О переименовании улиц, проспекта, микрорайонов города Есиль Есильского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц, проспекта, микрорайонов города Есиль Есильского района
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданының Есіл қаласында көшелерді, даңғылды, шағын аудандарды қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-2/34
- Қабылданған күні
- 02.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2017 110446_166140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BK005794
- ЭКБ идентификаторы
- 110446
- Редакция идентификаторы
- 110446_166140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:17
0 Есіл ауданының
Есіл қаласында көшелерді,
даңғылды, шағын
аудандарды қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Есіл ауданының Есіл қаласындағы көшелер, даңғыл, шағын аудандар қайта аталсын:
Комсомольская көшесін Қайым Мұхамедханов көшесіне;
Ленинградская көшесін Әлихан Бөкейханов көшесіне;
Киевская көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Южная көшесін Оңтүстік көшесіне;
Заводская көшесін Жібек жолы көшесіне;
Трудовая көшесін Еңбекшілер көшесіне;
Строительная көшесін Құрылысшылар көшесіне;
Мир көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Дружба көшесін Достық көшесіне;
Пролетарская, Железнодорожная көшелерін Баубек Бұлқышев көшесіне;
Садовая, Резервная көшелерін Кәукен Кенжетаев көшесіне;
Деповская, Транспортная көшелерін Хамит Ерғалиев көшесіне;
Ветстанция, ДСУ-69, Кооперативная көшелерін, Промышленный даңғылын Өндіріс даңғылына;
Мостопоезд шағын ауданын Батыс шағын ауданына;
Северный шағын ауданын Солтүстік шағын ауданына.