Вопросы лицензирования деятельности в области архитектуры, градостроительства и строительства Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 555 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесi;
Тармақша 2
2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген сөздер "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 777 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары екi айлық мерзiмде өздерiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже өнеркәсiптiк жарылыс әрi өрт қауiпi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистралды мұнай-газ құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергiш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерiн, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру жөнiндегi құрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетудi қоса алғанда, жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялауды регламенттейдi. Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже ішкi рынок мүдделерiн қорғау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішiнде қосалқы мердiгерлiкке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсiпкерлердiң тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы болуы тиiс.
Тармақ 4
4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтiң бiр немесе бірнеше түрiне лицензия алуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негiздемесiнде жөндеу-құрылыс жұмыстарының, үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тарау 2. 2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау
2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау
Тармақ 6
6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруы үшiн оларға құрылыстың нақты объектiсiне (кешенiне) бiржолғы лицензия берiледi. Көрсетiлген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектiлерi алатын сондай жағдайларда және сондай тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекiткен, халықаралық шарттармен бекiтiлген тәртiппен жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары
3. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары
Тармақ 8
8. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi және олардың лицензиялық ереженi сақтауы сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалады.
Тармақ 9
9. Лицензиялық алым мөлшерi мен өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) оны төлеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
Тармақ 10
10. Техникалық аудит пен сараптамалық бағалаудың жүргiзiлгенi үшiн төлем тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.
Тармақ 11
11. Мыналарды:
Тармақша 1
1) биiктiгi бiр қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серiктестiктерi учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды; маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды; қолданыстағы инженерлiк тораптарды өзгерту талап етiлмейтiн үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегi көркейту объектiлерiн; сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды); инженерлiк тораптарға қосу талап етiлмейтiн ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлiкке арналған гараждарды; шағын сәулеттiк нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ iшкi орамдық өтпелердi, қапталжолдарды және үйлердiң (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерiн орналастыруды; алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттiктердi; ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға арналған жаппаларды жобалау және салу үшiн;
Тармақша 2
2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетiн құрастырмалары мен инженерлiк қамтамасыз ету жүйелерiн өзгерту талап етiлмейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау); iшкi орамдық желiлiк инженерлiк тораптар мен орналасу ережесiн, тереңдiкке орналасу белгiсiн, құбыр диаметрiн өзгерту талап етiлмейтiн олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделi жөндеу; технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресiмдеу талап етiлмейтiн бiрлiгiн жөндеу және ауыстыру; өткiзгiш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөнiндегi жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн;
Тармақша 3
3) құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзiрлеу үшiн лицензиялар алу талап етiлмейдi.
Тармақ 12
12. Осы Ереженiң 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз басқа объектiлердi жобалауға және салуға (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргiзедi. Жұмыстардың осы түрiн лицензиялау кезiнде техникалық аудит жүргiзу талап етiлмейдi. Көрсетiлген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз объектiлерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер;
Тармақша 2
2) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тiгiн ательелерi;
Тармақша 3
3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық тамақтандыру объектiлерi;
Тармақша 4
4) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, радио аппаратурасын жөндеу жөнiндегi шеберханалар;
Тармақша 5
5) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту орындары;
Тармақша 6
6) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кiр жууға бұйымдар қабылдау пункттерi мен механикаландырылған кiр жуу орындары;
Тармақша 7
7) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлiк тағамдарының жартылай дайын өнiмдерiн дайындау жөнiндегi цехтар;
Тармақша 8
8) екi жуу желiсiнен аспайтын автомобиль жуу орындары;
Тармақша 9
9) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары;
Тармақша 10
10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәрiханалар;
Тармақша 11
11) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар;
Тармақша 12
12) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелерi;
Тармақша 13
13) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы жалға беру ательелерi;
Тармақша 14
14) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлерi;
Тармақша 15
15) ауысымына 50-ден аспайтын емделушi келетiн амбулаториялар (емханалар);
Тармақша 16
16) инженерлiк тораптарға қосу талап етiлетiн, бесеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар жеке көлiк гараждары;
Тармақша 17
17) автокөлiкке (бiр мезгiлде екi бiрлiктен аспайтын) техникалық қызмет көрсету пункттерi;
Тармақша 18
18) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет өнiмдерiн ұқсату жөнiндегi цехтар.
Тармақ 13
13. Осы Ереженiң 11 және 12-тармақтарының нормалары құрылыс салу кезiнде арнайы жобалық шешiмдер мен іс-шаралар талап етiлетiн, сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектiлерге қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау үшiн ұсынылатын қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
Тармақ 15
15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде қабылданады.
Тармақ 16
16. Лицензиардың терiс шешiм қабылдауы кезiнде өтiнiш берушiге жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) (жекелеген түрлерiнiң) сұратылған тiзбесi бойынша лицензия беруден дәлелдi бас тартуы жазбаша нысанда жолданады.
Тармақ 17
17. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртiппен олардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауын қамтиды:
Тармақша 1
1) құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күнi бойынша - жыл сайын;
Тармақша 2
2) жобалау-іздестiру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бiр реттен асырмай;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалардың - бес жылда бiр реттен асырмай растауын қамтиды. Лицензиар растауға арналған қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн, сондай-ақ лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалау рәсiмдерiн жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) әр түрi және лицензиаттардың санаттары үшiн белгiлейдi. Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы. 📌 Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N 1270 қаулысымен.
Тармақ 18
18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N 1270 қаулысымен.
Тарау 4. 4. Бiлiктілiк талаптары
4. Бiлiктілiк талаптары
Тармақ 19
19. Құрылысқа арналған іздестiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
Тармақша 1
1) жұмыс түрлерiне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлерiне қарай: тиiстi жабдықтар жиынтығына қоса тiркелген топырақ зерттеу зертханасымен; тiркелген химиялық зертханамен; іздестiру жұмыстарының тиiстi түрлерiн орындау үшiн бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетiктерiмен және құрылғылармен; бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажеттi паркiмен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшiн өндiрiстiк алаңдармен; жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
Тармақша 3
3) инженерлiк іздестiрулердi орындау және оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшiн белгiленген тәртiппен тексерiлген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың;
Тармақша 4
4) жұмыстарды орындаған кезде, қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды, приборларды, тетiктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы жүйелерiнiң болуын қамтиды.
Тармақ 20
20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
Тармақша 1
1) жұмыс түрлеріне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлерiне қарай: жобаның және оның бөлiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен; жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен; есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресiмдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
Тармақша 3
3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
Тармақ 21
21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
Тармақша 1
1) жұмыс түрлерiне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын; жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлерiне қарай: жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесiмен; мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен; есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және ресiмдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
Тармақша 3
3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
Тармақ 22
22. Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
Тармақша 1
1) жұмыс түрлерiне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлерiне қарай: материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтiнiш берiлген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажеттi қуаттармен; жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен; шығарылатын өнiм сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген зертханалармен; жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен; еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен; жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен; жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық, техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
Тармақша 3
3) өтiнiш берiлген өнiм түрлерiн шығару үшiн қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын қамтиды.
Тармақ 23
23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
Тармақша 1
1) жұмыс түрлерiне қарай: заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын; жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлерiне қарай: қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес келетiн жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен; жұмыстардың орындалатын түрлерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және нормативтiк-техникалық кесiмдерге сәйкес зертханалармен; жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен; еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен; жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен; жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
Тармақ 24
24. Лицензиар осы Ереженiң 19-23-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiстi заңды тұлғалардың қызметкерлерiн - жауапты орындаушылардың құрамын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiне және заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тарау 5. 5. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оны қайтарып алу
5. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оны қайтарып алу
Тармақ 25
25. Лицензияның күшiн тоқтата тұру үшiн мыналар:
Тармақша 1
1) мiндеттi стандарттардың, нормативтiк-техникалық талаптар мен шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы;
Тармақша 2
2) сәулет-құрылыс қызметi саласындағы құқық бұзушылық үшiн лицензиатқа бiрнеше рет (күнтiзбелiк жыл ішiнде) әкiмшiлiк жазалау шараларының қолданылуы;
Тармақша 3
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде жобалау құжаттамаларынан ауытқушылық;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сапасыз орындалған жұмыстардың бiрнеше рет тоқтатыла тұруы;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнiң және заңнамаларының өзге де бұзушылықтары негiз болып табылады.
Тармақ 26
26. Лицензияның күшi алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұрады және лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы кесiмде көрсетiлген, оның түрлерi бойынша заңды немесе жеке тұлғаның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн тоқтатуға әкеп соғады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 27
27. Лицензиар лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде сотқа талап қою туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда қабылдайды.
Тармақ 28
28. Күшi жойылған лицензия оны берген лицензиялау органына тапсырылуы тиiс.
Тармақ 29
29. Лицензияларды беру, күшiн тоқтата тұру немесе қайтарып алу мәселелерi жөнiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Басқа 89. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi 📌 Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.04. N 1270, өзгерту енгізілді - 2005.04.11. N 327, 2006.07.07. N 647 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен. 1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
Тармақ 1
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
Тармақша 1
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
Тармақша 2
2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар;
Тармақша 3
3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
Тармақша 4
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
Тармақша 5
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желілік құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
Тармақша 6
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелерді, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
Тармақша 7
7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiріп алу;
Тармақша 8
8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
Тармақша 9. 2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзімділігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
9) топырақты, жер асты суларын, негіздер мен іргетастарды зертханалық зерттеулер. 2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзімділігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
Тармақ 2
2. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу:
Тармақша 1
1) жоспарлау құжаттамасы (елді мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелерді, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
Тармақша 2
2) көлік схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
Тармақша 3
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау желілерінің, кәріз желiлерінің схемалары;
Тармақша 5
5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
Тармақша 6
6) энергиямен жабдықтау желілерінің схемалары;
Тармақша 7
7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерінің схемалары.
Тармақ 3
3. Күрделiлiгi I, ІІ, ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау:
Тармақша 1
1) объектілердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
Тармақша 2
2) өндiрiстік мақсаттағы объектілер;
Тармақша 3
3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткіштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
Тармақ 4
4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
Тармақша 1
1) негiздер мен іргетастар 1 ;
Тармақша 2
2) бетонды және темір-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар 1 ;
Тармақша 3
3) болат және алюминий құрастырмалар 1 ;
Тармақша 4
4) ағаш құрастырмалар 1 ;
Тармақша 5
5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту. Ескертпе: - 1 осы жұмыс түрлерінің тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшін жобалау құқығы бар.
Тармақ 5
5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
Тармақша 1
1) жылыту (электрлікті қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз;
Тармақша 2
2) жылумен жабдықтау;
Тармақша 3
3) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
Тармақша 4
4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
Тармақша 5
5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
Тармақша 6
6) салқын ауамен жабдықтау;
Тармақша 7
7) 0,4 кВ-ға дейiнгі, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру;
Тармақша 8
8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгі және одан жоғары электрмен жабдықтау;
Тармақша 9
9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
Тармақша 10
10) тогы әлсiз құрылғылар.
Тармақ 6
6. Жобалардың арнайы бөлімдерiн әзiрлеу:
Тармақша 1
1) еңбекті қорғау;
Тармақша 2
2) тот басудан қорғау;
Тармақша 3
3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңіндегi өрт-күзет дабылы, автоматика, өрт сөндіру мен өрттен қорғау жүйелері;
Тармақша 4
4) сметалық құжаттама;
Тармақша 5
5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргізу жобалары (ЖЖЖ).
Тармақ 7
7. Технологиялық жобалау: Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
Тармақша 1
1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнайы білім беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
Тармақша 3
3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа). Өндiрiстiк мақсаттағы объектілер:
Тармақша 1
1) энергетика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 2
2) мұнай-газ өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 3
3) кен өндiру өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 4
4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсіпорындары;
Тармақша 5
5) ауыр машина жасау кәсіпорындары;
Тармақша 6
6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 7
7) бөгеттер, бөгесіндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 8
8) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыстар мен құрастырмалар;
Тармақша 9
9) көтеру құрылыстары;
Тармақша 10
10) қалаішілік көлiк (жер үстi автомобиль және электрлі, жер асты, жер бетi, аспалы, су) және сыртқы автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiгi кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары;
Тармақша 11
11) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары. Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
Тармақша 1
1) жергілiктi байланыс, радио мен телекоммуникация желілері;
Тармақша 2
2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi. Ауыл шаруашылығы объектілерi (қайта өңдеу өнеркәсібінiң кәсіпорындарын қоспағанда). Көлiк құрылысы:
Тармақша 1
1) темiр жол көлігінің қатынас жолдары;
Тармақша 2
2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
Тармақша 3
3) қалалық электрдi көлiктердiң көше-жол желiсi;
Тармақша 4. 3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi. 3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру
Тармақ 8
8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
Тармақша 1
1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
Тармақша 2
2) металдардан, полимерлiк және өндiрiс қалдықтары негiзiндегi композиттiк материалдардан;
Тармақша 3
3) мұнара-дiңгек үлгiсіндегі элементтер, түтін шығару мұржалары;
Тармақша 4
4) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтерi;
Тармақша 5
5) резервуарлар мен көлемi 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтар;
Тармақша 6
6) қысыммен жұмыс iстейтін немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
Тармақша 7
7) тiреуiш және қоршау элементтері;
Тармақша 8
8) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың тетiктерi.
Тармақша 9. 4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
9) бөренелер тiлу. 4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
Тармақ 9
9. Жер жұмыстары.
Тармақ 10
10. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі I немесе II және III деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
Тармақша 1
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
Тармақша 2
2) болат резервуарлар мен 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтарды;
Тармақша 3
3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшін зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
Тармақша 4
4) мұнара және дiңгек үлгісiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтін мұржаларын монтаждау;
Тармақша 5
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерінің тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 6
6) көтергіш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 7
7) металлургия, мұнай химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 8
8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларын орналастыру;
Тармақша 9
9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
Тармақша 10
10) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
Тармақша 11
11) шатырлау жұмыстары.
Тармақ 11
11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
Тармақша 1
1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желілері;
Тармақша 2
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік желiлерi;
Тармақша 3
3) ұңғымаларды жайластыру;
Тармақша 4
4) кернеуі 35 кВ дейiнгi электр бeру магистральдық желілері;
Тармақша 5
5) кернеуi 110 кВ дейiнгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілері;
Тармақша 6
6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерiн газдандыру;
Тармақша 7
7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
Тармақша 8
8) түтін шығару мұржалары, күш тiректерi, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
Тармақша 9
9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
Тармақша 10
10) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
Тармақша 11
11) түстi металдардан, полимерлік материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
Тармақша 12
12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
Тармақша 13
13) мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдар қоймалары;
Тармақша 14
14) топырақта бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
Тармақша 15
15) су асты-техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
Тармақша 16
16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
Тармақша 17
17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
Тармақша 18
18) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу жұмыстары, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
Тармақ 12
12. Сыртқы инженерлік желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желілерді орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
Тармақша 2
2) жылу желілері;
Тармақша 3
3) төмен қысымды газбен жабдықтау желілері;
Тармақша 4
4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерi;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтау және кәріз желiлерi;
Тармақша 6
6) электрмен жабдықтау желілерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
Тармақша 7
7) темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілері, әуе көлiгi кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері;
Тармақша 8
8) байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
Тармақша 9
9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
Тармақша 10
10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
Тармақша 11
11) жылумен жабдықтау;
Тармақша 12
12) газбен жабдықтау;
Тармақша 13
13) сумен жабдықтау, кәріз.
Тармақ 13
13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
Тармақша 2
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау;
Тармақша 3
3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
Тармақша 4
4) агрессивті су әсерi кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау;
Тармақша 5
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық қорғау.
Тармақ 14
14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі І немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары.
Тармақ 15
15. Жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
Тармақша 2
2) темiр жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
Тармақша 3
3) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар республикалық маңызды автожолдардың негiздерi мен жабыны;
Тармақша 4
4) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, шаруашылықішілік автожолдардың негiздерi мен жабыны;
Тармақша 5
5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабыны;
Тармақша 6
6) әуежайлар ұшу-қону алаңдарының және тікұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
Тармақ 16
16. Технологиялық жабдықтарды (iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда) монтаждау:
Тармақша 1
1) көтергіш-көлiктік, лифтiлер;
Тармақша 2
2) металл өңдеу;
Тармақша 3
3) ағаш өңдеу;
Тармақша 4
4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
Тармақша 5
5) мұнай кәсiпшілігі, газ кәсiпшілігі;
Тармақша 6
6) геологиялық барлау, бұрғылау;
Тармақша 7
7) тау-шахта метрополитендер мен тоннельдер;
Тармақша 8
8) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
Тармақша 9
9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
Тармақша 10
10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер;
Тармақша 11
11) темiр жол көлiгіндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
Тармақша 12
12) газдарды тазалау;
Тармақша 13
13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
Тармақша 14
14) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештері;
Тармақша 15
15) қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекшi жабдық;
Тармақша 16
16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен eceпкe алу аспаптары;
Тармақша 17
17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 18
18) көмiр өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 19
19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 20
20) жылу электр станциялары;
Тармақша 21
21) байланыс кәсiпорындары;
Тармақша 22
22) құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары;
Тармақша 23
23) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары;
Тармақша 24
24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
Тармақша 25
25) астық өңдеу жөніндегi, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындары және астық қоймалары.
Тармақ 17
17. Күрделілігі I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделі жөндеу және қайта құру:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (eceптеу схемасын өзгертпей);
Тармақша 2
2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
Тармақша 3
3) сыртқы және ішкі инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
Тармақша 4
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желілері;
Тармақша 5
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықішілік және қалалық көше-жол желiлерi;
Тармақша 7
7) темiр жолдар;
Тармақша 8
8) тоннельдері;
Тармақша 9
9) гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстар;
Тармақша 10
10) лифтілердi, көтергіш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 11. 5. Сараптама жұмыстары
11) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтері. 5. Сараптама жұмыстары
Тармақ 18
18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер көрсету:
Тармақша 1
1) құрылыс процесіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу әдiсімен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектілерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi инженерлiк қызмет;
Тармақша 2
2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
Тармақша 3
3) лицензия алуға ниет білдiруші заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) сараптамасы;
Тармақша 4
4) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызмет көрсету рыногының субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлімдерiне сараптама;
Тармақша 5
5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қазiргi ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмділігiн әрi берiктігін бағалау.
Тармақ 19
19. Жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жататын:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылатын, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылатын өнiм немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесiн көздейтiн;
Тармақша 2
2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, әлеуметтiң, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техника-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың;
Тармақша 3
3) құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалардың сараптамасы Ескертпелер:
Тармақша 1
1) лицензиат (лицензия алуға талапкердiң) растаған біліктiлік талаптарына байланысты лицензиар ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың сейсмикалық аудандастырылуы және күрделілiк деңгейлерi бойынша шектеулер белгiлей алады;
Тармақша 2
2) лицензия берген кезде лицензияға қоса берiлетiн тiзбеде рұқсат етiлген жұмыс түрiнiң толықтығы нақтыланады.