О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Министр _______________ Д. Абаев 2016 жылғы 25 қарашадағы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Министр _______________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 30 қарашадағы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Министр ___________Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 26 желтоқсандағы
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысына қосымша Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 8
8. «Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7624 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 510-515 (27588) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы Нұсқаулықта көзделген, банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 (бұдан әрі – № 92 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы» 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 (бұдан әрі – № 147 қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларында белгілеген деңгейде қолдау бойынша шаралар қабылдайды.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылаудың, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылауды;»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері № 92 және № 147 қаулыларда белгіленген ең төмен нормативтік мәндерден төмендеген жағдайда: 1) банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы – банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде банк акционерлерінің жалпы жиналысының орындалуға міндетті, оның ішінде Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) қабылдауының бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға ұсынады; 2) банк холдингі не банкті бақылайтын немесе шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады. Банкте біреуден артық банк холдингі не банктің ірі қатысушылары болған жағдайда осы банк холдингтері және (немесе) банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді бірлесіп жүзеге асырады. 10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімдері және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімдері көрсетіледі. Банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының Іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген талабы орындалмаған жағдайда банк холдингі не банктің ірі қатысушысы орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.».
Тармақ 9
Тармақ 10
Тармақ 11
11. «Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 234 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8795 тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада «Заң газеті» газетінде № 172 (2373) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысанын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысаны бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарт нысанында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарт»; 4-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «23) Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қордың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама алған күннен бастап уәкілетті органнан Қор лицензиясының қолданылуын қайта бастау туралы хабарламасын алған күнге дейін орындамауға;».
Тармақ 12
12. «Кастодиандық үлгі шарттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9487 тіркелген, 2014 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) қоса беріліп отырған Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны; 2) қоса беріліп отырған Кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарт»; 5-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «24) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Компанияға, Басқарушыға, сондай-ақ қор биржасына жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабарлауға міндетті.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарт нысанында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарт»; 4-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Компанияға, сондай-ақ қор биржасына жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабарлауға міндетті.»;
Тармақ 13
Басқа 1
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
Басқа 4
Мөр орны (бар болса) Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
Басқа 5
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша