О согласовании Положения о межведомственной участковой комиссии по оказанию государственной адресной социальной помощи населению Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халыққа мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссия туралы Ережені келістіру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 желтоқсан 2001 жылғы № 1685 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімінің 29.12.2001 жылғы № 188 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» шешімімен бекітілген мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссия туралы Ереже келісілсін (қосымша).
Басқа 2
КЕЛІСІЛГЕН Ақмола облысы мәслихатының 29.12.2001 ж.№ С-14-03 шешімі Халыққа мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссияның ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар Арнаулы әлеуметтік көмек корсету жөніндегі ведомствоаралық учаскелік комиссия (бұдан былай - комиссия) Қазақстан республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерін, ҚР «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы қағиданы басшылыққа алады. Комиссия жергілікті өкілдік органдардың өкілдерінен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, меншіктік кооперативтік жайлардың (пәтерлер), поселкенің, ауыл (селоның), уәкілденген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылуы мүмкін. Комиссия құрамы 3 адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия өз жұмысын қоғамдық бастау негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеті мен қызметі
2. Комиссияның міндеті мен қызметі Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметі мыналар:
Тармақша 1
1) Уәкілденген органдардың аса мұқтаж отбасыларына арнаулы әлеуметтік көмекті көрсету барысында осы көмек түрінің арнаулылығын арттыруға ықпал ету.
Тармақша 2
2) Зерттеу актісін құру арқылы азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу.
Тармақша 3
3) Азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Тармақша 4
4) Аз қамсыздандырылған азаматтарды зерттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
Тармақша 5
5) Учаскелік комиссиялар арасында тәжірибелік алмасу.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақша 1
1) Тиісті мемлекеттік органдардан зерттеуді жургізуге қажет мәліметтерді сұрату.
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелерінің отырыстарында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (жауапты өкілдерін) лауазымды қызметкерлерін комиссияны жүргізуге қатысты сауалдар бойынша тыңдау.
Тармақша 3
3) Комиссия құрамының өзгеруі туралы белгіленген тәртіп бойынша ұсыныстар енгізу.
Тармақша 4
4) Комиссияны жүргізу мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құрамына енбеген мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін тарту.
Тарау 4. 4. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның міндеттері
Тармақша 1
1) Арнаулы әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар жасау.
Тармақша 2
2) Әлеуметтік көмекті алуға талапкер азаматтардың (отбасылардың) келісімі бойынша, олардың тұрғылықты жерлеріне шығып тұрмыс жағдайларын зерттеуді жүргізу.
Тармақша 3
3) Уәкілденген органның немесе ауыл (село, поселке) өкімі тапсырғаннан кейінгі 5 күн ішінде азаматтың (отбасының) тұрмыс жағдайын зерттеп, қорытынды шығарады және уәкілденген органға тапсырады.
Тармақша 4
4) Уәкілденген органның (село, ауыл, поселке өкімінің) тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттарды қайта тексеруі мүмкін.
Тармақша 5
5) Уәкілденген органға ұсынылған актіде көрсетілген мәліметтердің нақты және шынайылығы үшін жауапты.
Тармақша 6
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақша 1
1) Комиссияны тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкімі тағайындаған төраға басқарады.
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажет құжаттарды дайындауды және оны өткізгеннен кейінгі құжаттар мен хаттамаларды рәсімдеуді қомиссияның хатшысы жүргізеді.
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстары өтініштердің жиналуына қарай өткізіледі.
Тармақша 4
4) Отырыстың өткізілетін уақыты және орны комиссия төрағасының комиссия мүшелерімен келісуі арқылы нақтыланады.
Тармақша 5
5) Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салынады және ол үшін комиссия мүшелерінің құрамынан көп дауыс берілген болса, қабылданды деп саналады. Егер екі жақтың дауысы тең болса комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақша 6
6) Комиссияның шешімі қорытынды ретінде ресімделіп, уәкілденген органға ұсынылады. Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жанжал не талас пікірлер туындаған болса, бұл жағдайлар уәкілденген органдармен бірлескен отырыстарда қаралады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы Комиссияның қызметі қолданылып жүрген заңға сәйкес тоқтатылады.