Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию гражданских воздушных судов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiмде өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 74 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары
Тармақ 1
1. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкасы алым төленетiн күнi қолданылатын жетi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Тармақ 2
2. Оның мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген ставканың елу пайызын құрайды.