Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы «Представительские затраты» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 - бабы 3 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы «____» ___________
Басқа 0. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығымен бекітілді «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33–бабы 3–тармағының 2) – тармақшасына сәйкес әзірленген және "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы – өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды қаржыландыруға қаражат бөлуге арналған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі–Министрлік) әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарлама;
Тармақша 2
2) өкілдік шығындар – республикалық бюджетте көзделген кезекті қаржы жылына арналған және Министрліктің республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне: шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыруға, шетелдік делегациялардың қатысуымен отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, келіссөздер, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға; халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының шетелге іссапарлары барысында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.
Тармақ 3
3. Шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыруға, отырыстарды, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, келіссөздерді, шетелдік делегациялардың қатысуымен салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге арналған өкілдік шығындарға мыналар:
Тармақша 1
1) шақырылған адамдардың Қазақстан Республикасының межелі пунктіне дейінгі шығыстарына және олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына ақы төлеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколы) көзделген қабылдаулар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, кофе-брейк);
Тармақша 3
3) кофе-брейктерді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қабылдауларды музыкалық сүйемелдеу;
Тармақша 5
5) естелік сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) аудармашылардың қызметтері;
Тармақша 8
8) залды жалға алу;
Тармақша 9
9) Министрліктің басшылығы рұқсат берген басқа шығыстар.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындар нормаларының 6-тармағында көрсетілген шығындар жатады.
Тармақ 5
5. Халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) референдумдарға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының өкілдік шығындарына мыналар:
Тармақша 1
1) көлікпен қамтамасыз ету, жанар-жағармай материалдары;
Тармақша 2
2) аудармашылардың қызметтері;
Тармақша 3
3) жүргізушінің және (немесе) аудармашының, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушымен жіберілген байқау өтетін жерде тұрақты тұрмаса, олардың тұруына және тамақтануына ақы төлеу (тұру лимиті – қонақүйдегі стандартты бір орындық нөмірдің құны шегінде);
Тармақша 4
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросындағы сайлауды және (немесе) референдумды байқау миссиялары жұмысының қорытындылары бойынша Министрлікке ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығындар: әуежайдан қонақүйге және (немесе) қонақүйден әуежайға трансфер; сайлауды немесе референдумды бақылау жүзеге асырылатын қала ішіндегі жол жүрулер (өту орнына байқаушыларды кездесу өтетін жерге алып келу және (немесе) алып кету); ел бойынша сапарлар (байқаушы орналасқан жеріне және (немесе) орналасқан жерінен); ұялы байланысқа және (немесе) мобильді интернетке арналған шығындар (SIM карталар, ұялы телефондарды пайдалану); брифингтер үшін шығындар (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер).
Тарау 2. 2-тарау. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражат бөлу тәртібі
2-тарау. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражат бөлу тәртібі
Тармақ 6
6. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындар үшін көрсетілген қаражат көлеміне сүйене отырып, өкілдік шығындарды талап ететін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасайды. Министрлік Жоспарға сәйкес және тиісті қаржы жылына бекітілген шектеу шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өкілдік шараларға арналған қаражатты бөледі. Жыл ішінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде Министрлік жоспарланбаған іс-шараларды өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, Жоспарды түзетеді.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шара өткізілгенге дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын Министрлікке төмендегі ақпарат қоса тіркелген өкілдік шығындарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу туралы өтініш жібереді:
Тармақша 1
1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен делегацияның деңгейі мен форматы бойынша келу бағдарламалары;
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен іс-шараларды дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығыстар нормаларын ескере отырып, шығындардың әрбір бабын негіздемесімен қоса шығыстар сметасы;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 3 – тармағының 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген өкілдік шығындар бойынша – тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын кемінде 3 (үш) ұйымның деректемелерін көрсете отырып, баға ұсыныстары.
Тармақ 8
8. Министрлік осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері негізінде өкілдік шығындар нормаларына сәйкес, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу Министрліктің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді. Шақырылатын адамдардың Қазақстан Республикасындағы межелі пунктке дейінгі көлік шығындарын және олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шет елге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарды үшін автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерін төлеуге арналған қаражат бөлінген жағдайда, Аппарат басшысының бұйрығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқаратын адамның қарары негізінде қабылданады. Аппарат басшысының бұйрығында делегация деңгейі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес іс-шаралар деңгейі көрсетіледі. Аппарат басшысының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы бұйрығы жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылданады.
Тармақ 10
10. Егер делегацияның Қазақстан Республикасында болу бағдарламасында өзгеше көзделмесе, шақырылған адамдардың Қазақстан Республикасындағы межелі пунктінде тұруына ақы төлеуге қаражат бөлінген кезде, іс-шара өткізілгенге дейін 1 (бір) күн бұрын және 1 (бір) күн кейін есепке алынады. Шақырылатын адамдардың көліктік шығыстарына қаражат бөлінген кезде Қазақстан Республикасының аумағының шегінде іс-шараны өткізудің соңғы пунктіне дейінгі бағыт ескеріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес шетелдік делегациялар үшін жоспарланатын қабылдауларды өткізуге қаражат бөлінген кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің экспорттық-импорттық қызмет және инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі орынбасарының қатысуымен "жоғары деңгейде" өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, жоспарланатын қабылдауда Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауға тиіс.
Тармақ 11
11. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке жоспарланған іс-шараға дейін және объективті себептерге байланысты осы Қағидалардың 9-тармағы бойынша Аппарат басшысының бұйрығын қабылдау жоспарланған іс-шара басталғанға дейін мүмкін болмаған кезде іс-шара өткізілген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей Аппарат басшысы өкілдік шығыстарды өтеу туралы бұйрықты қабылдайды. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі іс-шара өткізілгеннен кейін өкілдік шығыстардың өтемақысын төлеуге өтініш білдірген кезде, осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттардан басқа, Министрлікке нақты шығыстарды растайтын құжаттар (түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, шарттар (олар болған кезде) қосымша ұсынылады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке іс-шара өткізілген күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей жүгінеді. Бұл ретте өкілдік шығыстарды өтеу туралы Аппарат басшысының бұйрығы республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүгінген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Тармақ 12
12. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуден және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) талаптарға сәйкес келмейтін өкілдік шығындардың өтемақысынан республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бас тартқаны туралы хабарламамен бас тартады.
Тармақ 13
13. Өкілдік шығындарға бөлінген ақша қаржы жылының ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы Аппарат басшысының бұйрығына өзгерістерді енгізу үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жолдайды.
Тармақ 14
14. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Аппарат басшысының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарларына, сондай-ақ халықаралық байқау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) референдумдарға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын іссапарға жіберу кезіндегі өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бөлінген қаражатты айырбастау үшін Министрлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында шот ашады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Орталық филиалы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтініші бойынша шетел валютасын айырбастайды және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына шетел валютасыдағы шотына аударады;
Тармақша 3
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ Орталық филиалының үзіндісі негізінде шетел валютасын Министрліктің шетел валютасындағы шотына есептеуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) Аппарат басшысының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған бұйрығының негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде (бұдан әрі – Қазынашылық департаменті) ҚР ҰБ қолма-қол шетел валютасын алу мақсатында Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;
Тармақша 5
5) Қазынашылық департаменті ҚР ҰБ-да қолма-қол шетел валютасын алу үшін Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;
Тармақша 6
6) ҚР ҰБ Министрліктің лауазымды адамына көрсетілген сомаға сәйкес қолма-қол шетел валютасын береді;
Тармақша 7
7) Министрліктің лауазымды адамы алынған қолма-қол шетел валютасын Министрліктің кассасына сол күні кіріске алынады;
Тармақша 8
8) өкілдік шығындарға қаражат Министрліктің кассасынан өкілдік шығындарға қаражат алуға уәкілетті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды адамдарына беріледі.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 9) және 14) тармақшаларына сәйкес шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге өкілдік шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Министрлікке жартыжылдық және жылдық келесі есепті айдың он бесінші күнінен кешіктірмей көрсетілген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп береді. Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет есебінен ұсталатын, Қазақстан Республикасынан бақылаушылар халықаралық байқау миссиялары құрамында шет мемлекеттердегі сайлауға және (немесе) референдумға жіберелетін, өкілдік шығындарға қаражат алған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары не осы өкілдік шығындарға қаражат алуға уәкілетті адамдар іс-шараны өткізгеннен кейін күнтізбелік (10) он күн ішінде Министрлікке Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен және елтаңбалы мөрімен расталған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні, сондай-ақ тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асырған ұйымның мөрімен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбіртектерді, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, келісімшарттарды) беруі тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде жұмсалатын өкілдік шығындар үшін қаражат алуға уәкілетті лауазымды адамдар іс-шара өткізілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Министрлікке республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөрімен расталған және Қазақстан Республиксы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің шетелдік сапарлары кезінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде, Аппарат басшысының – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде расталған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні беріледі.
Басқа 1. Өкілдік шығындардың нормалары
«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларына қосымша Өкілдік шығындардың нормалары р/с № Шы­ғы­стар­дың ата­уы Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер­де­гі құ­ны (бұ­дан әрі – АЕК), АҚШ дол­ла­ры­мен 1 Ше­тел­дік де­ле­га­ци­я­лар үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік Про­то­ко­лын­да көз­дел­ген қа­был­да­у­лар өт­кі­зу (таң­ғы ас, түс­кі ас, кеш­кі ас) шы­ғын­да­ры кү­ніне бір адам­ға ар­нал­ған есеп бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді 3 АЕК-ке дей­ін «жо­ға­ры дең­гей­де» 5 АЕК-ке дей­ін 2 Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі 10 АЕК-ке дейін 3 Ке­ліс­сө­здер, мә­де­ни бағ­дар­ла­ма іс-ша­ра­ла­ры ке­зін­де бір күн­де бір адам­ға ко­фе-брейк 1 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» – 2 АЕК-ке дей­ін 4 Іле­с­пе аудар­ма қыз­ме­ті­нің ақы­сын тө­леу са­ғат­тық тө­лем есе­бі­нен Мем­ле­кет­тік тіл­ден орыс ті­л­ге және ке­рі ба­ғыт­та 5 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» – 6 АЕК-ке дей­ін Ағы­л­шын, фран­цуз, неміс, ис­пан, ита­льян тіл­де­рі­нен мем­ле­кет­тік ті­л­ге және (неме­се) орыс ті­ліне 6 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» - 8 АЕК-ке дей­ін Түр­кі, араб, пар­сы, қы­тай, ко­рей, жа­пон тіл­де­рі­нен мем­ле­кет­тік ті­л­ге және (неме­се) орыс ті­ліне 8 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» - 10 АЕК-ке дей­ін Бас­қа си­рек тіл­де­рі­нен (жо­ға­ры­да­ғы­лар­дан өзге­ше) мем­ле­кет­тік ті­л­ге және (неме­се) орыс ті­ліне 8 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» - 10 АЕК-КЕ дей­ін 5 Ше­тел де­ле­га­ци­я­ла­ры­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да кө­лік­пен қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған са­ғат­тық тө­лем есе­бі­мен қар­жы­лан­ды­ру жос­па­рын­да көз­де­ле­ді же­ңіл кө­лік­тер – 1,6 АЕК-ке дей­ін «аса жо­ға­ры дең­гей­де» және «жо­ға­ры дең­гей­де» өкі­лі­дік және (неме­се) биз­нес-кла­сты кө­лік­тер – 2 АЕК-ке дей­ін Жо­ға­ры қа­уіп­сіз­дік ав­то­кө­лік­тер – 6 АЕК-ке дей­ін ша­ғын ав­то­бу­стар – 1,8 АЕК-ке дей­ін ав­то­бу­стар – 2,1 АЕК-ке дей­ін іс-ша­ра­ның дең­гей­іне қа­ра­ма­стан 6 Ше­тел­дік са­пар­лар ке­зін­де­гі өкіл­дік шы­ғын­дар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті – 5000 АҚШ дол­ла­ры; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі – 3000 АҚШ дол­ла­ры; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ке­ңес­ші­сі – 2500 АҚШ дол­ла­ры; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі – 2000 АҚШ дол­ла­ры. 7 Зал­ды жал­ға алу ұсы­ны­л­ған ба­ға ұсы­ны­ста­ры­ның ең тө­мен құ­ны бой­ын­ша 8 Ре­сми қа­был­да­у­лар­ды му­зы­ка­лық сүй­е­мел­деу ұсы­ны­л­ған ба­ға ұсы­ны­ста­ры­ның ең тө­мен құ­ны бой­ын­ша 9 Есте­лік сый­лық­тар ұсы­ны­л­ған ба­ға ұсы­ны­ста­ры­ның ең тө­мен құ­ны бой­ын­ша 10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі бас­шы­ла­ры рұқ­сат бер­ген бас­қа шы­ғы­стар ұсы­ны­л­ған ба­ға ұсы­ны­ста­ры­ның ең тө­мен құ­ны бой­ын­ша