О квоте рабочих мест для инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасы туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сеитқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Үржар ауданының әкімдігінің
2019 жылғы «___»_______
№ қаулысына қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4