Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе Күшін жойған
Басқа 0
Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 505 бабына, 509 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы» 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-229 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешімінің 1 тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі
________________ Т. Ташмағамбетов
14 ақпан 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола
облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің «Бурабай ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ А. Есполов
14 ақпан 2017 жыл
Басқа 6
Бурабай аудандық маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
1 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№
р/с
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Санаттар
1.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат
Басқа 7
Бурабай аудандық маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
2 қосымша
Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту
№
Р/с
Автотұрақтар (паркинтер) санаты
Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту
1.
1 санат
он есе
2.
2 санат
он есе