Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Сырымского районного маслихата и его описания» Күшін жойған
Басқа 0
«Сырым аудандық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары;
Тармақша 2
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№9-3 шешіміне 1-қосымша
«Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Сырым аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерін беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.
Тармақ 4
4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.
Тарау 2. 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
Тармақ 5
5. Қызметтік куәлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолы қойылып беріледі.
Тармақ 6
6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілеріне лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда 2 жыл мерзіміне беріледі.
Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі-есеп журналы) қол қояды.
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктер және есеп журналы аудандық мәслихат аппараты басшысының сейфінде сақталады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі жөнінде түсіндіру жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 6 - тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының басшысы қайтарып алады.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 10
10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу аудандық мәслихат аппаратының басшысына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесін қарайды.
Тармақ 13
13. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлік қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін, аудандық мәслихат аппаратымен беріледі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппараты басшысына тапсырады.
Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы қойылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
«Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларына
қосымша
нысан
«Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы
№
Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, Аты,Әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Алғаны жөніндегі жеке қолы
Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі
Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмері мен күні)
Ескертпе
Ескертпе: «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және аудандық мәслихат аппараты басшысының қолымен және аудандық мәслихат аппаратының мөрімен расталады.
Басқа 24
Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 шешіміне 2-қосымша
«Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Тармақ 1
1. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.
Тармақ 2
2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен «СЫРЫМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ» мемлекеттік мекемесі деген жазу жазылған.
Тармақ 3
3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғары бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, СЫРЫМ АУДАНЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО–КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ, СЫРЫМСКИЙ РАЙОН» деген жазулар, одан төмен, мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.
Тармақ 4
4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.
Тармақ 5
5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.