Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін
жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпаш Ізмұхановнаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.