О проведении конкурсов (тендеров) по предоставлению права на промысловый лов рыбы, закреплению водоемов (участков) и распределению объемов (лимитов) вылова рыбы между природопользователями по Южно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 18.11.2003 № 558 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының ұсынысын қарап:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібі (№ 1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссияның құрамы бекітілсін (№ 3 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.С.Халмұрадовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 7 қарашасындағы № 210 қаулысына № 1 қосымша 📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 4 тамыздағы № 390 қаулысымен. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің осы Қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережелеріне", Қазақ Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда 2199 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының су айдынындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға құжаттар беру, олардың жұмыстарын тоқтату және қайта бастау туралы нұсқаулыққа сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Конкурстың (тендердің) мақсаты табиғатты пайдаланушыларға конкурс негізінде кәсіптік балық аулау құқығын беру, аймақтық экологиялық дамуын, су айдыны аумақтарына жақын орналасқан тұрғындардың азық-түлікпен және жұмыспен қамтамасыз етілуін қоса алғанда, олардың басымдық мүдделерін есепке ала отырып, балық кәсіпшілігіндегі бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 3
3. Конкурс (тендер) өткізудің негізгі қағидалары:
Тармақша 1
1) түрлі меншік нысанындағы табиғатты пайдаланушылар арасында облыстағы су айдындарын (учаскелерін) әділ және дұрыс бөлу;
Тармақша 2
2) жеңімпаздарды іріктеу мәселелерді субъективті шешу мүмкіндігін болдырмастан табиғатты пайдаланушылар мен тілек білдірген барлық бақылаушылардың қатысумен өткізіледі;
Тармақша 3
3) өте ұтымды тендерлік ұсыныстар берген табиғатты пайдаланушы кәсіптік балық аулау құқығына ие болады. Бұл жерде балық қорларын ұлғайта өсіруге, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған балық өсіру мелиоративтік шараларды жүргізуге белсене қатысушы кәсіптік балық аулаумен маманданған ұйымдарға басымдық беріледі;
Тармақша 4
4) кәсіптік балық аулауға келісім шартты Конкурстың жолмен алу табиғатты пайдаланушыларға тендерлік құжаттарда белгіленген бірыңғай талаптардың негізінде бәсекелесуге мүмкіндік береді;
Тармақ 4
4. Конкурстың (тендердің) міндеті: Балық қорларын тиімді пайдалану мен ұлғайтуға өсіруді, су айдындарында экологиялық жағдайды жақсартуды, балық өсіру мелиоративтік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мәселесінде оңтайлы жағдайларды қамтитын ең ұтымды ұсыныстарды анықтау.
Тармақ 5
5. Конкурстың (тендерлік) комиссияның жұмыс органы болып табылатын балық аулауды реттеу жөніндегі арнайы уәкілетті орган Конкурстың (тендердің) ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 6
6. Конкурстың (тендерлік) өтінім (осы тәртіптің 19 тармағындағы барлық тізімдегі құжаттар) әлеуетті табиғат пайдаланушылар тарапынан соғылып бекітілген түрде Конкурстың (тендерлік) комиссияның жұмыс тобына тапсырылады.
Тармақ 7
7. Конкурстың (тендерлік) өтінімдер қолма-қол немесе пошта арқылы тапсырылады.
Тармақ 8
8. Конкурстың (тендерлік) өтінімдерді жұмыс тобы ашады.
Тармақ 9
9. Жұмыс тобы тапсырылған құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс дайындалғандығын тексереді және оларды Конкурстың (тендерлік) комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 10
10. Тізімдегі құжаттар толық тапсырылмаған немесе олар дұрыс дайындалмаған жағдайда бұндай Конкурстық (тендерлік) өтінім қабылданбайды және қаралынбайды.
Тармақ 11
11. Жұмыс тобының құрамын Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 87 бұйрығына сәйкес Конкурстың (тендерлік) ұйымдастырушы анықтайды.
Тармақ 12
12. Конкурстың (тендерлік) процесс, оны хабарландыруынан бастап жеңімпаздарды іріктеуді аяқтау, 60 күннен артық болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. Конкурс (тендер) жеңімпаздары арнайы уәкілетті органмен бірге балық қорларын пайдалануға шарт жасау құқығын алады.
Тармақ 14
14. Конкурсқа (тендерге) облыстағы су айдындарының жекеленген немесе бірнеше учаскелері қойылуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Табиғат пайдаланушылар арасында балық аулау мөлшерін (лимитін) және квотаны үлестіру Конкурстың (тендерлік) комиссияның шешімінің негізінде арнайы уәкілетті орган тарапынан жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастыру
2-тарау. Конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Арнайы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ әлеуетті қатысушыларға конкурс (тендер) өткізуден 30 күн бұрын ескерте отырып, Конкурстың (тендердің) негізгі талаптарын, тәртібін және өтетін уақытын хабарлайды (№1 қосымша).
Тармақ 17
17. Конкурсқа (тендерге) меншік нысанына қарамастан балық өнімдерін аулауға, ұлғайта өсіруге, өңдеуге және сатуға материалдық-техникалық базасы бар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 87 бұйрығында көрсетілген талапқа сәйкес келетін кез-келген заңды тұлға және жеке тұлға қатыса алады:
Тармақша 1
1) белгіленген балық аулау ережесіне сәйкес кәсіптік балық аулауды жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатын, жүзу құралдарының (қайық, катер және кәсіпшілік механизмдер, аулау құралы, өндірістік қуатының (өндірістік бөлмелер, цехтар, мұздатқыш қондырғылар, технологиялық жабдықтарының және басқаларының) болуы;
Тармақша 2
2) қаржы жағдайының болуы;
Тармақша 3
3) су айдындарында экологиялық жағдайын, балық және басқа су жануарларын ұдайы өсіруді, мекендеу жағдайын жақсартуға бағытталған балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын (ұдайы өндіру, балықтың өсуі жағдайын жақсарту, су өсімдіктерінің шабындарымен күрес, кәсіпшілік аулаудан шабақтарды құтқару, өліп қалған балықтарды жинау мен көму және басқалар) жүргізуге мүмкіншілігі болуы;
Тармақ 18
18. Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдірушілер тендерлік құжаттар пакетін алуға арнайы уәкілетті органға жазбаша өтінім беруі тиіс.
Тармақ 19
19. Тендерлік құжаттар пакетіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) қатысушы туралы ақпарат (2 қосымша);
Тармақша 2
2) конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау (3 қосымша);
Тармақша 3
3) тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі (4 қосымша);
Тармақша 4
4) қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары (5 қосымша);
Тармақша 5
5) арнайы уәкілетті органға бәсекелестік ұсыныстарды беру үшін бәсекеге қойылған жеке-дара су айдындарының (учаскелерінің) санына тең конверттердің (бір үлкен және екі кіші) жиынтығы.
Тармақ 20
20. Қатысушыларға дайындалған тендерлік құжаттар мөрмен басылып куәландырылуы тиіс және оларды қатысушыларға бергенде арнайы журналда тіркеледі.
Тармақ 21
21. Қатысушы арнайы уәкілетті органның жұмыс тобына комиссия мүшелерінің санына тең мөлшерде тендерлік ұсыныстарды және қатысушы туралы ақпаратты тапсырады. Тендерлік ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпарат бөлек екі пакеттерге алынып, мөр басылып жабылады да, пакетке салынып, ол да мөр басылып жабылады. барлық үш конвертте де тану белгілері және қатысушы туралы мәлімет болмауы тиіс.
Тармақ 22
22. Тендерлік ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі мен конкурс (тендер) өткізу мерзімінің арасы бес күн болуға тиіс. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы тендерлік ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күнін, хабарландыруды және бәсекеге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттарды көрсетуге тиіс.
Тармақ 23
23. Белгіленген уақыттан соң түскен ұсыныстар конкурсқа (тендерге) қатысуға жіберілмейді. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы уақытында берілген тендерлік ұсыныстардың барлығын қалдырмай қабылдауға міндетті.
Тармақ 24
24. Қатысушылардың бәсекелік ұсыныстарын ұйымдастырушы тіркеуден өткізген соң, оларға толықтырулар және кез келген өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Тармақ 25
25. Конверттерді ашу, қарау, тендерлік ұсыныстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау конкурстан (тендерлік) комиссия тарапынан ашық түрде іске асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Тендерлік ұсыныстардың мазмұны мен оларды бағалау
3-тарау. Тендерлік ұсыныстардың мазмұны мен оларды бағалау
Тармақ 26
26. Ұсынылатын тендерлік ұсыныстардың үлгілері 4 қосымшада келтірілген.
Тармақ 27
27. Тендерлік ұсыныстар төмендегі өлшемдер жиынтығын қамтуы мүмкін, соған байланысты Конкурстың (тендерлік) комиссия баға береді:
Тармақша 1
1) экологиялық талаптар, онда шаруашылық және өзге қызметке жол беріледі;
Тармақша 2
2) бекітілген төлем ставкаларына сәйкес жануарлар дүниесін (балықты кәсіптік аулау және басқа да су жануарларын олжалау) пайдаланғаны үшін төлемді енгізу міндеттілігі;
Тармақша 3
3) оған берілген су айдынын (учаскесін) бөтен тұлғаға беруге тыйым салу;
Тармақша 4
4) табиғат пайдаланушылардың қолданыстағы балық аулау ережелерінде көрсетілген міндеттемелерді орындауы бойынша талаптар;
Тармақша 5
5) балық қорларын қорғау бойынша және бекітілген су айдынында (учаскеде) олардың өсімін молайту жағдайына талаптар;
Тармақша 6
6) табиғат пайдаланушылардың арнайы уәкілетті органның талаптары бойынша қажетті ақпаратты және белгіленген есепті ұсынуы;
Тармақша 7
7) келісімнің шарттары мен талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі және міндеті;
Тармақша 8
8) балық пен балық өнімдерін сақтау, тоңазыту, өңдеу үшін өндірістік бөлмелердің, құрал-жабдықтардың, арнайы автокөліктің, жүзу құралдарының, балық аулау құралдарының болуы;
Тармақша 9
9) білікті мамандармен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 10
10) материалдың базасы және су айдындарына балықтың кәсіптік түрлерінің шабақтарын жіберуімен балықтың шабақтарын құтқару жөнінде атқарылатын шаралар туралы;
Тармақша 11
11) ауланған балықты қабылдау, өңдеу, сақтау және өнімдерді сату пункттеріне жеткізу жөніндегі шаралар жүйесі;
Тармақша 12
12) балық аулауға өзіне-өзі бақылау жасау, ауланған балықты талан-таражға салуға қарсы күрестің, бекітілген су айдындарын қорғаудың әдістері;
Тармақша 13
13) балық қорларын ұлғайта өсіруге, балық өсіру-мелиоративтік шараларды жүргізуге қатысу.
Тармақ 28
28. Қатысушы тендерлік ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және ақиқат ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 29
29. Қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын бағалауды және жеңімпазды анықтауды Конкурстың (тендерлік) комиссия жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Конкурстың (тендердің) жеңімпаздарымен шарт жасасу тәртібі
4-тарау. Конкурстың (тендердің) жеңімпаздарымен шарт жасасу тәртібі
Тармақ 30
30. Кәсіптік балық аулауға құқық беру және су айдындарын (учаскелерін) бекітілуі туралы облыс әкімиятының қаулысы қабылданған соң конкурс (тендер) жеңімпазымен шарт жасалады. Әрбір су айдыны бойынша балық аулаудың көлемі Қазақстан Республикасы Їкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітілетін лимитке сәйкес белгіленеді. Егер әлеуетті табиғат пайдаланушы өтінім берілген учаске бойынша конкурсқа (тендерге) жалғыз қатысушы болса және ол біліктілік талапқа сай келсе, онда Конкурстың (тендерлік) комиссия оны Конкурстың (тендердің) жеңімпазы деген шешім қабылдай алады.
Тармақ 31
31. Шарт жасасуда тендерлік құжаттар пакетіне салынған қатысушының тендерлік ұсыныстары, техникалық-экономикалық және басқа да құжаттамасы негізге алынады.
Тармақ 32
32. Шарт жасасу процесінде анықтаулар мен толықтырулар болуы мүмкін, олар ұйымдастырушы мен табиғатты пайдаланушының мүддесіне зиян тигізбеуі керек.
Тармақ 33
33. Шартта тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері және шарттың орындалуының егжей-тегжейлі шарттары көрсетіледі, жағдайлар қажет ететін болса, өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 34
34. Қатысушы, конкурс (тендер) жеңімпазы белгіленген жұмысқа облыс әкімиятының балық аулау құқығын беру және су айдындарын (учаскелерін) бекіту туралы қаулысы қабылданғаннан кейін және ұйымдастырушы шартқа қол қойғаннан соң кірісе алады.
Тармақ 35
35. Шартқа қол қоюдың мерзімі қатысушыны Конкурстың (тендердің) жеңімпазы деп жариялаған соң 30 күннен аспауы керек.
Басқа 70. Конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру
1 қосымша Конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беруге, су айдындарын (учаскелерін) бекітуге және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіруге _____жылғы "__" _______ конкурс (тендер) өткізеді. Мына мекен-жайда : _____________________________ Басталуы ___________ сағатта. Конкурсқа (тендерге) меншік нысанына қарамастан балық және балық өнімдерін аулауға, ұлғайта өсіруге, өңдеуге және сатуға тиісті материалдық-техникалық базасы бар кез-келген заңды және жеке тұлға қатыса алады. Конкурсқа (тендерге) мынандай су айдындары учаскелерімен қойылады: _________________________________ _________________________________________________________ Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдірушілер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап қатысуға өтінім беруі және ұйымдастырушыдан тендерлік құжаттарды алуы тиіс. Қатысушылардың тендерлік құжаттарды тапсыруларының соңғы мерзімі «______» жылғы _______________сағатқа дейін. Анықтамалар алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады ______________
Басқа 71. Қатысушы туралы ақпарат (заңды тұлғаға)
2 қосымша Қатысушы туралы ақпарат (заңды тұлғаға)
Тармақ 1
1. Қатысушының толық аты, заңды мекен-жайы, банкілік реквизиттері, кәсіпорын басшысының тегі, аты-жөні.
Тармақ 2
2. Бюджет алдында қарызының жоқтығы немесе қарызының барлығы жөнінде салық комитетінің анықтамасы.
Тармақ 3
3. Қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
Тармақ 4
4. Кәсіпорын жарғысының немесе ережесінің көшірмесі.
Тармақ 5
5. Тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 6
6. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарының аулау құралы, кәсіптік балық аулау стандары мен өндірістік жайлардың санитарлық жағдайы туралы анықтамасы.
Тармақ 7
7. Арнайы уәкілетті органның табиғаты пайдаланушының бұрынырақ өзіне алған шарттық міндеттемелерді орындағаны туралы қорытынды анықтамасы (егер оған балық аулау айдыны (учаскесі) бұрын бекітіліп берілген болса ғана табыс етеді).
Тармақ 8
8. Арнайы уәкілетті органның балық аулау лимитін игеруге және балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге қажетті аулау құралының, кәсіпшілік механизмдерінің, жүзу құралдары мен өзге де материалдық техникалық ресурстардың қолда барын және олардың күй-жайын растайтын анықтамасы.
Тармақ 9
9. Басшы тарапынан балық өсіру айдынының (учаскесінің) экологиялық жағдайын балық қорын ұлғайта өсіру және гидробионттардың мекендеу жағдайларын жақсарту жөніндегі балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарының көлемі көрсетіле отырып бекітілген табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары.
Тармақ 10. Қатысушы туралы ақпарат (жеке тұлғаға)
10. Бизнес- жоспар. Қатысушы туралы ақпарат (жеке тұлғаға)
Тармақ 1
1. Жеке куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 2
2. Салық комитетінде тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Патенттің көшірмесі
Тармақ 4
4. СТН көшірмесі
Тармақ 5
5. Бизнес-жоспар.
Тармақ 6
6. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарының аулау құралы, кәсіптік балық аулау стандары мен өндірістік жайлардың санитарлық жағдайы туралы анықтамасы.
Тармақ 7
7. Арнайы уәкілетті органның табиғаты пайдаланушының бұрынырақ өзіне алған шарттық міндеттемелерді орындағаны туралы қорытынды анықтамасы (егер оған балық аулау айдыны (учаскесі) бұрын бекітіліп берілген болса ғана табыс етеді).
Тармақ 8
8. Арнайы уәкілетті органның балық аулау лимитін игеруге және балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге қажетті аулау құралының, кәсіпшілік механизмдерінің, жүзу құралдары мен өзге де материалдық техникалық ресурстардың қолда барын және олардың күй-жайын растайтын анықтамасы.
Тармақ 9
9. Балық өсіру айдынының (учаскесінің) экологиялық жағдайын, балық қорын ұлғайта өсіру және гидробионттардың мекендеу жағдайларын жақсарту жөніндегі балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарының көлемін көрсетумен бірге табиғатта қорғау іс-шараларының жоспары.
Басқа 91. Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау
3 қосымша Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау
Тармақ 1
1. Әрбір қатысушы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармада (конкурсты ұйымдастырушыда) конкурсты (тендерді) өткізу тәртібімен таныса алады. Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдіруші конкурсты (тендерді) ұйымдастырушыға үлгі бойынша өтінім беріп, тендерлік құжаттар пакетін алуы керек. Конкурсқа (тендерге) қатысушының өкілі өтінім бергенде өтінім беру және тендерлік құжаттардың пакетін алу тапсырылған тұлғаға берілген сенімхатты ұйымдастырушыға тапсырады. ұйымдастырушы қатысушыға оның өтінімін қабылдап алғандығы туралы күнін көрсетіп, мөрмен куәландырылған жазбаша хабарландыру береді.
Тармақ 2
2. Конкурсқа (тендерге) қатысушы тендерлік ұсыныстарда төмендегілердің бар екендігін көрсетуі тиіс:
Тармақша 1
1) жүзу құралдарының;
Тармақша 2
2) балық аулау құралдарының;
Тармақша 3
3) тоңазытқыштардың, тоңазыту камераларының;
Тармақша 4
4) балық қабылдау пункттерінің;
Тармақша 5
5) автокөліктің (оның ішінде арнайы автокөліктің);
Тармақша 6
6) білікті мамандардың;
Тармақша 7
7) балық және балық өнімдерін аулау, ұлғайта өсіру, сақтау, өңдеу және сату үшін материалдық-техникалық құралдары базаларының.
Тармақ 3
3. Барлық қатысушылар төмендегі құжаттар мен ақпараттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізуші субъекті жарғысының немесе ережесінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) субъектінің мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) реквизиттер мен заңды мекен-жайларын;
Тармақша 4
4) қатысушының қаржылық жағдайы туралы банкінің анықтамасын;
Тармақша 5
5) бюджет алдында қарызының жоқтығы жөнінде салық комитетінің анықтамасын;
Тармақша 6
6) бизнес-жоспарды.
Тармақ 4
4. Қатысушы бірыңғай үлгіге сәйкес өзінің тендерлік ұсыныстарын дайындауға тиіс (4 қосымша).
Тармақ 5
5. Қатысушының өтінім беруі оның жұмыс сипатымен жақсы таныс екендігін, Конкурстың (тендердің) шарттары мен талаптарын қабылдайтындығын білдіреді.
Тармақ 6
6. Тендерлік ұсыныстар жеті данада және қатысушы туралы ақпарат хабарланған мерзімде ұйымдастырушыға бөлек жабылған екі пакет салынған бір үлкен пакетте тапсырылады.
Басқа 111. Тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі
4 қосымша Тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі
Тармақ 1
1. Табиғатты пайдаланушыда жүзу құралдарының, балық аулау құралдарының, тоңазытқыш сақтау камераларының, ыстау ыдыстарының, балықтың жартылай дайын өнімдерін шығаратын цехтардың және балықты сақтайтын, тоңазытатын, өңдейтін өндірістік жайлардың және басқа да құрал-жабдықтардың нақты болуы тиіс.
Тармақ 2
2. Жаңа ауланған, мұздатылған, қақталған балықты аулау, сақтау және өңдеу орындарынан сауда пункттеріне таситын арнайы көліктің болуы. Көліктің түрі, маркасы, саны, немен жабдықталғаны көрсетілу керек.
Тармақ 3
3. Білікті мамандардың-балықшылар, өңдеуші-технологтардың, өнімді сатушылар, мотористер, жүргізушілердің болуы. Саны, жұмыс өтілін, мамандығы көрсетілуі тиіс.
Тармақ 4
4. Балықтың кәсіптік түрлерінің шабақтарын су айдындарына жіберуді және су айдындарынан бөлінген учаскелерде балық шабақтарын құтқаруды жүргізу. Оларды қалай жүргізу, бұл мақсаттарға қанша қаржы бөлу көзделген.
Тармақ 5
5. Ауланған балықты қабылдау, өңдеу, сақтау және сату пункттеріне жеткізу жөніндегі шаралар жүйесі.
Тармақ 6
6. Қай уақыттан бері кәсіптік балық аулаумен шұғылданып келесіз, балық-мелиоративтік шараларды жүргізуге, балықтың қорларын ұлғайта өсіруге бұрын қатысқансыз ба? Қайда, қандай су айдынында, орындалған жұмыстардың көлемі, жұмсалған қаражаттың жиынтығы.
Тармақ 7
7. Бөлінген аулау орындарын қорғауды, басқа тұлғалар мен ұйымдардың балық аулауына жол бермеуді, жағалық учаскелерді, аулау орындары мен бекітілген су айдындарының санитарлық жағдайын тиісті дәрежеде ұстауды қалай қамтамасыз етуді көздеп отырсыз.
Тармақ 8
8. Лимиттен артық аулауға жол бермеу мақсатында балық аулауда өзіне-өзі бақылау орнату, аулау, қабылдау, тапсыру орындарында және халық тұтынатын тауарларға ауыстырып тасымалдауда ауланған балықтың талан-тараж болуына қарсы күрес әдістері.
Тармақ 9
9. Табиғатты пайдалануды жақсарту, балық қорларының сақталуын қамтамасыз ету мен көбейту шаралары жөніндегі қосымша ұсыныстар.
Тармақ 10
10. Тендерлік ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша қатысушы толық және ақиқат ақпаратты беруге міндетті.
Басқа 122. № _____ қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары
5 қосымша № _____ қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары № Тендерлік ұсыныстың аты Ең жоғары бағалау ұпайы Комиссия мүшесінің бағасы 1 Жүзу құралдарының, балық аулау құралының, сақтауға арналған тоңазытқыш камераларының, тұздау ыдыстарының, ыстау камерасының, жартылай дайын өнім шығаратын цехтардың, басқа да құрал-жабдықтар мен өндірістік бөлмелердің болуы 11 2 Балық және балық өнімдерін таситын арнайы көліктің болуы 5 3 Білікті мамандармен балықшылар, технологтар, сатушылар және тағы басқалармен қамтамасыз етілуі 6 4 Бекітілген су айдынына кәсіптік балықтардың шабақтарын жіберу және балық шабақтарын құтқару, артық аулауға жол бермеу жөніндегі көзделіп отырған шаралар, қаржылардың жиынтығы 6 5 Балық аулауда өзіне-өзі бақылау орнату, аулау орнынан ауланған балықтың талан-таражға түсуін болдырмау, балық аулаудың есебін жүргізуді ұйымдастыру 6 6 Жағалаулық учаскелерді, аулау орындарын және бекітілген су айдындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстауды, қорғауды қамтамасыз ету 5 7 Ауланған балықты қабылдау, өңдеу, сақтау және өнімді сату пункттеріне жеткізу жөніндегі шаралар жүйесі 6 8 Балық өсіру-мелиоративтік жұмыстарды, балық қорларын ұлғайтуға өсіруді жүргізуге қатысу 5 Комиссия мүшесінің тегі, инициалдары және қолы.
Басқа 123. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөніндегі Конкурстың (тендерлік) комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 7 қарашасындағы № 210 қаулысына № 2 қосымша 📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 4 тамыздағы № 390 қаулысымен. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөніндегі Конкурстың (тендерлік) комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурстың (тендерлік) комиссия меншік нысанына қарамастан табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) ұйымдастыру мен өткізу үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты меншік нысанына қарамастан табиғатты пайдаланушылар арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Тармақ 3
3. Комиссия мына өкілдерден құралады:
Тармақша 1
1) арнайы уәкілетті органнан;
Тармақша 2
2) "Оңтүстік сушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан;
Тармақша 3
3) аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан;
Тармақша 4
4) Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасынан;
Тармақ 4
4. Конкурстың (тендерлік) комиссиясының құрамы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан артық болмауға тиіс.
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеті тендерлік ұсыныстарды бағалау және Конкурстың (тендердің) жеңімпаздарын анықтау болып табылады. Комиссия жұмысының басты ұстанымдары жариялық, әділеттілік және кәсіпқойлық.
Тармақ 6
6. Комиссия мына жұмыстарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) конкурс (тендер) өткізудің уақыты мен орнын анықтайды;
Тармақша 2
2) конкурс (тендер) өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) комиссия мәжілісінің хаттамасын ресімдейді.
Тарау 2. 2. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
2. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Комиссияның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) балық дайындаушыларды, олардың тендерлік ұсыныстары негізінде іріктеуге;
Тармақша 2
2) конкурс (тендер) өткізудің нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтауға;
Тармақша 3
3) конкурсты (тендерді) ұйымдастырушыға конкурсқа (тендерге) дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсыруға;
Тармақша 4
4) табиғатты пайдаланушыларды конкурсты (тендерді) өткізудің шарттары мен талаптарын бұзған жағдайда, конкурс (тендер) қатысушыларының қатарынан шығаруға;
Тармақша 5
5) тендерді ұйымдастырушының конкурсқа (тендерге) құжаттар пакетін дайындау жөніндегі қызметіне бақылау жасауға;
Тармақ 8
8. Комиссия төмендегілерге міндетті.
Тармақша 1
1) табиғатты пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібіне сәйкес конкурс (тендер) өткізуге;
Тармақша 2
2) конкурс (тендер) өткізу кезінде ұсыныстарды бағалап, конкурс (тендер) жеңімпазы туралы мәселені шешуге;
Тармақша 3
3) өткізілген Конкурстың (тендердің) нәтижесін хаттамамен ресімдеуге.
Тарау 3. 3. Жұмыс тәртібі
3. Жұмыс тәртібі
Тармақ 9
9. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі комиссияның мәжілісі, егер оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде 2/3 қатысқан жағдайда заңды деп табылады.
Тарау 4. 4. Тендерлік ұсыныстарды бағалау және жеңімпазды анықтау
4. Тендерлік ұсыныстарды бағалау және жеңімпазды анықтау
Тармақ 10
10. Жеңімпазды анықтауды комиссия жүзеге асырады. Тендерлік ұсыныстар бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конверт салынған үлкен конверттер сыртынан көрінбейтін қорапта болуы тиіс. Комиссия төрағасы қорапта жатқан кез-келген үлкен конвертті алады да, конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына бірінші рет санын қояды. Содан соң, төраға үлкен конвертті ашады да тендерлік ұсыныстары бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конвертке де бірінші рет санын қояды. Әрі қарай төраға тендерлік ұсыныстар бар конвертті ашады, ұсыныстың әрбір көшірмесіне бірінші рет санын қояды және комиссияның әрбір мүшесіне береді. қатысушы туралы ақпарат бар конверт үлкен конвертте ашылмаған күйде қалады. Сонымен бір мезгілде тендерлік ұсыныстардың рет саны қойылған даналарын және бағалау ұпайлары бланкілерінің үлгісін комиссия мүшелеріне таратады.
Тармақ 11
11. Тендерлік ұсыныстардың даналарын комиссияның мүшелері қарайды. Олар жеке дара тендерлік ұсыныстардың әрбір тармағына бағаларын қояды. Тендерлік ұсыныстар қаралып, баға қойылған соң, комиссия хатшысына тапсырылады, одан соң, комиссия хатшысы оларды бірінші рет санды үлкен конвертке салуға міндетті.
Тармақ 12
12. Барлық басқа конкурсқа (тендерге) қатысушылар үшін тендерлік ұсыныстары бар конверттерді қараудың осы сияқты рәсімі жүргізілуге тиіс.
Тармақ 13
13. Комиссияның әрбір мүшесі тендерлік ұсыныстар салынған барлық конверттерді қарап бағалаған соң, баға нәтижелері бар үлгіні куәландырады және оны төрағаға (хатшыға) береді. Содан соң комиссияның төрағасы куәландырған үлгілердің негізінде рет саны бірдей қатынасушының қорытынды ұпайларын қосады және әрбір қатысушы бойынша жалпы қорытынды ұпайды анықтайды және мұны комиссия хатшысы хаттамаға тіркейді.
Тармақ 14
14. Комиссияның төрағасы, жалпы ұпайлар жиынтығының нәтижесі бойынша ең көп жалпы ұпай жинаған қатысушының рет санын жариялайды. Егер, екі немесе одан көп қатысушы бірдей ең жоғары ұпай жинаған болса, олардың тендерлік ұсыныстары мен бірдей көлемде ұпай жинаған қатысушылардың рет саны көрсетілген бюллетендер комиссия мүшелеріне тағы да таратылады. Конкурс (тендер) жеңімпазы жабық дауыс беру арқылы анықталады. Комиссия төрағасы жарияланған конкурс (тендер) жеңімпазының рет санына сәйкес келетін үлкен конвертті алып, оның ішінен қатысушы туралы ақпараты бар конверті алып ашады және ашық бәсекені жеңген және шарт жасауға құқық алған жеңімпаздың мәліметтерін комиссия мүшелеріне оқып таныстырады. Комиссия мәжілісінің нәтижелері хаттамамен рәсімделеді, оған комиссия мүшелері, хатшы, төраға қол қояды.
Тарау 15. 15. Жеңімпазды анықтауда:
15. Жеңімпазды анықтауда:
Тармақша 1
1) кәсіптік балық аулаумен маманданған, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға, балық қорларын өсіруге бағытталған балық өсіру-мелиоративтік шараларын жүргізуге белсене қатысқан және сұратылған балық аулау айдындарында (учаскелерінде) балық қорын қорғау және ұлғайту өсіру жөнінен ең жақсы әрі нақты шараларды ұсынған;
Тармақша 2
2) сұратылған лимит пен балық аулау квотасын игеру үшін аса қуатты және осы заманға материалдық техникалық базасы бар ұйымдарға басымдық беріледі.
Тармақ 16
16. Облыс әкімінің кәсіптік балық аулау құқығын беру және кәсіптік балық аулау учаскелерін бекітіп беру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін арнайы уәкілетті орган кәсіптік балық аулауды жүргізуге жарияланған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады.
Тармақ 17
17. Даулы мәселелер сот тәртібімен қаралады.
Басқа 162. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсiптiк балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерiн) бекiту және балық аулау мөлшерiн (лимитiн) үлестiру жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссияның құрамы
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 7 қарашасындағы № 210 қаулысына № 3 қосымша 📌 Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысымен. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында кәсiптiк балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерiн) бекiту және балық аулау мөлшерiн (лимитiн) үлестiру жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссияның құрамы Әбiшев Исламбек Әлмаханұлы - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,комиссия төрағасы Егенбердиев Оразәлi - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының балық инспекциясы бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша) Комиссия мүшелерi: Тұрбеков Серiк Ордабекұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Әбжанов Мәдiхары Досыбайұлы - "Оңтүстiк Сушар" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны директорының орынбасары (келiсiмi бойынша) Ысмайылов Ғалым Ыбырайұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасының орынбасары Насанов Асқар Абдрасулұлы - Оңтүстiк Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жер ресурстарын қорғау және қалдықтарды қайта өңдеудi мемлекеттiк бақылау бөлiмiнiң бастығы (келiсiмi бойынша) Тәтiбаев Ахмет Өтегенұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының балық инспекциясы бөлiмiнiң бастығы (келiсiмi бойынша)