Об определении мест для осуществления выездной торговли в Кармакшинском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «8» ақпандағы № 417 қаулысына қосымша Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар р/с Елді мекеннің атауы Орналасатын орны 1 Жосалы кенті «Шымкент-Самара» трассасы мен Е.Көшербаев көшесінің қиылысында орналасқан аялдаманың оңтүстік жағы 2 Жосалы кенті А.Өміров көшесінде орналасқан бұрынғы «Бесаспап» базарының солтүстік-батыс жағы 3 Жосалы кенті Е. Сексенбаев көшесіндегі «Әскерилендірілген теміржол күзеті» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы мекемесіне қарама-қарсы алаң 4 Төретам кенті Жаңқожа батыр көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлердің батыс жағы 5 Ақай ауылдық округі, Ақай ауылы Абай көшесінде орналасқан № 9 ғимараттың батыс жағы 6 Қармақшы ауылдық округі, Қармақшы ауылы Жеңіс көшесінде орналасқан №1, 3, 5 үйлердің батыс жағы 7 Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы П.Байшораұлы көшесінде орналасқан №17,19 үйлердің оңтүстік жағы 8 Иіркөл ауылдық округі, Иіркөл ауылы Е.Құрманбаев көшесінде орналасқан №13, 18 үйлердің оңтүстік жағы 9 Жаңажол ауылдық округі, Дұр Оңғар ауылы Дұр Оңғар көшесінде орналасқан №25 үйдің шығыс жағы 10 ІІІ-Интернационал ауылдық округі, III-Интернационал ауылы Астана көшесінде орналасқан №2, 5 үйлердің батыс жағы 11 Ақтөбе ауылдық округі. Ақтөбе ауылы Самара-Шымкент трассасынан Ақтөбе аулына кіре берісіндегі жолдың солтүстік жағы 12 Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы Қ.Ізтелеуов көшесінде орналасқан №22, 24 үйлердің солтүстік жағы 13 Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы Ешнияз Сал көшесінде орналасқан №30 үйдің оңтүстік жағы 14 Алдашбай Ахун ауылдық округі, Алдашбай Ахун ауылы О.Шораяқұлы мен Ә.Егізбаев көшелерінің қиылысының солтүстік-батыс жағы 15 Қуандария ауылдық округі, Қуаңдария ауылы Ә.Төртбаев көшесінде орналасқан №5, 7, 9 үйлердің солтүстік жағы 16 Т.Көмекбаев ауылдық округі, Т.Көмекбаев ауылы Ү.Аяпов көшесінде орналасқан №21 үйдің оңтүстік жағы