О передаче села Жабаглы из административно-территориального подчинения Майкарагайского сельского округа в Шарбактинский сельский округ Лебяжинского района Қолданыста
Басқа 0
Лебяжі ауданы Майқарағай селолық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныштылығындағы Жабағылы селосын Шарбақты селолық округінің бағыныштылығына беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"
Заңының 11 бабына сәйкес және Лебяжі аудандық мәслихатының хатшысы мен
аудан әкімі ұсынған материалдарды қарап, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Майқарағай селолық округінің бағыныштылығындағы Жабағылы селосы,
жерімен бірге Шарбақты селолық округінің бағыныштылығына берілсін.
Тармақ 2
2. Облыс жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет жерді есепке алу
құжаттарына тиісті өзгертулер енгізсін.