Об утверждении Правил и условий заключения и расторжения специального инвестиционного контракта Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция Комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
«___»__________2017 жыл
Басқа 0. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың
қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2017 жылғы «__» _______
№_______ бұйрығымен бекітілген
Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың
қағидалары мен шарттары
Тарау 1. 1-Тарау. Жалпы ережелер
1-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзудың Қағидалары мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) арнайы инвестициялық жоба - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асырып жатқан инвестициялық жоба немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба;
Тармақша 2
2) арнайы инвестициялық келісімшарт - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар ұсынуды көздейтін шарт;
Тармақша 3
3) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берген моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
Тарау 2. 2-Тарау. Арнайы инвестициялық келісімшартты
жасасудың және бұзудың тәртібі
2-Тарау. Арнайы инвестициялық келісімшартты
жасасудың және бұзудың тәртібі
Тармақ 3
3. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға «Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың келісімшартты жасаудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығының (бұдан әрі – 2017 жылғы 6 ақпандағы №74 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі-өтінім) береді.
Тармақ 3-1
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган Кодекстің 295-1-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы инвестициялық жобалар үшін инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiм түскен күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қою үшін дайындайды .
Тармақ 5
5. Арнайы инвестициялық келісімшарт өтініш беруші мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жасалады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенде;
Тармақша 2
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелгенде;
Тармақша 3
3) өтініш берушімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасалғанда.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган арнайы инвестициялық келісімшарт жасасуға мынадай негіздерде бас тартады:
Тармақша 1
1) өтініш берушімен толық емес құжаттар топтамасын ұсыну;
Тармақша 2
2) өтініш берушімен дәйексіз мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағымен белгіленген шарттарына сәйкес келмеуі.
Тармақ 7
7. Арнайы инвестициялық келісімшарт қолданысы мынадай жағдайларда бұзылады:
Тармақша 1
1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі немесе мерзімнен бұрын арнайы экономикалық аймақ қатысушысы, бос қойманың иесі ретінде тіркеуден бас тарту кезінде, заңды тұлғамен жасасқан моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді бұзған жағдайда заңды тұлғамен жасасқан арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын, моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді осындай заңды тұлғамен міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұзу, оның ішінде бос қойма иесімен жасасқан моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімді, осындай келісімдерде көрсетілген мідеттемелер;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде;
Тармақша 3
3) 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген заңды тұлға инвестициялық преференцияларды алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, инвестициялар мәселесі жөніндегі уәкілетті орган ведомствоваларының, индустриалды-инновациялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның хабарламасының болуы арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және (немесе) бұзылуы туралы хабарлама уәкілетті органына арнайы инвестициялық келісімшартты тіркеген күннен бастап және (немесе) бұзу туралы шешім қабылданғанда бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті кеден ісі cаласындағы органына жіберіледі.