Об утверждении формы заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта и правил её приема и регистрации Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына 1-қосымша нысан «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға болып табылатын _______________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ Қосымша: 1) _____________________________________________________________; 2) _____________________________________________________________; 3) _____________________________________________________________. (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы) ________________________________________________________________ (қолы және мөрі (болған жағдайда))
Басқа 2. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына 2-қосымша нысан Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші-арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;;
Тармақша 2
2) арнайы инвестициялық жоба – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.
Тарау 2. 2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі
2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Тармақ 4
4. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме немесе еркін қойма иесі үшін еркін қоймалар тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 3
3) іске асырылған жобалар үшін – тіркелген активтердің енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері; іске асырылатын жобалар үшін-заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін құжаттардың көшірмелері. Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілер үшін: нақты тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген құжаттан басқа, қосымша, көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі; Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өндірушілер үшін – осы тармақтың бірінші және екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыс орындарын, инвестицияларды, тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың компоненттерінің тізбесін, тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың компоненттерінің өндірісі жөніндегі технологиялық операцияларды көрсететін құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.
Тармақ 5
5. Өтінім уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу нөмірі мен күні беріліп қабылданады және тіркеледі, содан кейін уәкілетті органның бірінші басшысына не оның орынбасарына беріледі.
Тармақ 6
6. Өтінім тіркелген күні уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне өтінімді береді.