Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в борьбе с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз
айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнің арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
Келісім
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнің арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
Келісім
2002 жылғы 21 наурыздан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық
шарттары бюллетені, 2002 ж., N 5, 46-құжат
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi;
өз халықтарының өмiрiне, денсаулығына, тұрмыс жағдайына қатер төндiретiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қиянатпен пайдаланушылық пен олардың заңсыз айналымы проблемаларының өсе түсiп отырған ауқымына үлкен алаңдаушылық бiлдiре отырып;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың қауiп-қатерiнің көлемi халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда жаңа стратегиялар мен ұстанымдарды талдап жасауды талап ететiнiн пайымдай отырып;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды қиянат жасап пайдалануға қарсы күрес iсiнде ынтымақтастықты нығайту Тараптар мемлекеттерi халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап бередi деп есептей отырып;
1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы БҰҰ бiрыңғай конвенцияға жасалған түзетулер туралы 1972 жылғы хаттамаға сәйкес түзетулер енгiзiлген 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы БҰҰ бiрыңғай конвенцияны, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияны және Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылғы конвенциясын назарға ала отырып;
Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың өндiрiсiне, ұсынысына, сұранысына, олардың заңсыз айналымы мен таратылуына қарсы күрес iсiндегi
1990 жылғы Халықаралық ынтымақтастықтың бүкiл дүниежүзілік іс-қимыл
бағдарламасында жарияланған мақсаттар мен мiндеттердi ескере отырып;
Жалпы жұрт таныған қағидаттар мен халықаралық құқықтың нормаларын
басшылыққа ала отырып;
Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарын сақтай отырып;
төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптардың құзыреттi органдары
арасындағы тiкелей байланыстар мен уағдаластықтар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасына қатысты:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы
күрес жөнiндегi агенттiгi (негiзгi үйлестiрушi);
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi
агенттiгi;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi құзыреттi органдар болып табылады.
Тәжiкстан Республикасына қатысты:
Тармақ 1
1. Тәжiкстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Есiрткiлерге
бақылау жасау жөнiндегi агенттiк (негiзгi үйлестiрушi);
Тармақ 2
2. Тәжiкстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi;
Тармақ 3
3. Тәжiкстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
Тармақ 4
4. Тәжiкстан Республикасының Қауiпсiздiк министрлiгi;
Тармақ 5
5. Тәжiкстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi;
Тармақ 6
6. Тәжiкстан Республикасының Үкiметi жанындағы Кеден комитетi;
Тармақ 7
7. Тәжiкстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi комитетi құзыреттi органдар болып табылады.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тараптар есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға бақылау жасау, барлық мәселелер бойынша өздерiнiң ұлттық саясатын үйлестiретiн болады және халықаралық форумдарда келiсiлген ұстанымдар тұрғысынан шығуға ұмтылады.
Әрбiр Тараптың құзыреттi органдары ұлттық заңдарына сәйкес өзiнiң бастамасы бойынша немесе сұрау салу бойынша мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде төмендегiдей ақпараттар алмасады:
Тармақ 1
1. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымға түсу көздерiн анықтаудың нысандары мен әдiстерi және оларды таратудың жолын кесуде қолданылатын әдiстер, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушыларды анықтаудың әдiстемесi туралы, есiрткi құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзушiлердi анықтау жөнiнде жедел iздестiру қызметiн ұйымдастыру туралы;
Тармақ 2
2. Нақты фактiлер, оқиғалар және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мемлекетаралық заңсыз айналымына қатысы бар адамдар туралы;
Тармақ 3
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мемлекетаралық заңсыз айналымы кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары, жүктер, пошта жөнелтiлiмдерi, бағыттар туралы;
Тармақ 4
4. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тараптар мемлекеттерiнiң аумағына немесе аумағынан заңсыз өткiзудiң анықталған фактiлерi немесе әрекеттерi туралы;
Тармақ 5
5. Тасымалдау кезiнде қолданылатын есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жасырудың тәсiлдерi және шекаралық бақылауды ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды анықтаудың әдiстерi туралы;
Тармақ 6
6. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз тасымалдаушылар мен олардың айналысының анықталған бағыттары туралы;
Тармақ 7
7. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қиянат жасап пайдаланушылыққа және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарын бұзған адамға немесе адамдар тобына қатысты iстер туралы;
Тармақ 8
8. Есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз операциялар жасаудан алынған кiрiстердi заңдастырудың тәсiлдерi мен әдiстерi туралы;
Тармақ 9
9. Заңсыз айналымда пайда болған есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың жаңа түрлерi, оларды дайындаудың технологиялары және осы орайда пайдаланылатын заттар, есiрткiлердi табу жөнiндегi жаңа техникалық құралдар туралы, сондай-ақ өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн өзге де ақпараттар;
Бап 3. 3-бап
3-бап
Ауызша да, жазбаша түрде де Тараптар ұсынатын ақпараттар құпия болып есептеледi және осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында ғана пайдаланылады.
Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа беретiн ақпарат беретiн Тараптың келiсiмiмен ғана үшiншi Тарапқа берілуi мүмкiн.
Бiр Тарап беретiн құпия ақпараттың әйгілену мүмкiндiгi немесе әйгiлi болуы туындаған жағдайда екiншi Тарап берген Тарапқа кiдiрiссiз хабарлайды, осы оқиғаның мән-жайы және оның салдарлары, сондай-ақ болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшiн қолданылған шаралар туралы хабарлайды.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес және қолданыстағы халықаралық шарттарға сәйкес бiр-бiрiне берiлетiн ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етедi.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар бақыланатын жеткiзiлiмдердi өткiзудi қоса алғанда, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының арналарын жабу жөнiндегi келiсiлген iс-шаралар мен операцияларды жүзеге асырады.
Бақыланатын жеткiзiлiмдердi өткiзу туралы шешiм әрбiр жекелеген жағдайда қабылданады және қажет болса Тараптардың қаржылық уағдаластығын ескередi.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тараптар өздерiнiң заңдарына сәйкес мемлекеттерiнiң аумақтарында
тәркiленген есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
үлгiлерiн, олардың шығу тегін, сондай-ақ химиялық және физикалық
сипаттамаларын анықтау мақсатында талдау мен зерттеу үшін халықаралық
стандарттарға сәйкес жұмыс жасайтын зертханалардың қарауына беруi мүмкiн.
Тараптар алынған мәлiметтердi өзара тиiмдi шарттармен бiр-бiрiне ұсынады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптардың құзыреттi органдары өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес
сұрау салу бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келiсiмде көзделген жәрдем көрсету туралы барлық сұрау салуларда:
Тармақша а
а) сұрау салған Тараптың құзыреттi органының және сұрау салынған
Тараптың құзыреттi органының атауы;
Тармақша б
б) сұрау салу мәнiн баяндау;
Тармақша в
в) сұрау салудың мақсаты мен дәлелдi негiздемесiн көрсету;
Тармақша г
г) сұрау салынған жәрдемнiң мазмұны мен жауап алынуға тиiстi
мәселелердiң тiзбесi;
Тармақша д
д) тиiстi құжаттарды қоса алғанда, сұрау салуды орындау үшiн пайдалы
болуы мүмкiн кез келген басқа да ақпарат;
Тармақша е
е) сұрау салуды орындаудың қажеттi мерзiмi болуы тиiс.
Жазбаша нысанда берiлген немесе расталған жәрдем көрсету туралы сұрау
салуға белгiленген тәртіппен уәкiлеттi лауазымды тұлға қол қояды және
елтаңбалық мөрмен бекiтiледi.
Ақпарат алмасу үшiн Тараптар орыс тiлiн пайдаланатын болады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру шеңберiнде тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құзыреттi органдар арасында тiкелей байланыс арналарын орнататын болады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тараптардың құзыреттi органдары есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңды айналымына бақылаудың, нашақорлықтан емдеудiң, алдын алудың және нашақорлықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтудың жаңа әдiстерiн талдап жасауда және енгiзуде ынтымақтасады.
Тараптар осы салада ақпарат алмасуға жәрдемдеседi, оны көтермелейдi,
сондай-ақ мамандар делегацияларымен алмасуды жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тараптар өздерiнiң құзыреттi органдары арқылы кадрларды оқыту мен
қайта даярлауда ынтымақтасады, есiрткi құралдарына, психотроптық заттар
мен прекурсорларға бақылау жасау саласында мамандармен және сарапшылармен
алмасуды жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тараптар бақылауда болатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттар
мен прекурсорлардың ұлттық Тiзiмдерiмен алмасады және оларға енгiзiлген
өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тараптар есiрткілерге бақылау жасау саласындағы халықаралық
конвенциялар шеңберiнде және өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге
асырылатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және
прекурсорлардың экспорттық-импорттық операциялары туралы ақпарат алмасады.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Тараптар есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және
прекурсорларға бақылау жасау саласындағы өз мемлекеттерiнiң заңдары мен
тәжiрибелерi туралы ақпарат алмасады.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау
мақсатында жұмыс топтарын құруы, сарапшылардың кездесуiн өткiзуi және өз
араларында келiсiмдер жасасуы мүмкiн.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа
да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың мiндеттерiне ықпал
етпейдi.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар оның
ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың бiрде-бiрiнiң есiрткi
құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға бақылау жасау
мәселелерiнде ынтымақтастық орнатуына немесе оның басқа да өзара тиiмдi
нысандары мен әдiстерiн қолдануды көтермелеуiне кедергi жасамайтын болады.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейiн отыз күн өткеннен соң күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады, содан соң егер Тараптардың
бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа
тиiстi кезеңнiң өтуiне дейiн алты ай бұрын хабарламаса, келесi бесжылдық
мерзiмдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
Душанбе қаласында 13 маусымда әрқайсысы қазақ, тәжiк не орыс
тілдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда,
Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшін
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшін