Об определении региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін
бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 тармағының 2-1) тармақшасына, «Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшем шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 қаулысына сәйкес, мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау бойынша облыстық комиссия отырысының 2016 жылғы 26 қазандағы № 1 хаттамасы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторлар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін
бөлетін өңірлік операторлардың
тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «8» желтоқсандағы
№ 370 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін
бөлетін өңірлік операторлардың
тізбесі
Тармақ 1
1. «Штиф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 2
2. «Авантаж Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 3
3. «Жангиз-Төбе Мұнай өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 4
4. «Зыряновскнефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 5
5. «Бухтарма Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 6
6. «Sinooil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс Қазақстандық филиалы.
Тармақ 7
7. Жеке кәсіпкер «Ахметов Владислав Зейнетуллаевич».
Тармақ 8
8. «LNP GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.