Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на табачные изделия Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-5) тармақшасы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қосу үшін жолдауын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығымен бекітілген Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабының 5-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-кодтары) темекі өнімі өндірушілеріне және (немесе) импорттаушыларына беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ДСН-кодтары темекі өнімдерінің өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге аумақтық органдарында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінімдерді: темекі өнімдерін өндіруші – темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін; темекі өнімдерін импорттаушы – темекі өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық түрде береді.
Тармақ 5
5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорациямен қағаз түрінде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері өтінімдер түскен күні олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды. Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесіне өтінімдерді енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді, нәтижесі бойынша ДСН-код береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады. ДСН-кодтарды беруді темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімге енгізу арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілін) және (немесе) «Цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21329 болып тіркелген) қалыптастырылатын цифрлық құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден келесі жағдайларда бас тартады:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодесінің (Салық кодексі) 88 бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
Тармақша 2
2) темекі өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда, ДСН-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте ДСН-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.
Тармақ 9
9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімде тіргелген № 8555) бекітілген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына; мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Басқа 1. Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім Көрсетілетін қызметті алушының атауы: _______________________ Көрсетілетін қызметті алушының жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________ Өтініш берушінің типі (өндіруші және (немесе) импорттаушы): _____________________________________________________ № Темекі өнімінің таңбасы Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, кальянға арналған темекі, темекі және темекіден жасалған өзге де өнімдер, құрамында никотин бар сұйықтық) Қораптағы темекі өнімінің бірлік саны (дана, грамм, миллилитр) Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) 1. 2. Басшы _______________________________________ ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған кезде) (қолы)
Басқа 2
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша «Мұ­най өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өн­ді­ру­ші­лер­ге (им­порт­та­у­шы­лар­ға), сон­дай-ақ ак­ц­и­з­де­ле­тін өнім­дер­дің кей­бір түр­ле­рін, авиа­ци­я­лық отын мен ма­зут өн­ді­ру­ші­лер мен им­порт­та­у­шы­лар­дың та­у­ар­ла­ры­на дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін (ДСН-код) бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің об­лы­стар, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ДСН-кодын бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және қа­ғаз тү­рін­де 6 Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ал­дын ала жа­зы­лу та­лап етіл­мей­ді, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту көз­дел­ме­ген; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі, ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Қа­был­дау элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу ор­ны бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жүр­гі­зі­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі Те­ме­кі өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­ге, те­ме­кі өнім­де­рін им­порт­та­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жет­кі­зу­ші­лер­ге дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мір-кодын бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Ко­де­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 88 ба­бы­на сәй­кес же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерiн жү­зе­ге асы­ра­тын са­лық тө­ле­ушi­ні тір­кеу есе­бі бол­ма­ған­да; 2) те­ме­кі өнім­де­рі­нің тү­ріне бе­рі­л­ген ДСН-ко­ды болған кез­де. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар 2009 жы­л­ғы 18 қыр­күй­ек­те­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Ко­дек­сін­де бел­гі­лен­ген өз-өзіне қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен қоз­ға­лу­ды, бағ­дар жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар қа­был­да­уды 1414, 8 800 080 777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша ба­ру­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның (қыз­мет­ті Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­сет­кен кез­де) қыз­мет­ке­рі жүр­гі­зе­ді.
Басқа 3. Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 3-қосымша Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі № Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы Же­ке/ биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің заң­ды ме­ке­жайы Те­ме­кі өні­мі­нің таң­ба­сы Те­ме­кі өні­мі­нің ата­уы (си­га­рет­тер, па­пи­ро­стар, си­га­ра­лар, си­га­рил­ла­лар, қы­зды­ры­ла­тын те­ме­кі­сі бар бұй­ым­дар, ка­льян­ға ар­нал­ған те­ме­кі, те­ме­кі және те­ме­кі­ден жа­сал­ған өзге де өнім­дер, құ­ра­мын­да ни­ко­тин бар сұй­ық­тық) Қо­рап­та­ғы те­ме­кі өні­мі­нің бір­лік са­ны (да­на, грамм, мил­ли­литр) Сүз­гі­нің бар-жо­ғы (бар/жоқ) ДСН-ко­ды
Басқа 4. Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы ДСН-кодтарының құрылымы мынадай сызбада ұсынылған: ХХХХ ХХ ХХХХ ХХ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ │ └──────── қораптағы темекі │ │ │ өнімінің саны │ │ │ │ │ └─────────────── темекі өнімінің таңбасы │ │ │ │ │ └────────────────────── тауарлар тобы │ │ └──────────────────────────── заңды (жеке) тұлғаның коды Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімдерін өндіретін және (немесе) импорттайтын заңды (жеке) тұлғаның коды. Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – тауарлар тобы (сүзгісі бар сигареттер – 01; сүзгісі жоқ сигареттер – 02; папиростар – 03; сигаралар – 04; сигариллалар – 05; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 06; кальянға арналған темекі – 07; темекі және темекіден жасалған өзге де бұйымдар – 08; құрамында никотин бар сұйықтық– 09). Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімінің таңбасы. Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.