Вопросы Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер оларды аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары - мемлекеттiк мекемелерiне және көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орталықтар - мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiмде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1, 5, 20, 25-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 21 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитеттің мынадай аумақтық көлiктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бар:
Көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары мен әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
Бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
Тармақ 3
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiнің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтарды шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттi, аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттердi орындауға кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 8
8. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тарау 2. 2. Комитеттiң мiндеттерi, құқықтары мен функциялары
2. Комитеттiң мiндеттерi, құқықтары мен функциялары
Тармақ 11
11. Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау болып табылады.
Тармақ 12
12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық сақтау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде жұқпалы, паразиттiк аурулар кезінде санитарлық-iндетке қарсы (алдын алу) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгiзедi;
Тармақша 5
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 6
6) гигиеналық оқуларды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
Тармақша 7
7) гигиеналық және эпидемиологиялық бейiндегi ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттар мен орталықтардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 8
8) халықты жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу егулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнің шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесімдерді шығаруға;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк басқару органдарынан, азаматтар мен ұйымдардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпарат сұрауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк шекараны карантиндiк, аса қауiптi және басқа да жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық сақтау жөнiндегi бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көзi болып табылатын адамдарды жұмыстан уақытша босатуды ұсынуға;
Тармақша 6
6) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын жекелеген объектiлерде шектеу iс-шараларын (карантин) белгiлеуге;
Тармақша 7
7) халыққа мiндеттi түрде вакцинация жасауды, үй-жайларда, аумақтарда және жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекцияны, дезинсекция мен дератизацияны жүргiзудi талап етуге;
Тармақша 8
8) санитарлық ережелердің бұзылуын жойғанға дейiн өнеркәсiптің, көлiктің, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк объектiлерiн, жекелеген жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, жабдықтарды, құрал-саймандарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарын, сауда және өзге де құрылыстарды, мектептердi, балалар мен емдеу-алдын алу мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен басқа да объектiлердi пайдалануға, қалалық және ауылдық елдi мекендердің құрылысы жөнiндегi жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзуге тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
Тармақша 9
9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiп бұйымдарын, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын иондандырушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрi-дәрмек құралдары мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды, кеңiнен тұтынатын басқа да тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
Тармақша 10
10) белгiленген тәртiппен тiркелмеген химиялық заттарды, иондандырушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
Тармақша 11
11) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тағам өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауылшаруашылық өсiмдiктер мен жануарларын өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға тыйым салуға;
Тармақша 12
12) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз су мен шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға;
Тармақша 14
14) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiзде сотқа шағымдануға;
Тармақша 15
15) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды реттеу жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды, алдын алу егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкi
3. Комитеттің мүлкi
Тармақ 14
14. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 15
15. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
Тармақ 16
16. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын бiр орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 20
20. Осы мақсаттарда Комитеттің төрағасы:
Тармақша 1
1) өзiнің орынбасары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкiлеттiлiктерi мен жауапкершiлiгiн анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен қызметтер номенклатурасына сәйкес Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртіптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттіліктердi жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 69. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 21 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Органдар
Тармақ 1
1. Аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
Тармақша 1
1) Алматы аймақтық темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен орталық темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Защитин бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Тармақша 2
2) Ақмола бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен Ақмола аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қарағанды бөлiмшелік темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Павлодар бөлiмшелік темiр жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жаңаарқа бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Тармақша 3
3) Ақтөбе бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен Батыс аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Орал бөлiмшелік темiр жол көлігiндегi санитарлық-эпидемиолог қадағалау басқармасы;
Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Тармақша 4
4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Тармақша 5. Мемлекеттік мекемелер
5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Мемлекеттік мекемелер
Тармақ 2
2. "Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 3
3. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
Тармақша 1
1) Алматы аймақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Защита бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Тармақша 2
2) Ақмола аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жаңа Арқа бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Тармақша 3
3) Батыс аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Тармақша 4
4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Тармақша 5
5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы.
Тармақ 4
4. "Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 5
5. "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 6
6. "Атырау обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 7
7. "Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. "Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 9
9. "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. "Орал обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 11
11. "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
Тармақ 11-1
11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
Тармақ 11-2. Мемлекеттік кәсіпорындар
11-2. "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік кәсіпорындар
Тармақ 12
12. "М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық
жұқпалардың ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
📌 Ескерту. 11-1, 11-2-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2002.03.28. N 366 қаулысымен.
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.09. N 1293 қаулысымен.
Басқа 95. Бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуға жататын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 21 қаулысымен
бекiтілген
Бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуға жататын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. Ақмола аймақтық көліктегі мемсанэпидқадағалау орталығы;
Тармақ 2
2. Батыс аймақтық көліктегі мемсанэпидқадағалау орталығы;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық станциясы;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының көліктегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы.