаменттер директорлары, сондай-ақ Агенттiк Төрағасының шешiмi бойынша Агенттiктiң басқа жауапты қызметкерлерi кiредi. 📌 Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен.
Тармақ 15
15. Агенттiк Төрағасының мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктердiң, банктердiң, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын шақыра отырып, Консультативтiк кеңес және басқа да кеңесшi органдар құруға құқы бар.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
N 2 қосымша Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ 📌 Ескерту. 2-қосымша өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен. Басшылық Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi Экономикалық саясат және арнайы бағдарламалар департаментi Бюджеттiк бағдарламалар департаментi Ұйымдық-ақпараттық жұмыс басқармасы