Об утверждении Положения о психиатрической больнице для содержания и лечения осужденных к лишению свободы, страдающих психическими расстройствами Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау және емдеуге арналған психиатриялық емхана Ережесiн бекiту туралы "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткенде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 97-бабына сәйкес орындау үшiн БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған: Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға және емдеуге арналған психиатриялық емхана туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi психиатриялық емханасында психикалық ауытқулардан зардап шегетiн сотталғандарға медициналық көмек көрсету Тәртiбi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-Министрi А.Т. Айдархановқа және Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
Басқа 4. Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға және емдеуге арналған психиатриялық емхана туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiмен 2001 ж. 11 желтоқсан N 156 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрiмен 2001 ж. 24 желтоқсан N 1153 Қоса бiрiккен бұйрығымен бекiтiлген Психикалық ауытқулардан зардап шегетiн бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға және емдеуге арналған психиатриялық емхана туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Психиатриялық аурухана қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарға бiлiктi психиатриялық стационарлық және әлеуметтiк-оңалту көмегiн көрсетуге арналған емдеу мекемесі, сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерi үшiн оның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша әдiстемелiк және кеңес беру орталығы болып табылады. Психиатриялық аурухана түзеу мекемесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады
Тармақ 2
2. Психиатриялық аурухананың жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiнiң актiлерiне сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 3
3. Психиатриялық аурухана Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнде (бұдан әрi - ТМ) жазасын өтейтiн психикалық ауытқу пайда болған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, ұстауға және емдеуге арналған. Аурухананы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ комитетi қайта ұйымдастырады және таратады.
Тармақ 4
4. Аурухана сотталғандарға бiлiктi психиатриялық және наркологиялық көмек көрсетудi жүзеге асырады, керуеттер қорын тиiмдi пайдалану, өлiм және өлiммен аяқталатын оқиғаларды төмендету, психикалық ауытқуларды кешендi емдеу, дене шынықтыру арқылы емдеу, еңбекпен емдеу, емдеу-сақтау тәртiбiн (режимiн) тиiмдi пайдалануға бағытталған iс-шараларды әзiрлейдi.
Тармақ 5
5. Аурухана психикалық ауытқулардың алдын алу және оны емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзедi, зерттейдi, қорытындылайды және денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелерi жұмысының алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн таратады.
Тармақ 6
6. Аурухана жалпы және ауруханаға жатқызып (госпитализацияланған) емдеудi үйренуге, оның iшiнде еңбекке қабiлеттiлiгiн уақытша жоғалту, ауруды зерттеуде, ТМ-гi өлiм себептерiне, диагностиканың қателерiне, ауруханаға кеш жатқызу (госпитализациялауға) талдаулар жасауға қатысады, адамдардағы аурудың бастапқы кезеңiн анықтау мақсатында сотталғандарды жоспарлы профилактикалық тексерулерден өткiзуге қатысады.
Тармақ 7
7. Ауруханада ұйымдастырылады және жұмыс iстейдi: Дәрiгерлiк-кеңес беру комиссиясы (бұдан әрi - ДКК), Дәрiгерлiк-еңбек комиссиясы (бұдан әрi - ДЕК), Комиссиялардың құрамын облыстық қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының (бұдан әрi - ҚАЖКБ) бастығы бекiтедi. Аурухананың комиссиялары жүргiзедi: еңбекке қабiлеттiлiгiн уақытша немесе тұрақты жоғалту дәрежесiн анықтауды; ауруына байланысты жазасын өтеуден босату үшiн, сотқа ұсынылатын сотталғандарды тексеруден өткiзудi және олардың медициналық құжаттарын дайындауды; әрi қарай жазасын өтеу орнын ауыстыру бойынша ұсынымдар берудi.
Тармақ 8
8. Аурухана ТМ-нiң оқшауланған аумағында орналасады және оның құрамында: санитарлық қабылдау бөлмесi, емдеу бөлiмшелерi, қосымша емдеу-диагностикалық кабинеттер, ұйымдастырушылық-әдiстемелiк кабинет, клиникалық лаборатория, мұрағат, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi және басқа да қосалқы үй-жайлары болады. Тиiстi медициналық құрал-жабдықтар мен аппаратура, шаруашылық заттары (инвентарь), көлiк және басқа да мүлiкпен емхана ТМ қаражатының есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 9
9. Аурухананың бөлiмшелерiнде жедел жәрдем көрсету бойынша кестелер, нұсқаулықтар және анықтамалықтар, қажеттi дәрi-дәрмектер: ерiтiндiлер, қанның сары суы, сандыраққа қарсы препараттар және қан ауыстыратын сұйықтықтар, хирургиялық аспаптар, тану материалдары, оттегi және жедел жәрдемнің басқа да құралдары бар.
Тармақ 10
10. Аурухана және оның қызметкерлерi емхана әкiмшiлiгi әзiрлеген емдеу мекемесiнiң iшкi тәртiбi, лауазымдық нұсқаулықтар және Түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiп Ережелерiнiң негiзiнде жұмыс iстейдi.
Тармақ 11
11. Дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру қажет болғанда, дәрiгерлердiң бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстарында оқыту, дәрiгерлiк конференциялар, кеңестер өткiзу арқылы жүзеге асырылады, қажет болған жағдайларда денсаулық сақтау жөнiндегi аумақтық органдардың бiлiктi мамандары шақырылады.
Тармақ 12
12. Психиатриялық аурухананың құрылымын, штатын және керуеттер санын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ комитеті актілеріне сәйкес анықтайды.
Тармақ 13
13. Ауруханада сотталғандардың тиiстi оқшаулануын, психикалық аурулардың барлық санатының мiнез-құлқын тұрақты қадағалайтын, сондай-ақ қызметкерлерге еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ететiн тәртiп (режим) орнатылады.
Тармақ 14
14. Сотталғандарға тәртiп (режим) пен қарауды, арнайы есеп жүргiзудi, тәрбие жұмысын мекеменiң әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi.
Тармақ 15
15. Ауруханада, сыртқы күзеттен басқа, iшкi күзеттi бақылаушылар құрамы жүзеге асырады және ол туралы ауру тарихында жазба жасалатын психикалық ахуалына және аурудың қауiпсiздiгi дәрежесiне байланысты сараланған дәрiгерлiк бақылау белгiленедi.
Тармақ 16
16. Ауруханада жұмыс iстемейтiн тұлғаларға аурухана бөлiмшесiнiң аумағына кiру ТМ бастығының рұқсатымен iске асырылады.
Тармақ 17
17. Психиатриялық ауруханада сотталғандарды ұстау тәртiбiнiң (режимiнiң) белгiленген түрiне қарамастан, психикалық және соматикалық ахуалын ескере отырып, олар бiрге ұсталады. Айрықша қауiптi рецидивистер, өлiм жазасын рақымшылық ету ретiнде бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сондай-ақ ұстау тәртiбiнiң (режимiнiң) түрмелiк түрiне сотталғандар бiр-бiрiнен және қалған сотталғандардан оқшау, арнайы бөлектенген және жабдықталған орындарда ұсталады.
Тармақ 18
18. Аурулар аса жоғары қозғыштық, озбырлық көрсеткен жағдайларда, сондай-ақ дамыған шиеленiскен психотикалық ахуал жағдайында оларға дәрiгерлiк сипаттағы шаралар қолданылады, сонымен бiрге олар арнайы палатаға орналастырылады.
Тармақ 19
19. Аурулардың заттай қанағаттануы және тамақтануы Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтiк кесiмдерi белгiлеген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Психикалық аурулармен кездесулер, олардың посылка (жолданған зат) мен сәлемдемелер алуы, сондай-ақ олардың азық-түлiк және бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып-алуы тәртiптiң (режимнiң) тиiстi түрi үшiн қылмыстық-атқару заңнамасымен белгiленген нормалар бойынша рұқсат етiледі. ТМ әкiмшiлiгi аурулардың белгiленген норма мен өнiмнiң түр-түрi шеңберiнде азық-түлiкпен, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуы үшiн жағдай жасайды.
Тармақ 21
21. Аурухана статистикалық есеп жүргiзедi және оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде ҚАЖКБ-ға ұсынады.
Тармақ 22
22. Аурухана орналасқан жердегi, ТМ-нiң бастығы, мемлекеттiк органдарына аурулардың ауру тарихынан көшiрмелер мен анықтамаларды тек жазбаша сұрау салулары бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi белгiлеген жағдайларда ғана бередi. Психикалық ауытқудан зардап шегетiн сотталғандар жөнiндегi әкiмшiлiктiң мүдделi мекемелермен хат алмасулары жеке iсте сақталады. Науқастардың шағымдары мен арыздары, егер олардың мазмұнында науқас ауруының жанға бататыны көрсетiлсе, клиникалық материал ретiнде ауру тарихына қоса тiркеледi, ол туралы ауру тарихынан жазба жасалады. Егер хаттардың мазмұны ол адамның ауруының жанға бататынын көрсетпесе, олар мекен-жайларға жолданады.
Басқа 27. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi психиатриялық ауруханасында психикалық ауытқулардан зардап шегетiн сотталғандарға ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiмен 2001 ж. 11 желтоқсан N 156 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрiмен 2001 ж. 24 желтоқсан N 1153 Қоса бiрiккен бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi психиатриялық ауруханасында психикалық ауытқулардан зардап шегетiн сотталғандарға ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Психикалық ауытқулары бар сотталғандарды стационарлық емделуге жолдау кезiнде, сотталған отырған ТМ бастығы аурухананың бастығынан ауруханаға жатқызу үшiн алдын ала наряд сұрайды.
Тармақ 2
2. Сұрау салумен бiрге сотталғанның медициналық амбулаторлық картасынан жазылып алынған көшiрмеде бүкiл iлеспелi аурулары көрсетiлген толық шығару эпикризi және мекеменiң психиатр-дәрiгерiнiң стационарлық емдеу қажеттiлiгi туралы қорытындысы жiберiледi. Қорытындыда психикалық ауытқулардың бар-жоғын куәландыратын анамнестикалық және клиникалық деректер, сотталғанның бұрын психоневрологиялық диспансерде бақыланғаны, амбулаторлы немесе стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өткендiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi. Психиатриялық стационарда бақылану және емделуден өту госпиталға жатушының-мiндеттi түрде келiсiмi керек. Өз еркінен тыс ауыр психикалық ауытқулардағы тұлғаларды госпиталға бақылау және емдеуге жатқызу Қазақстан Республикасы "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психикалық ауруы бар сотталғандарды тасымалдау, жiберушi органның медициналық қызметкерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Психикалық ауруы бар сотталғандарды стационарлық емделуге жолдағанда олардың медициналық карталарымен бiрге мiндеттi түрде жеке iстерi жiберiледi. Стационарлық емделудi қажет ететiн психикалық ауру сотталғандарда өршiген туберкулез анықталғанда, психиатриялық аурухананың инфекциялық изоляторында (бөлек бөлмесiнде) емделу курсын өтедi. Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 170, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 890 бірлескен бұйрығымен.
Тармақ 5
5. Психиатриялық ауруханаға аурулар мынадай жағдайларда орналастырылады:
Тармақша 1
1) психиатр-дәрiгердiң тексеру мен емделудi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындысы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ҚАЖ комитетi немесе аурухана бастығының рұқсатымен.
Тармақ 6
6. Психиатриялық ауруханаға өз еркiнсiз орналастырылған аурулар, демалыс күндерiн есепке алмағанда, бiр тәулiк iшiнде дәрiгерлiк-кеңестiк комиссиямен (бұдан әрi - ДКК) куәландырылулары тиiс. Ауруханаға өз ерiксiз жатқызуға негiз жоқ деген ДКК қорытынды қабылдағанда, ауруды дереу ауруханадан шығарады.
Тармақ 7
7. Ауруды қабылдау кезiндегi кезекшi дәрiгердiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) қажеттi құжаттардың барлығын тексеру, медициналық құжаттарды толтыру және ауруларды шығаруды, қабылдауды және ауруханаға жатқызудан бас тартуды, қажеттi мәлiметтердi, тiркеу журналында кiргiзу, объективтi тексеру деректерiн медициналық картаға жазу;
Тармақша 2
2) аурудың алдын ала диагнозын анықтау, қажеттi емдеудi тағайындау және бөлiмшеге жiберу.
Тармақ 8
8. Ауруханаға түскенде ауру түбегейлi жеке тексеруге ұшырайды, оның заттары, киiмдерi, аяқ-киiмi мұқият тексерiледi, дезинфекцияланады, тәртiпке келтiрiледi және кезекшi медициналық бике, дәрiгер және оған iлесе келген тұлға жасаған тiзiмдеме бойынша ауруханадан шығуына дейiн сақтау камерасына тапсырылады. Бөлiмшеге түскенге дейiн ауру iш-киiмiн ауыстырумен бiрге мiндеттi түрде санитарлық өңдеуден өтедi.
Тармақ 9
9. Ауруханаға түскен ауруларды түскен сәтiнен бастап демалыс күндерiн қоспағанда бiр тәулiктен асырмай бөлiмше бастығы мен емдеушi дәрiгер қарайды. Психикалық және соматикалық жағдайының толық суреттемесi, алдын ала қойылған диагнозы мен тексеру жоспары, дәрiгерлiк талқылау нәтижелерi ауру тарихына енгізiледi. Сотталған аурулардың медициналық құжаттары темiр сейфтерде сақталады.
Тармақ 10
10. Психиатриялық ауруханадағы ауруларды емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң кесiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. Ауру қажеттi тексеруден, оның iшiнде клиникалық-зертханалық, рентгенологиялық, сондай-ақ психикалық, неврологиялық және соматикалық толық тексерулерден өтедi.
Тармақ 11
11. Психикалық жағдайы нашарлаған жағдайда ауру емдеушi дәрiгердiң қорытындысы бойынша және бөлiмше бастығының рұқсатымен күшейтiлген бақылау палатасына ауыстырылады.
Тармақ 12
12. Ауруды бақылау нәтижелерi, диагностикалық және емдеу манипуляциялары медицина картасына аурудың алғашқы 10-12 күндерi күн сайын, ал әрi қарай 3-5 күнде бiр рет енгiзiледi. Аурудың психикалық және соматикалық жағдайындағы өзгерiстерi, емдеу және диагностикалық тағайындаулары дереу жазылады.
Тармақ 13
13. Жедел көмек көрсетуге дәрiгерлердi шақыру жағдайында ем беру кабинетiнде алдын ала жүргiзетiн арнайы дәрiгерлiк кешен сақталады, оны қалыптастыру мен бақылауды медициналық бике уақытылы жүргiзiп отырады.
Тармақ 14
14. Ауруларға ауруханадан тыс жерлерге шығуға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 15
15. Психикалық аурулардың аурухана бөлiмшелерiнде ұсталуын, басқа палаталардағы аурулармен байланысын, серуендеуi мен ауруханалық тәртiптi орындауымен байланысты басқа да iс-шараларды дәрiгерлiк қызметкерлер реттейдi және бақылайды. Серуендеулер iшкi тәртiп ережелерiне сәйкес дәрiгерлiк және бақылаушы құрамның бақылауымен аурулар үшiн арнайы бөлiнген жерлерде өткiзiледi. Серуендеуге бөлiнген жерде салмақты және жазылып келе жатқан аурулар үшiн жалпы емдеу үрдiсiне әсер ететiн әр түрлi жаттығу сабақтары ұйымдастырылады.
Тармақ 16
16. Аурулар үшiн түнгi ұйқының ұзақтығы сегiз сағаттан, түстен кейiнгi ұйқы бiр сағаттан кем болмауы керек.
Тармақ 17
17. Ауру қалiне байланысты тамақ қабылдаудан бас тартқан ауруларды қолдан тамақтандыру медициналық көрсеткiштерге сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Стационарлық аурудың медициналық құжаттары мұрағатқа тапсырар алдында толық ресiмделедi, шығару эпикризiнде мiндеттi тәртiпте: анамнез туралы қысқаша ақпарат, жүргiзiлген тексеру мен емдеу, оның тиiмдiлiгi, диагнозды дәлелдеу, аурудың аяқталуы туралы мәлiметтер, әрi қарай бақылау мен емдеу жөнiндегi ұсыныстар көрсетiледi. Эпикриздiң көшiрмесi амбулаторлық аурудың медициналық картасына қоса тiркеледi.
Тармақ 19
19. Ауруханада емделу курсы аяқталған соң сотталғандар бұрын ұсталған орны бойынша түзеу колонияларына қайтарылады. Олармен бiрге олардың жеке iстерi, медициналық карталары және әрi қарай диспансерлiк есепке алу мен динамикалық бақылау үшiн стационарлық науқастың тарихынан толық көшiрмелер қайтарылады. Науқас ауруханада жатқан кезде жазалау мерзiмi аяқталса және әрi қарай емдеу қажеттiлiгi болса, науқас денсаулық сақтау органдарының психиатриялық ауруханаларына аудандық дәрiгер-психиатрдың бақылауына жiберiледi.
Тармақ 20
20. Созылмалы психикалық науқаспен ауырып қалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 168-бабына сәйкес ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға жататын сотталғандар бұрын ұсталған түзеу колонияларына қайтарылмайды. Сот денсаулық сақтау органдарының психиатриялық ауруханаларында интенсивтi, қатаң немесе жалпы бақылау арқылы мәжбүрлi емдеу туралы шешiм шығарған соң, науқастар көрсетiлген ауруханаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiлеген тәртiппен ауыстырылады.
Тармақ 21
21. Науқастың ауруханада өлу фактiсiн емдеушi дәрiгер, ал ол жоқ болса - кезекшi дәрiгер куәландырады. Ауруханада қайтыс болғандардың мәйiтiн сою мiндеттi түрде жүргiзiледi.
Тармақ 22
22. Туысқандары бас тартқан немесе туыстары жоқ болған жағдайда ауру сотталғанның өлiмiн АХАЖ органдарында тiркеудi және оны жерлеудi аурухананың әкiмшiлiгi жүргiзедi.
Тармақ 23
23. Сәтсiз оқиғалар, аурулардың өлiмi аурухана iшiндегi инфекциялар, және басқа да төтенше жағдайлар кезiнде аурухананың бастығы немесе оны алмастыратын тұлға облыстағы ҚАЖКБ басшылығына хабарлайды.