Об утверждении Правил предоставления информации центральными государственными органами и местными исполнительными органами для составления Национального доклада о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) әзірлеу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну тәртібі
2-тарау. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың ақпарат ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұратулар жібереді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсынады.
Тармақ 5
5. Ақпарат материалдармен (кестелер, диаграммалар, сызбалар, суреттер) толықтырылған талдамалық жазбахат түрінде қалыптастырылады және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау (қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамаларының серпіні, антропогендік әсер, ақпарат көзі көрсетілген статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпарат);
Тармақша 2
2) экологиялық проблемалар және оларды шешудің ықтимал нұсқалары;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына шолу;
Тармақша 4
4) шешімдер қабылдау үшін негізгі қорытындылар, ұсынымдар және болжамдар.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган қарауға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей ақпаратты қарайды, ескертулер болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жібереді. Мемлекеттік органдар уәкілетті органнан қосымша сұрату алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ақпаратты пысықтайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 8
8. Ақпарат мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынылады, электрондық құжаттың қағаз көшірмесі талап етілмейді.
Тармақ 9
9. Қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
Тармақша 2
2) өндіру және тұтыну қалдықтарын басқару;
Тармақша 3
3) парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
Тармақша 4
4) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;
Тармақша 5
5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;
Тармақша 6
6) мемлекеттік экологиялық бақылау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік экологиялық сараптама;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
Тармақша 9
9) міндетті экологиялық аудит;
Тармақша 10
10) міндетті экологиялық сақтандыру;
Тармақша 11
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 12
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөнінде ақпарат дайындауды ұйымдастырады.
Тармақ 9-1
9-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) электр энергиясын өндіру мен тұтыну және олардың серпінін талдау;
Тармақша 2
2) электр станциялары отынының шығыны;
Тармақша 3
3) энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 9-2
9-2. Атом энергиясы саласындағы уәкілетті орган су пайдалану объектілері мен әуе кеңістігі мониторингі бойынша деректерді қоса алғанда, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын радиоэкологиялық зерттеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 9-3
9-3. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 10
10. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) орман қорының жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) ормандар және өзге де орман көмкерген жерлердің жалпы алаңы;
Тармақша 3
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман алаңы;
Тармақша 4
4) орман заңнамасы саласындағы бақылау;
Тармақша 5
5) ормандарды молықтыру мен орман өсіру (орманды қалпына келтіру);
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануға рұқсат жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 11
11. Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің саны;
Тармақша 3
3) жануарлардың жекелеген түрлері санының өзгеру үрдісі;
Тармақша 4
4) аңшылық шаруашылықты дамытудың негізгі проблемалары;
Тармақша 5
5) балық шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары;
Тармақша 6
6) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау;
Тармақша 7
7) Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданысы аясындағы жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерiн сату жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 12
12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (қорықтар, табиғи резерваттар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткіштері, қаумалдар мен қорық аймақтары) алаңы;
Тармақша 3
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 13
13. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасындағы жердің жай-күйі және оны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 14
14. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 15
15. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйі және негізгі проблемалары;
Тармақша 2
2) жерасты суларын есепке алу;
Тармақша 3
3) жер қойнауын зерттеу саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 15-1
15-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) республикадағы көмірсутектер саласының жай-күйі мен негізгі проблемалары;
Тармақша 2
2) көмірсутектерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 15-2
15-2. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) республикадағы уранның жай-күйі мен негізгі проблемалары;
Тармақша 2
2) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылау туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 16
16. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 17
17. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша өткізілген іс-шаралар;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі;
Тармақша 3
3) бидайдың шығымдылығы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 18
18. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы халықтың жан басына шаққандағы тұрмыстық су тұтыну жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 19
19. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алудың, су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiнің нәтижелері;
Тармақша 2
2) су қорын пайдаланудың негізгі проблемалары;
Тармақша 3
3) су қорын пайдалану және қорғау саласында өткізілген тексерулердің саны жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 20
20. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) «Байқоңыр» кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтарға мониторинг нәтижелері;
Тармақша 2
2) ғарыш мониторингі нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 21
21. Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган экологиялық білім беру және тәрбиелеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 22
22. Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 23
23. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі жол механикалық көлік құралдары паркінің құрамы;
Тармақша 2
2) жол механикалық көлік құралдары паркінің орташа жасы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 24
24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) жер ресурстары;
Тармақша 2
2) жерлерді алып қою;
Тармақша 3
3) қалдықтар: қалдықтар түзілуінің негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы; жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдық түрі); жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі; қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу; қалдықтарды полигондарда орналастыру; қалдықтарды санитариялық сақтау; халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамту; тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;
Тармақша 4
4) 2, 3, 4-санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама;
Тармақша 5
5) 2, 3, 4-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
Тармақша 6
6) өңірлерді газдандыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Тармақ 25
25. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін уәкілетті орган қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жіберіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қосымша ақпаратты сұратады.