О приватизации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекешелендіру туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 100 пайыз мемлекет қатысу үлесіндегі «АРАЛ ҚАНАТ – 100» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жылы жекешелендірілсін.
Тармақ 2
2. «Арал аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.