Об утверждении Временной инструкции организации выполнения нерегулярных полетов иностранными гражданскими воздушными судами в воздушном пространстве Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың Уақытша нұсқаулығын бекіту туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 12.01.1999 № 36, ҚР Қорғаныс министрлігінің 14.01.1999 № 170, ҚР Көлік және коммуникациялар және туризм министрлігінің 08.01.1999 № 705А бұйрықтарымен. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж., ) сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі комитетінің ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларды орындауын ұйымдастыруды ретке келтіру және қазақстандық авиакомпанияларының мүдделерін қорғау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың Уақытша нұсқаулығы бекітілсін және мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енсін.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҒЫ
Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі комитетінің 1998 жылғы 14 шілдедегі N 98-П бұйрығымен Бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларының орындалуын ұйымдастырудың УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҒЫ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде оқтын-оқтын ұшуларды орындайтын шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелері, егер олар сыйақы немесе жалдау бойынша жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдаумен айналысса, онда "Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығымен берілетін арнайы тәртіптер және рұқсаттар жағдайында жолаушыларды, багажды немесе жүкті бортқа қабылдауы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі арнайы рұқсатты алу үшін шетел мемлекетінің авиация әкімшілігімен немесе пайдаланушы авиакомпаниямен ұсынылатын сұранымда (тапсырыста) N 2 қосымшада көрсетілген ҚР Аэронавигациялық ақпарат циркулярдан басқа мынадай мәліметтер болуы тиіс: - жүктің алғашқы тиеу пунктін көрсете отырып, кедендік жүк мәлімдемесі мен әуе жүгінің құжаттамасының көшірмесі.
Тармақ 3
3. Шетел мемлекеттерінің авиакомпанияларының оқтын-оқтын ұшуларды орындауына рұқсат беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
Тармақша 1
1) егер өтініш етілген ұшу бойынша тағайындалған авиакомпаниялармен тұрақты ұшулар орындалатын болса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану сұранымына (тапсырыс) осы Уақытша нұсқаулықпен 2 тармағында көрсетілген ақпараттар жазылмағанда немесе ҚР Аэронавигациялық ақпарат циркуляры мәліметтерінің мерзімі өтіп ұсынылғанда.
Тармақ 4
4. Шетелдік пайдаланушы авиакомпаниялармен бесінші - сегізінші әуе еркіндігін пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуларды орындауға рұқсат алу тәртібі мен сұранымының сақталуына тікелей бақылау жасау Әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығымен (ҚР ӘҚЖ БО) жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Мемавиақадағалауы шетелдік пайдаланушы авиакомпанияларының Қазақстан Республикасының халықаралық аэропорттарында оқтын-оқтын ұшуларды орындауға сұраныстарда (тапсырыста) көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады. Мәліметтердің дұрыс еместігі, дәл еместігі және толық еместігі анықталған жағдайда өз құзырының шегінде шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда материалдарды рәсімдейді және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту үшін оларды тиісті мекемелерге жібереді.