Об утверждении технического регламента «Общие требования к телекоммуникационному оборудованию по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий, сбора и хранения служебной информации об абонентах» Күшін жойған
Басқа 0
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 8-бабының 1-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2017 жылғы «____»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2016 жылғы «____»_________
Басқа 0. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91
бұйрығымен бекітілген
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Қолдану саласы
1-тарау. Қолдану саласы
Тармақ 1
1. Осы техникалық регламент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 8-бабының 1-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы, «Жедел іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі заңдарына сәйкес телекоммуникация желілерде жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІШ) өткізудің, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды (бұдан әрі – АҚА) жинаудың және сақтаудың техникалық мүмкіндігін іске асыру үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 85 топтың 8517 тауарлық позициясымен жіктелетін, дауыс, бейне және басқа да деректерді берунемесеқабылдауға арналған аппаратура субпозициясындағы, оның ішінде сыммен немесе сымсыз байланыс желісіндегі коммуникация үшін аппаратураны қосқанда мынадай түрлері:
Тармақша 1
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы;
Тармақша 2
2) ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығы;
Тармақша 3
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген байланыс деректер беру желілерінің коммутациялық жабдығы;
Тармақша 4
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы байланыс деректер беру желілерінің коммутациялық жабдығы қарастырылады.
Тармақ 3
3. 2-тармақта көрсетілген коммутациялық жабдық (бұдан әрі– коммутациялық жабдық) жобалық, шарттық, техникалық құжаттамалармен(немесе) таңбалауға сәйкес сигналдарды коммутациялау және беру үшін функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі.
Коммутациялық жабдық мемлекеттік құпиялары бар ақпаратты өңдеуге, сақтауға, пайдалануға арналмаған.
Тармақ 4
4. Телефондық, дауыс, құжаттамалық, мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламаларын беру үшін абоненттердің байланысын жүзеге асыру кезіндегі электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарының коммутациясы функционалдық мақсаты бойынша коммутациялық жабдықты сәйкестендіру алғышарттары болып табылады.
Тармақ 5
5. Коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізуге және АҚА жинау және сақтауғакері әсер ететін қауіпті (тәуекел) факторлары:
Тармақша 1
1) ЖІШ өткізу және АҚА жинау және сақтау техникалық мүмкіндіктерінің шектелуінемесе жоқтығы;
Тармақша 2
2) ЖІШ өткізу құралдары жәнеАҚА жинау және сақтау құралдарына рұқсатсыз ену;
Тармақша 3
3) ЖІШ өткізу құралдары және АҚА жинау және сақтау құралдарын қылмыстық және құқыққа қайшы мақсатта қолдану болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 6
6. Осы техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы»Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Байланыс туралы»2004 жылғы 5 шілдедегі Заңдарында белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) АҚА жинау және сақтау– байланыс желілердің абоненттері және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді жинау мен сақтау;
Тармақша 2
2) АҚА жинау және сақтау құралдары – байланыс желілерінің абоненттері туралы және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді жинау, сақтау мен ұсыну функцияларын қамтамасыз ететін және коммуникациялық жабдықтың құрамына кіретін аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдар;
Тармақша 3
3) АҚА жинау және сақтауорталығы – байланыстың бүкіл желісі бойынша АҚА алу үшін коммутациялық жабдықтың барлық бөлек АҚА жинау және сақтау құралдарының аппараттық және бағдарламалық бірлестігі;
Тармақша 4
4) әкімшілендіру, өңдеу және бақылау интерфейсі – ЖІШ өткізу құралдарында немесе АҚА жинау және сақтау құралдарында ЖІШ нәтижелерін алуға, басқаруға, АҚА алуға, ЖІШ өткізу құралдарына немесе АҚА жинау және сақтау құралдарына қосылған компьютерлік жұмыс орындарында қолданушылардың іс-қимылдарын бақылауға арналған бағдарламалық іске асыру;
Тармақша 5
5) белгіленген абонент – оның телефонмен сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын қармауды жүзеге асыру үшін коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізу құралдарындағы абоненттік нөмірі, сәйкестендірме коды немесе басқа да сәйкестендіргіш қойылған байланыс желісінің абоненті;
Тармақша 6
6) ену интерфейсі – коммутациялық жабдықтардың ЖІШ жүргізу құралдарына немесе АҚА жинау және сақтау құралдарына ЖІШ техникалық өткізуін немесе АҚА жинау және сақтауын қамтамасыз ету үшін әкімгерлік, өндеу және бақылау интерфейстерін қалыптастыра отырып компьютерлік жұмыс орындарын физикалық және логикалық қосуды аппараттық және бағдарламалық іске асыру;
Тармақша 7
7) ЖІШ өткізу бойынша уәкілетті орган – байланыс желілерінде ЖІШ өткізуді жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8)ЖІШ өткізу құралдары – коммутациялық жабдықтың құрамына енетін және ЖІШ техникалық өткізу функцияларын қамтамасыз ететін аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдар;
Тармақша 9
9) ЖІШ өткізу орталығы – байланыстың барлық желісінде бір мезгілде ЖІШ өткізу үшін байланыс желісіндегі коммутациялық жабдықтың ЖІШ барлық бөлек өткізу құралдардың аппараттық және бағдарламалық бірлестігі;
Тармақша 10
10) коммутациялық жабдық – сигналдарды коммутациялаудың жүйесі болатын техникалық құрылғылар, аппараттық және бағдарламалық құралдар, оның ішінде жылжымалы немесе тіркелген телефонды байланыс желісінде немесе деректерді жіберу желісінде электромагнитті немесе оптикалық сигналдарды жіберуді, қабылдауды, коммутациялауды қамтитын таратылған коммутациялайтын жабдықтар жүйесі;
Тармақша 11
11) қармау – телефон арқылы өткізілген сөйлесулерді тыңдау, хабарламаларды санау үшін абоненттің коммутациялық жабдығындағы байланыс арнасына қосылу;
Тармақша 12
12) шығарылған басқару тетігі (бұдан әрі – ШБТ)–ЖІШ өткізу жөніндегі уәкілетті органның аппараттық-бағдарламалық кешені.
Тарау 3. 3-тарау. Коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы нарығында айналымға шығару шарттары
3-тарау. Коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы нарығында айналымға шығару шарттары
Тармақ 7
7. Коммутациялық жабдық осы техникалық регламентке сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылады, пайдалануға енгізіледі және пайдалануда болады.
Тармақ 8
8. Коммутациялық жабдық осы техникалық регламентке сәйкестігі жөнінде сертификатпен сүйемелденуі тиіс және осы техникалық регламентке сәйкестігі туралы мәтін түріндегі ақпараты бар таңбасы болуы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Коммутациялық жабдыққа талаптар
4-тарау. Коммутациялық жабдыққа талаптар
Тармақ 9
9. Осы техникалық регламенттің 4-тарауының талаптарын сақтау ҚР СТ 2267-2012 «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге арналған телекоммутациялық жабдықтың құралдары. Ену интерфейсі. Техникалық талаптар» ұлттық стандартын ерікті түрде қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. ЖІШ өткізуді қамтамасыз ету бойынша талаптар
1-параграф. ЖІШ өткізуді қамтамасыз ету бойынша талаптар
Тармақ 10
10. Коммутациялық жабдықтың құрамында мынадай ЖІШ өткізу құралдары болуы тиіс:
Тармақша 1
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио және бейне сөйлесулерін, жіберген/алған мәтіндік, графикалық, факсимильді хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және/немесе хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін ЖІШ өткізу құралдары болуы тиіс;
Тармақша 2
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио және бейне сөйлесулерін, жіберген/алған қысқа мәтіндік хабарламаларын (SMS) және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және/немесе хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, олардың орналасқан жері және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерін қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін ЖІШ өткізу құралдары болуы тиіс;
Тармақша 3
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген/алған мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін ЖІШ өткізу құралдары болуы тиіс;
Тармақша 4
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген/алған мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламаларын,оның ішінде белгіленген абоненттердің қармаланған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы, орналасқан жері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін ЖІШ өткізу құралдары болуы тиіс.
Тармақ 11
11. ЖІШ өткізу құралдары компьютерлік жұмыс орындарын қосу үшін ену интерфейсін қамтамасыз ету тиіс. Көрсетілген жұмыс орындары ЖІШ жүргізу құралдарын басқару, ЖІШ нәтижелерін алу, жұмыс орындары пайдаланушыларының іс-қимылын бақылау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету тиіс. Осы мақсатта ену интерфейсі әкімшілік ету, өңдеу және бақылау жұмыс орындарын ұйымдастыру тиіс. Ену интерфейсіне талаптар ұлттық стандарттарымен анықталады.
Тармақ 12
12. Коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізу құралдары әкімшілік етуинтерфейсі арқылы аталған коммутациялық жабдыққа қосылған немесе тіркелген абоненттер жалпы санының 1 % кем емес берілген абоненттерінің сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын қармауға қоюды қамтамасыз етуі тиіс.
Көрсетілген коммутациялық жабдықта ЖІШ өткізу құралдарымен аталған жабдықта қойылған абоненттер жалпы санының 10 % кем емес белгіленген абоненттерінің сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын бір мезгілді қармауды қамтамасыз ету тиіс, сонымен қатар есеп саны 5 кем болмау керек.
Тармақ 13
13. ЖІШ өткізу құралдары өңдеу интерфейсі арқылы нақты уақыттабелгіленген абоненттердің телефондық сөйлесулерін сөйлесулер өткізу кезінде тыңдауды қамтамасыз етуітиіс.
Тармақ 14
14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 15
15. Ұялы немесе басқа жылжымалы байланыс желісінің белгіленген абоненттің бір коммутациялық жабдықтың қызмет көрсету аймағынан басқа коммутациялық жабдықтың қызмет көрсету аймағына ауысып кеткен жағдайдасөйлесулерін және/немесе хабарламаларын қармауды жүзеге асыру кезінде көрсетілген коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізу құралдары белгіленген абоненттің сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын толық көлемде, үзусіз, жоғалтпай және жіберіп алмай қармау және жазуды қамтамасыз ету тиіс.
Тармақ 16
16. Байланыс желісінде өзгеретін сәйкестендіргіштерді (телефон номірлерін, IP-мекенжайларын, МАС-мекенжайларын) пайдаланған кезде, мысалы абоненттерді тіркеген немесе NAT (Network Address Translation) қолданған кезде ЖІШ өткізу құралдары абоненттерге иемденген барлық сәйкестендіргіштері олардың өзгеруінің барлық кезеңдерінде нақты сәйкестігін айқындауды, көрсетілген сәйкестендіргіштер бойынша белгіленген абоненттердің сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын анықтау мен қармауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 17
17. ЖІШ өткізу құралдары белгіленген абоненттердің сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын қармауды, олар көп жақты қосылыстарды, көп жақты басқа мекен-жайға жіберуді жүзеге асырғанда, басқа қосымша байланыс қызметтерін қолданғанда қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 18
18. Коммутациялық жабдығы және/немесе оның ЖІШ өткізу құралдарыістен шыққан, жұмысын тоқтатқан, тоқтап қалған, қайта қосылған кезде жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтіргеннен кейін берілген абоненттердің телефондық сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын қармауға берілген барлық тапсырмаларды автоматты түрде қалпына келтіруді және толық көлемде қармауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 19
19. ЖІШ өткізу құралдары белгіленген абоненттердің 3 айдан кем емес уақыт мерзіміндегі қармалған телефондық сөйлесулердің және/немесе мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламалардың жазбасын, сондай-ақ қармалған хабарламалар бойынша биллингтік және басқа да мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 20
20. Байланыс операторымен телефондық сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын кодтауды, шифрлауды қолдану кезінде ЖІШ өткізу құралдары берілген абоненттер телефондық сөйлесулерінің және/немесе хабарламаларының кодын ашуды, шифрін ашуды қамтамасыз етуі тиіс.
Байланыс операторында байланыс желілерінде қолданылатын телефондық сөйлесулерін және/немесе хабарламаларын кодтау, шифрлау кілттері болған жағдайда, ЖІШ өткізу құралдары көрсетілген кілттерді қолданып берілген абоненттер телефондық сөйлесулерінің және/немесе хабарламаларының кодын ашуды, шифрін ашуды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 21
21. ЖІШ өткізу құралдарықауіпсіздік сертификатымен шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қолданып жіберген берілген абоненттер хабарламаларының шифрін ашуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 22
22. Жылжымалы ұялы байланыс желілерінде белгіленген абоненттер абоненттік құрылғылардың базалық станцияның секторына дейін дәлдігімен, соның ішінде қала аймағында 300 метрге дейін орналасқан жері анықталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Абоненттік құрылғылардың орналасқан жерлері анықталуы және орналасқан жерлері туралы мәліметтер жазылуы мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі тиіс:
байланыс желісінде тіркеу кезінде;
қосылу немесе қосылу әрекеттерін жасауды жүзеге асыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылу барысында орнын ауыстыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылусыз орнын ауыстыру кезінде (белсенді емес байланыс режимінде);
байланыс желісінде көрсетілетін қызметтерді қолдану кезінде;
абонентпен спутниктік геопозицияның функцияларын қолдану кезінде (аталған ақпарат байланыс желісінде болған жағдайда);
анықталған мерзіммен ішкі желідегі сұраныстар бойынша 6 сағаттан кем емес.
Абоненттік құралдардың орналасқан жерлері өңдеу интерфейсі арқылы сұранымдар бойынша кестелер түрінде аймақпен және/немесе аймақтың географиялық картасы бейнесімен қоса қамтамасыз етуі тиіс.
Аймақтың географиялық картасының жаңартуы маңызды қалпына дейін 3 айда бір реттен кем емес жүзеге асырылуды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 23
23. ЖІШ өткізу құралдары белгіленген абоненттерге қатысты ЖІШ техникалық өткізуді үзіліссіз, тәулік бойы режимінде, желінің барлық трафигі бойынша толық көлемде, шығынсыз жүргізуі тиіс.
ЖІШ техникалық өткізу байланыс желісінің, соның ішінде желіге уақытша қосылған әрбір абоненттерге (роумингтік абоненттері) қатысты қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 24
24. Белгіленген абоненттердің телефондық сөйлесулері және/немесе хабарламалары келіп түсуі техникалық істен шығу, тоқтап қалу жағдайларында ЖІШ өткізу құралдары өңдеу интерфейсінде белгіленген абоненттердің өткізілген телефондық сөйлесулері және/немесе хабарламалары туралы ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 25
25. ЖІШ өткізу құралдары мәтіндік, графикалық, аудио және бейне файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс.
Көшірудің (экспорт жасаудың) өнімділігі бір тәулік бойынша жазу көлемі 4 сағаттан көп емес қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 26
26. ЖІШ өткізу құралдары электрондық журналдарында әкімшілік, өңдеу және бақылау интерфейстері арқылы жасалған барлық әрекеттерді, рұқсат етілмеген қатынас құру әрекеттері, уақыт және әрекет түрін қоса жазуын қамтамасыз етуі тиіс.
Көрсетілген жазулардың сақталуы 2 жыл бойы қамтамасыз етілуі тиіс.
Электрондық журналдарға ақпаратқа өзгертулерді енгізу мүмкіндігін алып тастап, әкімшілік және бақылау интерфейстері арқылы қатынас құруды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 27
27. ЖІШ өткізу құралдары өз құрамында маңызды вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 28
28. ЖІШ өткізу құралдары ЖІШ нәтижелері жазбаларын апаттық жоюдан қорғайтын құралдар, сондай-ақ жазбаларды резервті сақтайтын құралдар болуы тиіс.
Тармақ 29
29. Коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізу құралдары қағаз және электрондық тасымалдағыштарда (мемлекеттік және орыс тілдерінде) мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық құжаттамамен бірге жүруі тиіс:
Тармақша 1
1) тізбе, техникалық сипаттама, қосу схемасы;
Тармақша 2
2) пайдалану ережелері;
Тармақша 3
3) техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық.
Техникалық сипаттама мен қосу сызбасы мыналарды бейнелеуі тиіс:
Тармақша 1
1) қалалар мен елді мекендердің географиялық орналасқан жерлерін ескеріп, телекоммуникация желісінің орналасуын;
Тармақша 2
2) ЖІШ өткізу функциялары мен техникалық құралдарының сипаттамасы;
Тармақша 3
3) ЖІШ өткізу орталығының телекоммуникация желісінде орналасуы;
Тармақша 4
4) әкімшілік ету, өңдеу және бақылау жұмыс орындарының қосылуы туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) оларға қатысты ЖІШ өткізілуі қамтамасыз етілетін абоненттер топтарын;
Тармақша 6
6) рұқсатсыз енудің физикалық және аппараттық-бағдарламалық шектеу құралдарының сипаттамалары.
Тармақ 30
30. ЖІШ өткізу құралдары өз техникалық қалпы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды, істен шығу, тоқтап қалу, апаттар туралы ескертулер қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 31
31. Коммутациялық жабдық ШБТ параллельді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 32
32. Байланыс желісінде коммутациялық жабдығының ЖІШ өткізу құралдарыбайланыс желісінде ЖІШ өткізу орталығын құрып қатынас құру интерфейсі негізінде өзара аппараттық және бағдарламалық біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
ЖІШ өткізу орталығы барлық байланыс желісі бойынша бір мезгілді ЖІШ техникалық жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 33
33. Байланыс желісінде 2-тармақта көрсетілген әртүрлі байланыс түрлерін біріктірген жағдайда (мысалы, тіркелген телефон байланысы және деректер беру) байланыс түрлері бойынша бөлек ЖІШ өткізу орталықтарын құруды қамтамасыз етуі тиіс (мысалы, телефон байланыс бойынша жеке, деректер беру бойынша жеке).
Тармақ 34
34. ЖІШ өткізу орталығы әкімшілік ету, өңдеу және бақылау компьютерлік жұмыс орындарын бір мезгілді қосылуы мен қызмет етуі үшін қатынас құру интерфейсін қамтамасыз етуі тиіс. Қатынас құру интерфейсіне талаптар ұлттық стандартында анықталған.
Тармақ 35
35. 32–34-тармақтарының талаптарын қолданумен ЖІШ техникалық жүргізу функциялары бойынша қатынас құру интерфейстері, немесе бір байланыс желісіндегі ЖІШ өткізу құралдарына біріктірілетін желілердің коммутациялық жабдықтарын қосу, немесе бір байланыс желісіндегі ЖІШ өткізу құралдарымен коммутациялық жабдықтар арқылы біріктірілетін желілердің трафигін өткізу және бар біріктірілетін желілер үшін ЖІШ өткізу орталығын құру негізінде ЖІШ өткізу құралдарын біріктіруімен әртүрлі байланыс операторлардың байланыс желілері біріктірілуі мүмкін.
Барлық біріктірілген байланыс желілерінде бір мезгілді ЖІШ техникалық өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. АҚА жинауды және сақтауды қамтамасыз ету талаптары
2-параграф. АҚА жинауды және сақтауды қамтамасыз ету талаптары
Тармақ 36
36. Коммутациялық жабдық құрамында мынадай АҚА жинау және сақтау құралдары болуы тиіс:
Тармақша 1
1) тіркелген телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер, берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді және көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желісіндегі барлық абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін АҚА жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
Тармақша 2
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер және берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін АҚА жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
Тармақша 3
3) Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін деректерді тарататын тіркелген байланыс желілері коммутациялық жабдығының құрамында берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің адрестері, Интернет-ресурстарға жүгіну адрестері, Интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері, деректерді беру протоколдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін АҚА жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
Тармақша 4
4) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы байланыстың Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін деректерді тарату желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы мәліметтерді, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан орны туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін АҚА жинау және сақтау құралдары болуы тиіс.
Тармақ 37
37. АҚА жинау және сақтау құралдары компьютерлік жұмыс орындарының қосылуы үшін ену интерфейсін қамтамасыз етуі тиіс. Аталған жұмыс орындарында АҚА жинау және сақтау құралдарын басқару, АҚА алу, жұмыс орындары пайдаланушыларының іс-қимылдарын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта ену интерфейсі әкімшілендіру, өңдеу және қадағалау интерфейстерін қалыптастыруы тиіс. Ену интерфейсіне қойылатын талаптар ұлттық стандартпен белгіленеді.
Тармақ 38
38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.
Тармақ 39
39. Байланыс желісінде өзгеретін сәйкестендіргіштерді (телефон номірлерін, IP-мекенжайларын, МАС-мекенжайларын) пайдаланған кезде, мысалы абоненттерді тіркеген немесе NAT (Network Address Translation) қолданған кезде барлық абоненттердің иемденген барлық сәйкестендіргіштері олардың өзгеруінің барлық кезеңдерінде нақты сәйкестігін айқындауымен қызметтік ақпарат жиналуы қамтамасыз ету тиіс. Сонымен қоса деректерді жіберу желісінде абоненттерге динамикалық IP-мекен-жайлары иемденген кезде Интернет желісінде сырттағы IP-мекен-жайлары бойынша абоненттер хабарламаларының сәйкестендіруі қамтамасыз ету тиіс.
Тармақ 40
40. Жылжымалы ұялы байланыс желілерінде роумингтік абоненттерді қоса алғанда, абоненттік құрылғылардың орналасқан жерін анықтау базалық станцияның секторына дейінгі, оның ішінде қала жағдайында 300 метрге дейінгі дәлдігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Абоненттік құрылғылардың орналасқан жерлері анықталуы және орналасқан жерлері туралы мәліметтер жазылуы мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі тиіс:
байланыс желісінде тіркеу кезінде;
қосылу немесе қосылу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылу барысында орнын ауыстыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылуды жүзеге асырмай орнын ауыстыру кезінде (белсенді емес байланыс режимінде);
байланыс желісінде көрсетілетін қызметтерді қолдану кезінде;
абоненттің спутниктік геопозицияның функцияларын пайдалануы кезінде (аталған ақпарат байланыс желісінде болған кезде);
6 сағаттан аспайтын белгіленген мерзіммен желі ішіндегі сұраулар бойынша.
Абоненттік құрылғылардың орналасқан жерлерін көресету өңдеу интерфейсі арқылы сұратымдар бойынша кестелер түрінде аймаққа және/немесе аймақтың географиялық картасының бейнесіне байланыстыра отырып, қамтамасыз етілуі тиіс.
Аймақтың географиялық картасын өзекті қалыпқа дейін жаңарту кемінде 3 айда бір рет жүзеге асырылуы тиіс.
Ұялы байланыс желісібарлық базалық станцияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Аталған мәліметтерді өзекті қалыпқа дейін жаңарту кемінде айына бір рет жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 41
41. АҚА жинау және сақтау құралдары желіге уақытша қосылған (роумингтік абоненттері) абоненттерді қоса алғанда, байланыс желісінің барлық абоненттеріне қатысты қызметтік ақпаратты желінің барлық трафигі бойынша, жоғалтусыз толық көлімде жинауды үзіліссіз, тәулік бойы режимінде қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 42
42. АҚА жинау және сақтау құралдары байланыс операторының байланыс қызметтерін пайдаланушылар және (немесе) абоненттер туралы өзекті мәліметтер қамтылатын және аталған мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін байланыс желісінің ақпараттық жүйесінеқосылуы тиіс.
Тармақ 43
43. АҚА жинау және сақтау құралдары CSV форматымен файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат тасымалдағыштар мен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс. Жазбалар көлемін қайта жазудың (экспорт жасаудың) өнімділігі 4-тен аспайтын сағат ішінде бір тәулік бұрын қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 44
44. АҚА жинау және сақтау құралдары байланыс желісінің барлық абоненттеріне қатысты АҚА 2 жылдан кем емес уақыт мерзімінде сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 45
45. АҚА жинау және сақтау құралдары өңдеу интерфесі арқылы АҚА алуға сұрауларды қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бір мезгілде кемінде 200 сұрауларды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, аталған сұраулар санын орындау уақыты 20 минуттан аспауы керек. Сұрауларды қалыптастыру бойынша талаптар ұлттық стандартпен белгіленеді.
Тармақ 46
46. АҚА жинау және сақтау құралдары іс-қимылдың уақытын және түрін қоса алғанда, әкімшілендіру, өңдеу және бақылау интерфейстері арқылы жасалған барлық іс-қимылдарды, рұқсатсыз ену әрекеттерін электрондық журналдарда жазуды қамтамасыз етуі тиіс.
Аталған жазуларды 2 жыл бойы сақтау қамтамасыз етілуі тиіс.
Электрондық журналдарға ақпаратқа өзгерістер енгізу мүмкіндігін болдырмай қарау үшін әкімшілендіру және бақылау интерфейстері арқылы ену қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 47
47. АҚА жинау және сақтау құралдары өз құрамында маңызды вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 48
48. Коммутациялық жабдықтың АҚА жинау және сақтау құралдары қағаз және электрондық тасымалдағыштарда(мемлекеттік және орыс тілдерінде) мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық құжаттамамен бірге жүруі тиіс:
Тармақша 1
1) тізбе, техникалық сипаттама, қосу схемасы;
Тармақша 2
2) пайдалану ережелері;
Тармақша 3
3) техникалық қызмет көрсету жөніндегінұсқаулық.
Техникалық сипаттама мен қосу сызбасы мыналарды бейнелеуі тиіс:
Тармақша 1
1) қалалар мен елді мекендердің географиялық орналасқан жерлерін ескере отырып, телекоммуникация желісінің орналасуы;
Тармақша 2
2) АҚА жинау және сақтау функциялары мен құралдарының сипаттамасы;
Тармақша 3
3) АҚА жинау және сақтауорталығының телекоммуникация желісінде орналасуы;
Тармақша 4
4) әкімшілендіру, өңдеу және бақылау жұмыс орындарының қосылуы туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) оларға қатысты АҚА жинау және сақтау қамтамасыз етілетін абоненттер топтары;
Тармақша 6
6) рұқсатсыз енудің физикалық және аппараттық-бағдарламалық шектеу құралдарының сипаттамалары.
Тармақ 49
49. АҚА жинау және сақтау құралдары өз техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды, істен шығу, жұмысын тоқтату, апаттар туралы хабарламалар құруды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 50
50. Жекелеген коммутациялық жабдықтың АҚА жинау және сақтау құралдары байланыс желісінде АҚА жинау және сақтау орталығын құрып, ену интерфейсі негізінде өзара аппараттық және бағдарламалық біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
АҚА жинау және сақтауорталығы барлық байланыс желісі бойынша АҚА ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 51
51. Байланыс желісінде 2-тармақта көрсетілген әртүрлі байланыс түрлерін біріктірген жағдайда (мысалы, тіркелген телефон байланысы және деректер беру) байланыс түрлері бойынша бөлек АҚА жинау және сақтауорталықтарын құру қамтамасыз етілуі тиіс (мысалы, телефон байланыс бойынша жеке, деректер беру бойынша жеке).
Тармақ 52
52. АҚА жинау және сақтауорталығы әкімшілендіру, өңдеу және бақылау компьютерлік жұмыс орындарын бір мезгілде қосу мен қызмет етуі үшін ену интерфейсін қамтамасыз етуі тиіс. Интерфейске қойылатын талаптар ұлттық стандартпен белгіленеді.
Тармақ 53
53. Әртүрлі байланыс операторларының байланыс желілері 50–52-тармақтардың талаптарын сақтай отырып, ену интерфейстерінің және аталған желілердің АҚА жинау және сақтау орталығын құру негізінде АҚА жинау және сақтау құралдарын біріктіру көмегімен АҚА жинау және сақтау функциялары бойынша біріктірілуі мүмкін.
Барлық біріктірілген байланыс желілеріндегі АҚА бір мезгілде жинау, сақтау және ұсыну қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 3. 3-параграф. ЖІШ өткізу құралдарын және АҚА жинау және сақтау құралдарын рұқсатсыз енуден қорғау бойынша талаптар
3-параграф. ЖІШ өткізу құралдарын және АҚА жинау және сақтау құралдарын рұқсатсыз енуден қорғау бойынша талаптар
Тармақ 54
54. ЖІШ өткізу құралдары және АҚА жинау және сақтау құралдары ЖІШ өткізу және АҚА жинау және сақтау техникалық мүмкіндіктері, белгіленген абоненттердің телефон нөмірлерлері мен өзге де сәйкестендіргіштері туралы, АҚА алу бойынша сұраулар туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету тиіс.
Тармақ 55
55. ЖІШ өткізу құралдарының және АҚА жинау және сақтау құралдарының құрамында мынадай құралдар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) рұқсатсыз енуден қорғау;
Тармақша 2
2) физикалық әсер ету туралы сигнализация (ашу, қосу, сынып қалу және тағы басқа туралы);
Тармақша 3
3) алыстағы рұқсатсыз енудің әрекеттерін ықпал ету көздерін анықтау үшін тіркеу, оның ішінде жабдықтың техникалық мүмкіндерін есепке ала отырып, ықпал ету уақытын, орнын және түрін тіркеу.
Тармақ 56
56. ЖІШ өткізу құралдарына және АҚА жинау және сақтау құралдарына рұқсатсыз енудің немесе оларды рұқсатсыз пайдаланудың әрекеттері рұқсатсыз әрекеттердің басталуы мен аяқталуы уақытын көрсетуімен электронды журналдарда тіркелуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Коммутациялық жабдықтың сәйкестігін растау
5-тарау. Коммутациялық жабдықтың сәйкестігін растау
Тармақ 57
57. Коммутациялық жабдықтың сәйкестігін растау техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы техникалық регламенттердің және осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Коммутациялық жабдықты сынау әдістері ұлттық стандартпен белгіленеді.
Тармақ 59
59. Зерттеу (cынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістері, оның ішінде техникалық регламенттің 4-тарауының талаптарын қолдану мен орындау үшін және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді саралау қағидалары ҚР СТ 1598-2015 «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге арналған коммутациялық жабдықтың құралдары. Сынақ әдістері» ұлттық стандартында көрсетілген.
Тармақ 60
60. Коммутациялық жабдық міндетті сертификациялау түрінде осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауға жатады.
Тармақ 61
61. Коммутациялық жабдықтың ЖІШ техникалық өткізу функциялары бойынша немесе АҚА жинау және сақтауфункциялары бойынша сәйкестігін бөлек растауға рұқсат етіледі.
Тармақ 62
62. Коммутациялау және байланыс желісінде сигналдарды жіберу жеке торабын білдіретін (оның ішінде таратылған коммутациялайтын жабдықтарынан тұратын), құрамында ЖІШ өткізу құралдары және АҚА жинау және сақтау құралдары бар коммутациялық жабдық сәйкестікті растауға жатады.
Тармақ 63
63. Коммутациялық жабдықтын байланыс желісінде ЖІШ өткізу құралдарын немесе АҚА жинау және сақтау құралдарын біріктіруімен ЖІШ өткізу орталығы немесе АҚА жинау және сақтау орталығы құрылғанда әрбір бөлек коммутациялық жабдық бөлек ЖІШ өткізу құралдарымен немесе АҚА жинау және сақтау құралдарымен қоса сәйкестіктін растауына жатады.
Тармақ 64
64. Сертификацияға өтініш беруші байланыс операторы, даярлаушы немесе жабдық жеткізуші болуы мүмкін.
Тармақ 65
65. Сертификациялық сынақтарды өткізу үшін сәйкестікті растау жөніндегі орган сынақтар бағдарламасын құрастырады және бағдарламаны ЖІШ өткізу жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. Сынақтар бағдарламасында сынақтар объектісі мен көлемінің сипаттамасы болу тиіс. Сертификациялық сынақтар сынақтар бағдарламасының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 66
66. Сертификация өткізу әрбір бұйымды сынау схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Сертификациялық сынақтар кезінде ЖІШ техникалық өткізудің немесе АҚА жинау және сақтаукоммутациялық жабдығының функцияларын тексеру үшін аппараттық, бағдарламалық және сындарлы орындалуы бар тесттік жабдықтары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 68
68. Сертификациядан өткен коммутациялық жабдық сәйкестік белгісімен таңбаланады.
Тарау 6. 6-тарау. Техникалық регламенттің қолданыс мерзімдері мен шарттары
6-тарау. Техникалық регламенттің қолданыс мерзімдері мен шарттары
Тармақ 69
69. Осы техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 70
70. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген уақыттан бастап осы техникалық регламенттің қолдану саласына кіретін коммутациялық жабдық бекітілген талаптарға сәйкес болу тиіс.
Тармақ 71
71. Коммутациялық жабдықтың ЖІШ өткізуін және АҚА жинау және сақтауын қамтамасыз ету бойынша талаптарға осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған сәйкестік растау сертификаттары олардағы белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін қолданыста деп есептеледі.
Тармақ 72
72. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген уақыттан бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, стандартизация бойынша нормативтік құжаттар және осы саладағы нормативтік-техникалық құжаттар, осы техникалық регламентке сәйкестендірілгенше техникалық регламенттің талаптарына қайшы келмейтін бөліктері ғана орындалуы тиіс.