Об утверждении Правил реализации мероприятий по защите прав и интересов граждан Республики Казахстан, оказавшихся в затруднительном положении, в том числе вследствие форс-мажорных обстоятельств, а также принятия мер в отношении умерших граждан Республики Казахстан в государстве пребывания Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 85-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Б. Тілеубердіге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Әділет министрі _______________________ М. Бекетаев 2016 жылғы «___»________________ «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы «___»________________
Басқа 1. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына 1-қосымша Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 85-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленген және форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ шет мемлекетте қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шараларды қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қиын жағдай деп келесі жайттарға байланысты туындаған жағдайлар түсініледі:
Тармақша 1
1) форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар (еңсерілмейтін күш, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде болу мемлекетіндегі дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделгеннен тыс жағдайларда қайтыс болса.
Тармақ 3
3. Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына дейінгі көлік шығыстарын төлеу (экономкласты әуе билетінің құнынан аспайды);
Тармақша 2
2) бір жолғы материалдық көмек: тамақтану (Қазақстан Республикасының азаматына күніне 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес; тұру (күніне 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес; бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда оларды сатып алу (280 (екі жүз сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды);
Тармақша 3
3) жүкті жөнелту, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматының денесін (қайтыс болғандардың күлі салынған cауыттар мен табыттарды) Қазақстан Республикасына тасымалдау, бальзамдау, мәйітханада денені сақтау, болу мемлекетінде жерлеу немесе кремациялау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Қаржылық көмек көрсету қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасының азаматы ақша қаражатын пайдаланбаған немесе пайдалана алмаған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру тәртібі
2-тарау. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және (немесе) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдегі мекемелер) Қазақстан Республикасының азаматтарынан, олардың туыстарынан немесе заңды өкілдерінен (бұдан әрі – өтініш беруші) жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы, болу мемлекетіндегі мекенжайы, қиын жағдайға тап болған мән-жайлары, қаржылық көмек алу қажеттілігін негіздейтін мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекетте қиын жағдайға тап болған Қазақстан Республикасының азаматын шақырған жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың болу мемлекетінде болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелері туралы ақпарат (бар болған жағдайда) көрсетілген өтінішті қабылдайды. Өтінішке болу мемлекетінің уәкілетті органдары берген және өтініште көрсетілген мән-жайларға қатысы бар құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 6
6. Министрлік осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттар топтамасын қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды шет елдегі мекемеге қарауға жібереді және бұл туралы өтініш берушіні хабардар (құлақтандырады) етеді.
Тармақ 7
7. Шет елдегі мекеме өтініш пен құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының қиын жағдайға түсу мән-жайларын және Қазақстан Республикасының азаматы ұсынған материалдардың, объектілердің, құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын тексеру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның осы мемлекетте болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің бар-жоғын анықтайды және олардың орындалуына жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшелерімен, туыстарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен (бұдан әрі – туыстары) байланыс орнатуына жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) өтініштің мәні бойынша болу мемлекетінің мемлекеттік органдары және ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Министрлікке осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, шет елдегі мекеменің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған қаржылық көмек көрсету қажеттілігі туралы хат жібереді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының азаматы болу мемлекетінде қайтыс болған жағдайда, шет елдегі мекеме 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) өтініш беруші жүгінген кезде: осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады; болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды төлеуді көздейтін қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының медициналық сақтандыруының (бұдан әрі – медициналық сақтандыру) бар немесе жоқ екенін тексереді; осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсететін болу мемлекеті ұйымдарының кемінде 3 (үш) баға ұсынысын және осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қаржылық көмек көрсету қажеттілігі туралы хатты жібереді;
Тармақша 2
2) болу мемлекетінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаны туралы хабарлама алынған кезде: осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады; медициналық сақтандырудың бар немесе жоқ екенін тексереді; қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнатылған және осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш алынған жағдайда, әрі осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, Министрлікке осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсететін шет мемлекет ұйымдарының кемінде 3 (үш) баға ұсынысын және осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қаржылық көмек көрсету қажеттігі туралы хатты жібереді; қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнатылғанымен, осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш болмаған жағдайда, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті құрмет көрсетіле отырып, қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматын сол мемлекетте жерлеу немесе оның денесін Қазақстан Республикасына туыстарының, медициналық сақтандырудың, не осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаның немесе ұйымның есебінен жөнелту шараларын қабылдайды; қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарымен байланыс орнату мүмкін болмаған және осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсету туралы өтініш болмаған жағдайда, болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес тиісті құрмет көрсетіле отырып, қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматын сол мемлекетте жерлеу шараларын қабылдайды.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қаржылық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама қаржылық көмек көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Өтініш беруші алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық білдіреді немесе айтады. Тыңдау нәтижелері бойынша шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-қимылды орындайды не бас тарту себептерін негіздей отырып, өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы хат жолдайды. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда, шет елдегі мекеме болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматын тиісті құрметпен болу мемлекетінде жерлеуге немесе оның денесін туыстарының, медициналық сақтандырудың немесе осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамның немесе ұйымның есебінен Қазақстан Республикасына жіберуге шаралар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Шет елдегі мекеме келесі негіздер бойынша қаржылық көмек көрсетуден бас тартады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы және (немесе) өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттарды ұсынбауы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматының болу мемлекетінің заңнамасын бұзған себебінен туындаған қиын жағдайды құжатпен растайтын фактілерінің бар болуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен (оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде) болған оқиғалар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматының эвтаназия немесе суицид салдарынан қайтыс болуы;
Тармақша 5
5) медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің болуы. Шет елдегі мекеме қаржылық көмек көрсетуден бас тартылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Министрлікке осы шешім туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Министрлік шетелдегі мекеменің қаржылық көмек көрсету қажеттілігі туралы хаты келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемдерін негізге ала отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды және оны шет елдегі мекемеге жібереді:
Тармақша 1
1) қаржылық көмек көрсету туралы;
Тармақша 2
2) қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы. Министрліктің қаржылық көмек көрсету туралы шешімі Министрлік аппараты басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 12
12. Министрлік келіп түскен құжаттардың осы Қағидаларға сәйкес келмеу негізі бойынша қаржылық көмек көрсетуден бас тартады.
Тармақ 13
13. Шет елдегі мекеме Министрліктің қаржылық көмек көрсету туралы шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты қаржылық көмек көрсету туралы актіні ресімдей отырып, өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетеді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес қаржылық көмек беру болу мемлекетіндегі заңды тұлғаның және (немесе) жеке кәсіпкердің қызметтеріне қолма-қол ақша қаражатымен ақы төлеу және (немесе) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржылық көмек беру өтініш берушіге қолма-қол ақша қаражатын беру және (немесе) төлем құжаттарын пайдалана отырып, ақша қаражатын аудару нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Қаржылық көмек өтеусіз негізде көрсетіледі. Өтініш берушіге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шығыстарды өтеуге жол берілмейді.
Тармақ 16
16. Министрліктің қаржылық көмектен алдын ала бас тарту туралы шешімі алынған кезден бастап, шет елдегі мекеме өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу нысаны, уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды және қаржылық көмек көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімнің жобасын жолдайды. Тыңдау туралы хабарлама қаржылық көмек көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Өтініш беруші алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық білдіреді немесе айтады. Өтініш берушіден алдын ала шешімге қатысты қарсылық болмаған жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушіге қаржылық көмектен дәлелді бас тартуды жолдайды. Өтініш берушінің қарсылықтары түскен жағдайда, шет елдегі мекеме ұсынылған қарсылықтарды әкімшілік іс материалдарымен (бар болса) бірге (бұдан әрі – материалдар) қарау үшін Министрлікке жолдайды. Өтініш берушінің қарсылықтары мен әкімшілік іс материалдарын алғаннан кейін Министрлік оларды қарап, қаржылық көмек көрсету шешімді немесе қаржылық көмектен дәлелді бас тартуды қабылдайды және өтініш берушіні шет елдегі мекеме арқылы хабардар етеді. Министрлік өтініш берушінің қарсылықтары бар материалдарды қарау нәтижелері бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарына сәйкес өтініш берушіге қаржылық көмек көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Лауазымды адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Лауазымды адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 17
17. Өтініш берушінің шағымы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беріліп отырған шет елдегі мекемеге немесе лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беріліп отырған шетелдік мекеме немесе лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі Министрлікке жолдайды. Сонымен қатар, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беріліп отырған шет елдегі мекеме немесе лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса немесе әкімшілік әрекет жасаса, шағымды Министрлікке жібермеуге құқылы.
Тармақ 18
18. Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 19
19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Қаржылық көмек көрсетілгені туралы 20_ жылғы «__» _________ № ________ акт
Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру қағидаларына қосымша Нысан Қаржылық көмек көрсетілгені туралы 20_ жылғы «__» _________ № ________ акт ________________________________________ (бұдан әрі – шет елдегі мекеме), (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) _______________________________________мекен-жайы бойынша тұратын, жеке басын куәландыратын __________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, оның сериясы және нөмірі) ____________________құжат берілген (берілген күні, кім берген) ____________________________________________________өтініші қаралып, (өтініш берушінің тегi, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің лауазымды тұлғасы) «___» __________ 20_ жылғы № __________ бұйрығының және шет елдегі мекемесінің «__» ____________ 20_ жылғы хатының негізінде __________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) келесі шығыстар бойынша: 1. ______________________________________________бағыты бойынша Қазақстан Республикасына жолданатын көлік қызметтеріне ______________ ____________________________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) ________________________________________________________мөлшерінде ақы төлеу үшін; 2.___________________________________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) бір реттік материалдық көмек төлеу үшін: тамақтануға ______________________________________________ сомасында; тұруға ___________________________________________________ сомасында; алғашқы қажетті тұрмыстық заттарды сатып алуға ______________ сомасында 3. ___________________________________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе қайтыс болған адамның Т.А.Ә.) __________________________________________________________ сомасында Қазақстан Республикасына жүкті жіберу қызметтеріне, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматын (қайтыс болғандардың табыттары және күлімен сауыттары) тасымалдауға, бальзамдауға, мәйітті мәйітханада сақтауға, жерлеуге немесе шет мемлекетте кремациялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу үшін – қаржылық көмек көрсету туралы осы актіні жасады. Растайтын құжаттар ___ парақта осы актіге қоса беріледі. Шет елдегі мекеменің өкілетті қызметкерлері: ________________________ ___________ (Т.А.Ә.) (қолы) ________________________ ___________ (Т.А.Ә.) (қолы) ________________________ ___________ (Т.А.Ә.) (қолы) Мөр орны Қаржылық көмек алғанымды растаймын, актінің көшірмесін алдым: _________________________________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы) 20___ жылғы «__» ________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджетте «Шетелдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Республикалық бюджете «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 08-1/155 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 11 тамызда жарияланған, № 147(953)).
Тармақ 3
3. «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 08-1-1-1/323 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде№ 6639 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 4 ақпанда жарияланған №36-37 (26439)).