Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки сел Курчум, Маркаколь Курчумского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім ауданы Күршім, Марқакөл ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8, 11 баптарына 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданы Күршім, Теректі ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Күршім ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 7/9-VI шешіміне 1 қосымша Күршім ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Ай- мақ № Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Аймақтардың шекаралары 1 2 3 I 1,2 Күршім ауылының орталық бөлігі, шекаралық аймағы оңтүстікте Шәкәрім көшесімен, шығыста Білімбаев Нағымбек Қабдуалиұлы көшесімен, солтүстікте Барак батыр көшесімен, батыста әскери бөлімнің аумағымен шекараласады, одан ары «Қойлюбай» шаруа қожалығымен, одан ары Қойлыбай Аңғышбаев көшесінен Шәкәрім көшесіне дейін II 1 Ауылдың солтүстік аймағының бөлігі, Күршім өзенінің сол жағалауына жатады III 0,8 Күршім ауылының құрылыс салынған батыс және оңтүстік шеті IV 1 Ауылдың шығыс аймағының бөлігі әскери бөлімнің шекарасынан кейін V 0,6 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы инженерлік инфрақұрылым объектілері жоқ жерлер
Басқа 4. Марқакөл ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 7/9-VI шешіміне 2 қосымша Марқакөл ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Аймақ № Аймақтардың шекаралары 1 2 3 I 1 Марқакөл ауылының орта бөлігі. Аймақтың оңтүстік-батыс жағы Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойымен оңтүстіктегі Пограничная бұрылысынан солтүстік-батыстағы арыққа дейін шекара өтеді. Одан әрі арықтын сол жақ жағалауының солтүстік-шығысынан арықтың оңтүстік-шығысына қарай және арықтың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай бұрылысқа дейін, монша-кір жуатын комбинаттын солтүстікке қарай өтіп, Акжон өзеніне дейін. Солтүстік-шығысынан шекара Акжон өзенінің оң жақ жағалауынан оңтүстіктегі бұрылысқа дейін өтеді Акжон өзенінің бойынан шекара Пограничная бұрылысының солтүстік жағымен Орта Теректі өзеніне дейін барады II 0,9 Марқакөл ауылының батыс аймағының бөлігі, Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойында Абылайхан көшесінің оңтүстігі III 0,9 Марқакөл ауылының шығыс аймағының бөлігі, Акжон өзенінің сол жақ жағалауының бойы IV 0,72 Марқакөл ауылының оңтүстік аймағының бөлігі, Пограничный бұрылысынан оңтүстікке қарай орналасқан V 0,7 Марқакөл ауылының солтүстік және солтүстік-батысы, Абылайхан көшесінен солтүстікке қарай орналасқан, Орта Теректы өзенінен оң жақ жағалауы және № 1 шекаралық аймағының жоғары рельефінің солтүстік-батысы VI 0,6 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, мәдени- тұрмыстық мақсаттағы инженерлік инфрақұрылым объектілері жоқ жерлер