"Қазақстан Наурыз Банкі" ААҚ кепілдігін алудың кейбір мәселелері туралы Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Наурыз Банкі" ААҚ кепілдігін алудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 "2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы", және 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 449 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" қаулыларын орындау, сондай-ақ көктемгi дала жұмыстарын уақытылы өткiзу мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қызылорда - Сервис" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны (Б.Рустемов) белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 "2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы" Қаулысымен бекiтiлген 2001 жылғы егiннiң астығын екi деңгейлi мемлекеттiк сатып алу Ережесiн орындау жөнiндегi операторы болып анықталсын және облыстық ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерi үшiн "Қазақстан Наурыз Банкi" ААҚ кепiлдiгiмен "Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ-нан тұқымдық несие алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Осы қалының бiрiншi тармағын орындау үшiн "Қызылорда-Сервис" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның есебiне "Қазақстан Наурыз Банкi" ААҚ банктiк кепiлдiгiн қамтамасыз етуге қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiктегi объектiлердiң тiзiмi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.А.Нұртазаевқа жүктелсiн.
Басқа 4
Қызылорда облысы әкiмиятының
2001 жылғы 4 мамырдағы
N 17 қаулысымен бекiтiлген
Кепiлдiктi қамтамасыз етуге берiлген коммуналдық меншiктегi
объектiлердiң тiзiмi
Реттiк
саны
Объектiнiң аты
млн. теңге
Мекен-жайы
Бағалау құны,
1.
Консультативтiк-диагности
калық орталық ғимараты
Абай
даңғылы, 60
237,0
2.
Н.Бекежанов атындағы му-
зыкалық драмалық театры- ның ғимараты
Желтоқсан
көшесi,
144,0
3.
А.Тоқмағанбетов атындағы
мәдениет үйiнiң ғимараты
Қазбек би
көшесi
25,7
Барлығы
406,7