О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 13), 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 517 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13934 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 тамызда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13917 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ___________ Е. Сағадиев 2017 жылғы 24 қаңтардағы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 2 ақпандағы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 14 ақпандағы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________ Қ. Қасымов 2017 жылғы 8 ақпандағы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы ___________ Қ. Айтуғанов 2017 жылғы 9 қаңтардағы
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығына 2-қосымша