О передаче финансирования медицинских организаций на областной бюджет Қолданыста
Басқа 0
Медициналық ұйымдарды қаржыландыруды облыстық бюджетке беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңын, Казақстан Республикасы Үкіметінің 27.10.2000 жылғы «Тегін медициналық жәрдемнің кепілді мөлшерін бекіту туралы» №135 қаулысын жүзеге асыру, Ақмола облысының тұрғындарына жоғары білікті акушер- гинекологиялық көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, туберкулезбен ауыратындарға меджәрдем көрсетуді қамтамасыз ету және ЕПҮ дәрежесін орындайтын міндеттеріне сәйкес келтіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 01.01.2002 жылдан бастап төмендегі денсаулық сақтау ұйымдары облыстық бюджеттен қаржыландыруға берілсін:
Тармақша 1
1) Щучье ауданының әкімі Әкімов Р.Қ. — Щучье туберкулезге қарсы диспансерін;
Тармақша 2
2) Целиноград ауданының әкімі Қамзебаев С.Е. — Целиноград аймақтық ауруханасын;
Тармақша 3
3) Көкшетау қ. Әкімі Баяхметов Е.Б. — перинаталдық орталықты;
Ардагерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылары емханасын.
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласының әкімі Баяхметов Е.Б., Щучье ауданының әкімі Әкімов Р.Қ., Целиноград ауданының әкімі Қамзембаев С.Е. берілетін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын (жабдық, жиһаз, құралдар), Щучье туберкулезге қарсы диспансерінің ғимаратынан басқасын, аудандар мен Кокшетау қаласының коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншігіне тапсырсын.
Тармақ 3
3. Аталған аудандардың және Көкшетау қаласының әкімдері берілетін ұйымдар бойынша 31.12.2001 жылға дейін пайда болған кредиторлық борышты 31.12.2001 жылғы мерзімге дейін өтесін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау бюджеті бағдарламасының әкімшісі (Комалдинов И.М.) медициналық ұйымдарды әділет басқармасында қайта тіркеуден өткізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) 2002 жылғы бюджет қалыптастырғанда берілетін медициналық ұйымдарды облыстық бюджетте ұстауға қаражат қарастырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.