Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына және «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бес пайызы мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бес пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 4
4. Текелі қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Текелі қаласындағы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 420 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2255 тіркелген, 2013 жылдың 11 қаңтарында «Текелі тынысы» газетінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 420 «Текелі қаласындағы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 06 қазандағы № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2870 тіркелген, 2014 жылдың 24 қазанында «Текелі тынысы» газетінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Дуйсебаев Руслан Ертаевичке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.