Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Байганинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi № 544 «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Спановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудан әкiмдiгiнiң 17 қаңтар 2017 жылғы № 17 қаулысына қосымша Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар № Ауыл атауы Көшпелi сауданы жүзеге асыратын орындар Қарауылкелді ауылдық округi 1 Қарауылкелді Барақ батыр көшесi, № 52 үй (аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында) 2 Қарауылкелді Асау батыр көшесі, № 1 «А» (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы парктің алдында) 3 Қосарал Болашақ көшесi, № 13 «А» үйдің алдында 4 Көкбұлақ Сартөбе көшесі, № 23 үй (ауылдық клуб ғимаратының алдында) Көлтабан ауылдық округi 5 Жарлы Ардагерлер көшесі, № 7 үй (ауылдық клуб ғимаратының алдында) 6 Жарлы Болат Жолы көшесі, № 7 үйдің алдында 7 Қораши Қарабұлақ көшесі, № 13 үй (ауылдық клуб ғимаратының алдында) 8 Жыңғылдытоғай Наркеткен көшесі, № 6 үй (ауылдық кітапхана ғимаратының алдында) Ащы ауылдық округi 9 Ноғайты Орталық көшесi, № 9 үй (ауылдық клуб ғимаратының алдында) Қопа ауылдық округi 10 Ебейті 1 май көшесi, № 10 үйдің алдында 11 Қопа Ақтан көшесі, № 29 үйдің алдында 12 Айрық Айрық көшесі, № 8 үй (ауылдық кітапхана ғимаратының алдында) 13 Көптоғай Көптоғай көшесі, № 4 үйдің алдында Миялы ауылдық округi 14 Миялы Жем өзені көшесi, № 19 үйдің алдында 15 Дияр Мектеп көшесі, № 5 үйдің алдында Жаңажол ауылдық округi 16 Оймауыт Мәдениет көшесі, № 9 (ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдында) Сартоғай ауылдық округi 17 Алтай батыр Бұлақ көшесi, № 31/1 үйдің алдында 18 Баршақұм Жағалау көшесі, № 45 үйдің алдында 19 Шұқырши Сарыөзек көшесі, № 1/1 (ауылдық кітапхана ғимаратының алдында) Жарқамыс ауылдық округi 20 Жарқамыс Орталық көшесі, № 100 үйдің алдында 21 Қаражар Орталық көшесі, № 17 үйдің алдында 22 Ақтам Жағалау көшесі, № 1/2 үйдің алдында Қызылбұлақ ауылдық округi 23 Кемерши Бірлік көшесі, № 1 үйдің алдында 24 Бұлақтыкөл Соркөл көшесі, № 1 ауылдық клуб ғимаратының алдында 25 Жаңатаң Қаратас көшесі, № 11 ауылдық клуб ғимаратының алдында