Об утверждении Методики по проведению анализа состояния конкуренции в отношении финансовых организаций Күшін жойған
Басқа 0
Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10956 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
___________ Д. Ақышев
2017 жылғы 28 ақпан
Басқа 0. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің
жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген
Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің
жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 13) тармақшасында көзделген негізгі ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді, қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу рәсімін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде Кодексте және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерінде айқындалған ұғымдар пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін талдау (бұдан әрі – Талдау) қаржы қызметтерін көрсету нарығының бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметті шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде мынадай:
Тармақша 1
1) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін қарау кезінде қаржы нарығы субъектісінің үстем үлесін айқындау жағдайларында жүргізіледі.
Талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.
Тармақ 4
4. Талдау осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес, қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін қаржы қызметтерін көрсету нарықтарын іріктеу негіздемелеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Талдау мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Қаржылық көрсетілетін қызметті және қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзара алмастырылуын айқындау;
Тармақша 2
2) қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекараларын айқындау;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді зерттеудің уақыт аралығын айқындау; 4) қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің құрамын айқындау;
Тармақша 5
5) қаржы қызметтерін көрсету нарығының көлемі мен қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің үлестерін есептеуді;
Тармақша 6
6) қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;
Тармақша 7
7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерін айқындау;
Тармақша 8
8) Қорытындыда көрсетілетін, жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-қимылдар, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде Талдау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдерінің белгілерін қарау кезінде Талдау жүргізу талап етілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді және қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзара алмастырылуын айқындау
2-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді және қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзара алмастырылуын айқындау
Тармақ 6
6. Нақ сол бір нарықта көрсетілетін қаржылық көрсетілетін қызметтерді айқындау рәсімі мыналарды:
Тармақша 1
1) қаржылық көрсетілетін қызметті алдын ала айқындауды;
Тармақша 2
2) тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін және аталған қаржылық көрсетілетін қызмет үшін әлеуетті өзара алмастырылатын болып табылатын көрсетілетін қызметтерді анықтауды;
Тармақша 3
3) өзара алмастырылатын көрсетілетін қызметтерді айқындауды қамтиды.
Тармақ 7
7. Қаржылық көрсетілетін қызметті алдын ала айқындау мыналардың:
Тармақша 1
1) қаралып отырған көрсетілетін қызмет нысанасы болып табылатын қаржылық қызмет көрсету шарттарының;
Тармақша 2
2) лицензиялар беру туралы шешімдердің және лицензияның болуын растайтын рұқсат беру құжаттарының;
Тармақша 3
3) тиісті қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің;
Тармақша 4
4) өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық жіктеуіштерінің;
Тармақша 5
5) қаржы сөздіктерінің және осы бағытқа сәйкес келетін анықтамалық әдебиеттің;
Тармақша 6
6) қаржы ұйымдары қауымдастықтары (қоғамдық бірлестіктер) қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтің тұтынушылық қасиеттерін анықтау кезінде:
Тармақша 1
1) қаржылық көрсетілетін қызметтің нысаналы мақсаты мен қолданылуы, оның ішінде тұтыну мақсаты және оның негізгі тұтынушылық қасиеттері;
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметтің бағасы (сыйақының тиімді мөлшерлемесі, тариф, комиссия);
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметтерді өткізудің шарттары мен тәсілдері талданады.
Тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтің тұтынушылық қасиеттерінің құрамы және қаржылық көрсетілетін қызметтің сипаттамасын бөлудің қажетті дәрежесі жүргізіп отырған зерттеудің мақсатына, сондай-ақ талданып отырған нарықтың ерекшелігіне байланысты болады.
Тармақ 9
9. Осы қаржылық көрсетілетін қызмет үшін де әлеуетті өзара алмастырылатын болып табылатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді анықтау қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметпен экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық жіктеуіштерінің бір жіктеуіш тобына кіретін көрсетілетін қызметтердің елеулі қасиеттері бойынша салыстырылатын талдау арқылы да жүзеге асырылады.
Осы көрсетілетін қызметке сәйкес келетін дәл жіктеуіш ұстанымын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, жіктеуіш ұстанымдарының тобы қаралады.
Тармақ 10
10. Өзара алмастырылатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді айқындау олардың функционалдық мақсатын, қолданылуын, сапалық сипаттамаларын, бағасын және басқа да өлшемдерін ескере отырып, тұтынушының көрсетілетін қызметтерді нақты ауыстыруына немесе тұтынушының тұтыну процесінде бір қаржы қызметтерін басқасымен алмастыруға әзірлігіне негізделеді.
Егер тұтыну процесінде қаржылық көрсетілетін қызметті басқа да көрсетілетін қызметтермен ауыстыру үшін қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушы елеулі шығасыларға (көрсетілетін қызмет бағасының он пайызынан асатын) ұшыраса, онда мұндай көрсетілетін қызметтер өзара алмастырылатындарға жатқызылмайды.
Тармақ 11
11. Өзара алмастырылатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді айқындау кезінде тұтынушылардың түрлі топтары пікірлерінің сәйкес келмеу мүмкіндігі ескеріледі.
Тұтынушылардың топтары:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы бойынша;
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметті алу орны бойынша;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар бойынша ерекшеленеді.
Тармақ 12
12. Талдау жүргізу кезінде Талдау жүргізу кезеңінде қалыптасқан нарықтық бағалар қолданылады, сондай-ақ тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында операцияларды жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтері ескеріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекараларын айқындау
3-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекараларын айқындау
Тармақ 13
13. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекаралары, егер оны осы аумақтан тысқары жерлерде сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа да себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушылар қаржылық көрсетілетін қызметті немесе өзара алмастырылатын қызметтерді сатып алатын аумақты айқындайды.
Тармақ 14
14. Талдау жүргізу кезінде нарық шекаралары болып Қазақстан Республикасының аумағы белгіленеді.
Тармақ 15
15. Бұл ретте қаржы қызметтерін көрсету нарығы мынадай негізгі секторларға бөлінеді:
Тармақша 1
1) екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қаржы қызметтері нарығы;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері нарығы;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері нарығы.
Тарау 4. 4-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығын зерттеудіңуақыт аралығын айқындау
4-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығын зерттеудіңуақыт аралығын айқындау
Тармақ 16
16. Қаржы қызметтерін көрсету нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеу мақсатына, нарықтың ерекшеліктеріне және ақпараттың қолжетімділігіне байланысты айқындалады.
Тармақ 17
17. Қаржы қызметтерін көрсету нарығында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының және бәсекелестікті қорғау туралы өзге де құқықтық актілердің бұзылуына байланысты қаржы қызметтерін көрсету нарығын зерделеу кезінде өтініште баяндалған оқиғаның (фактінің) не осындай бұзушылық туралы өтінішті алу күнінің алдындағы кезеңді айқындау ұсынылады.
Қаржы ұйымының үстем жағдайын белгілеу мақсатында Талдаудың ең аз уақыт аралығы бір жылды немесе егер қаржы нарығы кемінде бір жылды құраса, оның өмір сүру мерзімін құрайды.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығының факт бойынша барлық сипаттамалары бір уақыт аралығы үшін айқындалады. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының даму перспективаларын зерделеу кезінде барлық сипаттамалар алдағы бір уақыт аралығы үшін дәл осылай айқындалады.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу кезінде нақты уақыт аралығына қатысты деректер пайдаланылады.
Тармақ 18
18. Осы Әдістеменің 3-тармағының 1) тармақшасы бойынша қаралып отырған нарықтағы Талдау, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жасалғаннан кейінгі бәсекелес ортаның жай-күйін ескеретін талдау жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының барлық сипаттамалары белгіленген уақыт аралығының шегінде айқындалады.
Тарау 5. 5-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету
нарығы субъектілерінің құрамын айқындау
5-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету
нарығы субъектілерінің құрамын айқындау
Тармақ 20
20. Қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің құрамына оның шекараларында белгілі уақыт аралығы шеңберінде қызмет көрсететін барлық нарық субъектілері енгізіледі.
Тармақ 21
21. Адамдар тобын құрайтын қаржы қызметтерін көрсететін нарық субъектілері бір қаржы қызметтерін көрсету нарығының субъектісі ретінде қаралады.
Тармақ 22
22. Зерттеудің уақыт аралығын, қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекаралары шеңберінде өзара алмастырылуын анықтау кезінде алынған ақпараттың негізінде қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілері айқындалады, олар үшін мынадай:
Тармақша 1
1) толық атауын (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып);
Тармақша 2
2) мекенжайын (орналасқан орнын);
Тармақша 3
3) адамдар тобына тиесілілігін;
Тармақша 4
4) талданып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығын тұтынушылар не өзара алмастырылатын қаржы қызметтерін көрсету нарығын тұтынушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер белгіленеді.
Тармақ 23
23. Қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің құрамын айқындау кезінде қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін өнім берушілерден көрсетілетін қызметтерді сатып алатын тұтынушылар топтарының құрамы да (саны да) нақтыланады.
Егер қаржы қызметтерін көрсету нарығында негізгі тұтынушылардың шамалы саны (он бестен кем) жұмыс істейтін болса, онда көрсетілетін қызметтерді берушілер мен тұтынушылардың бір адамдар тобына кіретіні анықталады.
Тармақ 24
24. Егер қаржы қызметтерін көрсету нарығының субъектісі қаржы нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірнеше лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырса, онда Талдау кезінде ол ең алдымен негізгі қызмет жүзеге асырылатын сектор субъектісі (банк, сақтандыру, бағалы қағаздар) ретінде қаралады. Бұл ретте, егер түрлі сектор субъектілері нақ сол бір қызмет түрін, мысалы банктер болып табылмайтын брокерлер және (немесе) дилерлер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырса, онда көрсетілетін қызметтердің тиісті нарықтары көрсетілетін қаржы қызметтерінің бөлек нарықтары ретінде қаралады, тиісінше қаржы қызметтерін көрсетудің бір нарығындағы көрсеткіштер (көлемдер, бағалар және басқа да көрсеткіштер) басқа қаржы қызметтерін көрсету нарығын Талдау кезінде ескерілмейді.
Тармақ 25
25. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының құрылымы мен қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекаралары шегінде айқындалады.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығында қызметтер көрсететін, оның ішінде өз филиалдары арқылы қызмет көрсететін қаржы ұйымдары анықталады.
Көрсетілетін қызметті нақты қаржы ұйымынан сатып алатын клиенттердің (тұтынушылардың) негізгі топтары қажеттіліктер құрылымын саралаудың негізінде айқындалады.
Егер зерттеу міндетіне қаржы қызметтерін көрсету нарығының даму перспективаларын айқындау кіретін болса, қаржы ұйымдарының саны мен құрамының және олардың клиенттерінің өзгеруі мүмкіндігін ескеру қажет.
Осы нарық шекарасында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының белгілі бір қаржылық көрсетілетін қызметін ұсынудың әлеуетті мүмкіндіктері анықталады. Осы нарыққа басқа қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың кіруінің әлеуетті мүмкіндігі айқындалады.
Әлеуетті бәсекелестерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қаржы қызметтерін көрсету нарығының қаралып отырған шекараларында жұмыс істейтін қаржы ұйымдары;
Тармақша 2
2) қаржы қызметтерін көрсету нарығында қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы жоқ, бірақ мұндай лицензияны алуға тең бәсекелестік мүмкіндігі бар қаржы қызметтерін көрсету нарығының қаралып отырған шекараларында жұмыс істейтін қаржы ұйымдары.
Тарау 6. 6-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің көлемін жәнеқаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің
үлестерін есептеу
6-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің көлемін жәнеқаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің
үлестерін есептеу
Тармақ 26
26. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының сыйымдылығы және қаржы ұйымының үлесі қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекаралары, клиенттер (тұтынушылар) және бәсекелестер құрамдары шеңберінде нақты бір көрсетілетін қаржы қызметінде белгілі бір уақыт кезеңі үшін айқындалады.
Қаржы нарығының сыйымдылығы белгілі бір кезеңде барлық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын қаржылық көрсетілетін қызметтер көлемінің сомасы ретінде айқындалады:
мұндағы:
Vfr – қаржы қызметтерін көрсету нарығының сыйымдылығы;
SUM –қаржылық көрсетілетін қызметтер көлемінің сомасы;
Vi – i-ші қаржы ұйымының қаржылық көрсетілетін қызметтерінің көлемі;
i = 1, 2,..., n – қаржы қызметтерін көрсету нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының саны.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығының сыйымдылығын есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер заттай да, құндық та мәнде өлшенеді.
Тармақ 27
27. Қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы ұйымының үлесі ол көрсеткен белгілі бір қаржы қызметі түрінің белгілі бір кезеңде көрсетілетін қызметтердің белгілі түрі нарығының жалпы сыйымдылығына пайыздық арақатынасы ретінде айқындалады:
мұндағы:
Di – қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы ұйымының үлесі;
Vi – i-ші қаржы ұйымының қаржылық көрсетілетін қызметтерінің көлемі;
Vfr – қаржы қызметтерін көрсету нарығының сыйымдылығы .
Қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектісінің үлесін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер қаржы нарығы сыйымдылығын есептеудегі өлшем бірліктерінде келтіріледі.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығының көлемін айқындау кезінде талданып отырған нарық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар топтары бойынша да бөлінеді.
Банк секторының көрсетілетін қызметтерін зерттеу кезінде кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын клиенттер мынадай топтар бойынша жіктеледі: шағын, орта және ірі бизнес субъектілері.
Тармақ 28
28. Бір адамдар тобына кіретін, нақ сол бір қаржы қызметтерін көрсету нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының нарықтағы үлесі адамдар тобы үшін жиынтығында айқындалады. Осылайша, шешімдер қабылдауда тәуелсіз, дербес қаржы ұйымдарының құрамын айқындау кезінде қаржы қызметтерін көрсету нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының жалпы саны азаяды және біріктірілген қатысушылар пайда болады.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығының тәуелсіз қатысушыларының белгілі бір санына сүйене отырып, нарықтың шоғырлану көрсеткіштерін есептеу қажет.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектісінің (адамдар тобының) үлесі белгіленген уақыт аралығына, қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекараларына қатысты айқындалады.
Тармақ 29
29. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтердің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады:
Тармақша 1
1) банктік қарыз операциялары: баға көрсеткіші – сыйақының жылдық орташа тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – СЖТМ), көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – құндық мәнде берілген кредиттер көлемі және жасалған шарттар саны;
Тармақша 2
2) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау: баға көрсеткіші – тарифтерге сәйкес төлемдерді жүзеге асыру және ақша аударымдары құны, көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – аударымдар сомалары және операциялар саны.
Егер банктер де, банктік емес ұйымдар да көрсететін қызмет тұтынушы үшін өзара алмастырылатын болып табылса, онда мұндай қызмет біртұтас нарық ретінде айқындалады.
Тармақ 30
30. Сақтандыру ұйымдары көрсететін сақтандыру қызметтерінің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады:
Тармақша 1
1) баға көрсеткіші – сақтандыру тарифтері (сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру сомасына арақатынасы), көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – сақтандыру сыйлықақыларының көлемі;
Тармақша 2
2) сақтандырудың бірнеше сыныптарын біріктіретін сақтандыру өнімдері қаржы қызметтерін көрсету нарықтарында сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша ескеріледі.
Міндетті сақтандыру қызметтерін көрсетудің (оның ішінде олардың баға белгілеуі) нақты регламенттелгенін және уәкілетті мемлекеттік органдар реттейтінін ескере отырып, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаласында басшылықты жүзеге асыратын монополияға қарсы органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаларды есептеуді жүргізбейді.
Сақтандыру қызметтері нарығын талдау сақтандыру сыныптары бөлінісінде егжей-тегжейлі өткізіледі.
Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің көрсетілетін қызметтері жеке нарық ретінде қаралады.
Тармақ 31
31. Бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қызметтердің негізгі түрлері көлемін есептеуде мынадай шарттар қабылданады:
Тармақша 1
1) брокерлер көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – жасалған мәмілелер комиссиялары; көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – жасалған мәмілелер көлемі және брокерлік қызметтер көрсету туралы жасалған шарттардың саны.
Дилерлік операцияларды брокер-дилерлер тек өз есебінен және өз мүддесі үшін жүзеге асыратынын ескере келе, ведомство мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаларды есептеуді жүргізбейді;
Тармақша 2
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушылар көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – кіріс комиссиясы; көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – басқарудағы активтер көлемі және активтерді басқаруға жасалған шарттар саны;
Тармақша 3
3) кастодиандар көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – кастодиандық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың саны;
Тармақша 4
4) трансфер-агенттер көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – құжаттарды (ақпаратты) кабылдау-тапсыру комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – трансфер-агенттік қызмет көрсетуге жасалған шарттар саны;
Тармақша 5
5) қор биржасы көрсететін қызметтер үшін - баға көрсеткіші - жасалған мәмілелер комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi)- сауда-саттықтар (жасалған мәмілелер) көлемі және қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар эминенттерінің саны;
Тармақша 6
6) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельдерді басқарушылар көрсететін қызметтер үшін (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) – баға көрсеткіші – операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны және зейнетақы жинақтарының көлемі.
Бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтерін көрсету нарығы қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша сегменттеледі.
Тармақ 32
32. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-қимылдар, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтау кезінде қаржы қызметтерін көрсету нарығының жалпы көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және/немесе статистика органдарынан алынған деректерден айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және(немесе) статистика органдарының деректері негізінде қаржы қызметтерін көрсету нарығының жалпы көлемін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, қаржы қызметтерін көрсету нарығының көлемін есептеу осы Әдістеменің 27-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау
7-тарау. Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау
Тармақ 33
33. Нарықтың шоғырлану деңгейін айқындау үшін:
Тармақша 1
1) нарықтық шоғырлану коэффициенті (CR) пайдаланылады. Ірі өнім берушілердің белгілі бір санының көрсетілетін қызметті өткізуі (беруі) көлемінің аталған нарықтағы барлық өнім берушілердің қызметті өткізуінің (беруінің) жалпы көлеміне пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі.
Үш (CR–3) ірі өнім берушінің шоғырлану деңгейін пайдалану ұсынылады.
Тармақша 2
2) Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (НН) нарықта жұмыс істеп тұрған барлық өнім берушілер иеленетін үлестердің квадраттарының сомасы ретінде есептеледі.
Тармақ 34
34. Герфиндаль – Гиршман шоғырлану коэффициенттері мен индекстерінің түрлі мәндеріне сәйкес нарықтың үш типі бөлінеді:
1-тип – жоғары шоғырланған нарықтар:
70% < CR – 3 < 100 %; 2000 < НН < 10 000, немесе НН = 10 000 мәндер саласын қамтиды.
Бұл нарықтар бәсекелестігі дамымаған немесе бәсекелестігі жоқ нарықтар ретінде сипатталады, қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайы орын алады. Нарықтың монополиялану дәрежесі жоғары.
2-тип – орташа шоғырланған нарықтар:
45% < CR – 3 < 70 %; 1000 < НН < 2000.
Нарықта бәсекелестік бар, бірақ ол жеткіліксіз дамыған, онда қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің біркелкі болмауы орын алады.
3-тип – төмен шоғырланған нарықтар:
CR – 3 < 45 %; НН < 1000.
Әдетте нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілері жоқ болған жағдайда, аталған нарықтар бәсекелестігі дамыған нарықтар ретінде сипатталады. Нарықтың монополиялану дәрежесі төмен.
Осылайша, нарықтың шоғырлану көрсеткіштері нарықтың монополиялану дәрежесін, онда қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің болуының біркелкілігін (немесе әркелкілігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында түрлі ауқымды қызмет көрсететін өнім берушілер неғұрлым көп болса, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым аз болады.
Бір адамдар тобына кіретін қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің үлестері қосылады және бір қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектісінің үлесі ретінде есептеледі.
Тармақ 35
35. Нарықтың нарықтық шоғырлануын айқындау кезінде тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы адамдар тобын, атап айтқанда оларға қатысты Кодексте көзделген шарттар орындалатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығын белгілеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау:
Тармақша 1
1) қаралып отырған нарықтың қаржы қызметтерін көрсету нарығының қай түріне: бәсекелестігі дамыған нарыққа, бәсекелестігі жеткіліксіз дамыған нарыққа немесе бәсекелестігі дамымаған нарыққа жататындығы туралы қорытындыны;
Тармақша 2
2) қаралып отырған нарықта бәсекелес ортаның өзгеру перспективаларының бағасын (осы Әдістеменің 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда) қамтиды.
Тармақ 37
37. Қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығының қаржы қызметтерін көрсету нарықтарының қай түріне жататыны туралы қорытынды нарықтың шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері, нарыққа кіру кедергілерінің болуы мен еңсерілуінің негізінде беріледі.
Тармақ 38
38. Қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің мінез-құлықтарын талдау:
Тармақша 1
1) өнім берушілердің инновациялық қызметі мен маркетингтік стратегиясын зерделеуді;
Тармақша 2
2) қаржы қызметтерін көрсету нарығының бәсекелесетін субъектілерінің өзара тәуелділік дәрежесін анықтауды;
Тармақша 3
3) өнім берушілердің жекелеген тұтынушыларға (тұтынушылар тобына) жеңілдіктер беру фактілерін белгілеуді;
Тармақша 4
4) қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің келісімдерін анықтауды қамтиды.
Тармақ 39
39. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау қажеттілігі жағдайында, шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалау, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілері үшін талданып отырған қаржылық көрсетілетін қызмет бойынша пайда мен шығасылар мөлшерінің арақатынасы;
Тармақша 2
2) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бағалар серпіні;
Тармақша 3
3) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығының көлемі мен сұраныстың серпіні;
Тармақша 4
4) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығының ашықтығы;
Тармақша 5
5) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығында жаңа өнім берушілердің пайда болу жиілігі;
Тармақша 6
6) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің техникалық даму деңгейі қаралады.
Тармақ 40
40. Нақты талданып отырған нарықта бәсекелестіктің жай-күйінің өзгеру мүмкіндігін талдау кезінде, егер оларды жасау нәтижесінде:
Тармақша 1
1) Кодексте белгіленген тыйым салуларды бұзуға мүмкіндік жасалса;
Тармақша 2
2) қаралып отырған нарықтың шоғырлану деңгейі орташадан жоғары деңгейге көтерілсе;
Тармақша 3
3) шоғырлану деңгейі жоғары немесе орташа қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілері еңсерілмейтін болса;
Тармақша 4
4) қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру үшін қолайлы алғышарттар жасалса;
Тармақша 5
5) аталған көрсетілетін қызметтердің шектеулі ұсынылуы кезінде тұтынушының (тұтынушылардың) бір көрсетілетін қызметті басқаларымен (өзара алмастырылатын қызметтер тобынан) алмастыру мүмкіндігі төмендесе, мәмілелер және іс-әрекеттер бәсекелестікті шектейді деп танылады.
Тармақ 41
41. Жасалып отырған мәмілелердің оң әсерін айқындау кезінде мынадай өзгерістер де қаралады:
Тармақша 1
1) аталған қаржылық қызметті көрсетудің пайдасы мен шығасылары (тиімділік, рентабельділік көрсеткіштері);
Тармақша 2
2) аталған көрсетілетін қызметті іске асырудың көлемі;
Тармақша 3
3) сұраныстың қамтамасыз етілуі;
Тармақша 4
4) аталған көрсетілетін қызметті берушілердің техникалық және ұйымдастырушылық даму деңгейі;
Тармақша 5
5) аталған көрсетілетін қызметтің сапасы;
Тармақша 6
6) қаралып отырған нарықта аталған қызметті берушілер саны;
Тармақша 7
7) аталған қызметті көрсету кезіндегі жұмыс орындарының саны қаралады.
Жасалып жатқан мәмілелердің оң әсері ұзақ мерзімді (екі жылдан кем емес) сипатқа ие және мәміле жасалған кезден бастап бір жыл ішінде алынды.
Жасалып жатқан мәмілелердің оң әсері тұтынушыларға ішінара пікіртерімдер жүргізудің және сараптамалық бағалаулардың негізінде айқындалады.
Әрбір нақты жағдайда бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау рәсімі қаржы нарығының ерекшеліктеріне, талдау мақсаттарына байланысты түрлі көлемде және реттілікте де жүзеге асырылады. Сондай-ақ жекелеген кезеңдерді өткізіп жіберу көзделеді (егер қаржы қызметтерін көрсету нарығының өзара алмастырылу өлшемшарттары және шекаралары айқындалған болса).
Әрбір кезеңнен өткеннен кейін, қажет болған жағдайда алдыңғы кезеңде айқындалған көрсеткіштерді түзету жүзеге асырылады.
Жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша нарықтың құрылымы туралы, қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестіктің дамуы немесе дамымауы, жағдайдың өзгеруіне ведомствоның ықпал етуінің орындылығы мен нысандары туралы қорытынды шығарылады.
Тарау 8. 8-тарау. Бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерін айқындау
8-тарау. Бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерін айқындау
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты емес қаржы қызметтерін көрсету нарығының құрылымын сипаттайтын сапалық көрсеткіштер мыналар:
Тармақша 1
1) әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа кіру кедергілерінің болуы (немесе болмауы), оларды еңсеру мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) нарықта жұмыс істейтін бәсекелестер үшін нарықтан шығу кедергілерінің болуы (немесе болмауы);
Тармақша 3
3) қаржы ұйымдары мен клиенттердің (тұтынушылардың) деңгейлес және сатылас интеграциясы, қаржы қызметтерін көрсету нарығына қатысушылардың үлестес болуы;
Тармақша 4
4) ақпараттың обьективтілігі (ақпараттық қолжетімділік дәрежесі, ақпарат көздері) болып табылады.
Тармақ 43
43. Қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілеріне қаржы қызметтерін көрсету нарығында қызметін бастауға кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайларды немесе іс-қимылдарды айқындау рәсімі:
Тармақша 1
1) қаралып отырған қызметтер көрсету нарығына кіру кедергілерінің болуын (немесе болмауын) анықтауды;
Тармақша 2
2) қаралып отырған қызметтер көрсету нарығына кірудің анықталған кедергілерінің еңсерілуін айқындауды қамтиды.
Тармақ 44
44. Қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілеріне Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты емес сапалық көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) аталған нарықтың құрылымдық ерекшеліктері (бастапқы және ағымдағы шығындар, сұраныс көлемі, нарықтың дамығандығы, бәсекелестіктің типі);
Тармақша 2
2) мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттері (лицензиялау, салық салу және мемлекеттік билік органдарының басқа да әрекеттері);
Тармақша 3
3) нарықта жұмыс істеп тұрған ұйымдар тарапынан келісімдер мен іс-әрекеттер жатады.
Қаржы нарығының құрылымдық ерекшеліктеріне және мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттеріне негізделген кедергілерге мыналар:
Тармақша 1
1) нарықтың сыйымдылығын шектеу - нарықтың жоғары толықтырылуын да, тұтынушының төмен төлеу қабілеттілігін де көрсететін сұранысты қанағаттандырудың жоғары дәрежесі, нарықты әлеуетті бәсекелестердің игеруі үшін едәуір кедергі болып табылады және жаңа қаржы ұйымдары үшін осы нарықтың тартымдылығын төмендетеді;
Тармақша 2
2) бастапқы шығындардың жоғары дәрежесі – нарыққа кіру мүмкіндігінің шешуші шектеулерінің бірі;
Тармақша 3
3) шығындар деңгейіндегі артықшылық - қаржы ұйымдары нарығына жаңадан кірген ұйымдарға қарағанда, жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындары:
нарықтағы бастапқы шарттардың теңсіздігі;
нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының әлеуетті бәсекелестер алдындағы технологиялық артықшылықтары;
жарнама мен филиал желісін дамытуға жұмсалған шығындар;
ауқым әсері – егер аталған нарықта қызметтің ең жоғары тиімді ауқымы жоғары болса, онда нарыққа жаңадан кіретін қаржы ұйымдарының бастапқы кезеңде нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қарағанда, анағұрлым жоғары үлес шығындары болады және тиісінше бәсекеге қабілеттілігі төмен болады;
нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының деңгейлес және сатылас интеграциясы салдарынан төмен болады. Сатылас немесе деңгейлес құрылымдарға интеграцияланған қаржы ұйымдары жиынтық инвестициялық, қаржы және ақпарат ресурстарына қолжетімділік түрінде ішкі корпоративтік байланыстың барлық артықшылықтарын пайдаланады;
Тармақша 4
4) экономикалық және ұйымдық шектеулер - мемлекеттің инвестициялық, кредиттік, салықтық, бағалық, кедендік саясаты.
Салық салу қағидалары тұтынушының түрлі қаржы ұйымдарының салыстырмалы артықшылықтарына әсер ете отырып, тұтынушы (клиент) үшін түрлі қаржылық көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы тиімділігіне әсер етеді;
Тармақша 5
5) әкімшілік шектеулерге қаржы ұйымдарын лицензиялау да (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін шектеулер мен қағидалар) жатады.
Тауар нарықтарымен салыстырғанда реттеуші органдар қаржы қызметтерін көрсету нарығында сұранысқа және бәсекелестер санына елеулі әсер етеді. Қаржы ұйымдарына қойылатын лицензиялық талаптар нарықтың шоғырлану деңгейі мен қатысушылар құрамына әсер ете отырып, қаржы нарықтарына кіру кедергілерінің биіктігін көрсетеді.
Тармақ 45
45. Нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының қызметіне негізделген, оған жаңа бәсекелестердің кіруінің алдын алу бойынша кедергілер, оның ішінде:
Тармақша 1
1) нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымының жаңа бәсекелестің пайда болуына жауап ретінде қабылдайтын шаралар, мысалы пайыз мөлшерлемелері саясатындағы өзгерістер;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарының бәсекелестікке қарсы келісімдері және келісілген іс-қимылдары, оның ішінде мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-қимылдары;
Тармақша 3
3) мемлекеттік билік органдарында нарыққа әлеуетті бәсекелестердің кіруін шектейтін, қаржы нарығының сол және өзге де секторына лицензиялау өлшемшарттарын немесе өзге де өлшемшарттарды мүдделік қолдау.
Тармақ 46
46. Аталған қаржы нарығына кіру кедергілерін анықтау процесінде талданатын факторлар тізбесі қаржы ұйымдары қызметінің негізгі түрлерінің ерекшеліктеріне және өңірдің өзгешелігіне байланысты санамаланғаннан кеңдеу (немесе тарлау) болуы, ерекшеленуі мүмкін.
Тармақ 47
47. Қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерінің еңсерілуі осындай кедергілерді еңсеру мерзімдері мен оған жұмсалған шығындар шамасы негізінде бағаланады.
Егер қаралып отырған нарыққа кіру кедергілерін еңсеру шығындары қаржы қызметтерін көрсету нарығында қызмет көрсетуді жоспарлап отырған нарықтың әлеуетті субъектісі алатын (алуды болжайтын) кірістермен (артықшылықтармен) экономикалық түрде ақталса, нарыққа кіру кедергілері еңсерілетін деп есептеледі.
Тармақ 48
48. Қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерінің еңсерілу дәрежесін бағалау кезінде әрбір қаржы ұйымы үшін кедергінің әртүрлілігін, оның уақытша немесе тұрақты сипатын ескеру қажет.
Тармақ 49
49. Талдау жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының нарықтан шығу кедергілерін талдауды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) нарықта сұранысты қанағаттандыру және қаржы ұйымын сақтау қажеттілігіне байланысты;
Тармақша 2
2) қызметті тоқтату немесе оның бағытын өзгерту және басқа үшін елеулі қаржы ресурстарын тарту қажеттілігімен байланысты кедергілерді талдауды қамтиды.
Тармақ 50
50. Қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың сатылас және деңгейлес интеграциясын анықтау нарыққа қатысушылардың үлестес тұлғаларын талдауға негізделген.
Үлестестікті талдау Кодекстің 165-бабына сәйкес айқындалған тұлғалардың қызметіне қандай да бір дәрежеде әсер ететін экономикалық айналым субъектілері арасындағы мүліктік және басқарушылық тәуелділікті анықтауды болжайды.
Қаржы ұйымдарының үлестес болуын, адамдар тобын сәйкестендіруді талдау негізінде қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы шоғырлану көрсеткіштерінің есебі нақтыланады, қаржы ұйымының әлеуеті негізделеді.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытындыда көрсетілетін, жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар
9-тарау. Қорытындыда көрсетілетін, жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар
Тармақ 51
51. Жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) зерттеудің уақыт аралығы;
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді және қызметтің өзара алмастырылуын айқындау;
Тармақша 3
3) нарықтың шекаралары;
Тармақша 4
4) қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің құрамы;
Тармақша 5
5) нарықтың көлемі және қаржы қызметтерін көрсету нарығы субъектілерінің үлестері;
Тармақша 6
6) нарықтың шоғырлану деңгейі;
Тармақша 7
7) нарыққа кіру кедергілері;
Тармақша 8
8) қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін бағалау.
Тармақ 52
52. Егер Талдау жүргізу кезінде жекелеген кезеңдері өткізілмесе, онда талдау қорытындылары бойынша тұжырымдар тиісті бөлімдерге енгізілмейді.
Тармақ 53
53. Жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша, оның ішінде Талдаудың жекелеген кезеңдерінің құрамында нарықтың жай-күйінің және онда бәскелестіктің дамуының қысқаша сипаты (қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне шолу) жасалады.
Тармақ 54
54. Қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін қорытынды бағалау зерделенетін қаржы қызметтерін көрсету нарығының қаржы құрылымының қай түріне жататынын айқындауға, аталған нарықтағы бәсекелестіктің даму (дамымау) дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін қаржы қызметтерін көрсету нарығының сандық және сапалық сипаттамаларын салыстыруды және талдауды қамтиды.
Қаржы қызметтерін көрсету нарығының алынған сипаттамаларының негізінде бәсекелестіктің дамуының жай-күйі және перспективалары туралы қорытынды шығарылады.
Тармақ 55
55. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының шоғырлану деңгейіне байланысты түрлі нарықтарға және онда жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қатысты ведомствоның іс-әрекеті сараланады.
Жоғары шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар орынды:
Тармақша 1
1) Қаржы қызметтерін көрсету нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық іс-әрекеттерін бақылау;
Тармақша 2
2) Қаржы қызметтерін көрсету нарығына кіру кедергілерін төмендету бойынша, қызметтің тең шарттарын құру бойынша іс-әрекеттер;
Тармақша 3
3) қаржы ұйымының үстем жағдайын теріс пайдалануының алдын алу және жолын кесу;
Тармақша 4
4) қаржы ұйымдарының бірігуіне, қосылуына және қаржы ұйымдарының жарғылық капиталындағы шектеуші және бақылаушы акциялар пакетін (үлестерін) сатып алуына тыйым салу;
Орташа шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар орынды:
Тармақша 1
1) шоғырлану көрсеткіштері серпінін бақылау. Шоғырлану процесі күшейген кезде жоғары шоғырланған нарықтар үшін көзделген шараларға өту қажет;
Тармақша 2
2) қаржы қызметтерін көрсету нарығында үстем жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық іс-әрекеттерін бақылау.
Тармақ 56
56. Жүргізілген Талдаудың нәтижелері бойынша тұжырымдарды лауазымды адам жоғарыда көрсетілген реттілікпен қорытындыда қалыптастырады, оған Талдауды жүргізуге жауапты ведомствоның тиісті құрылымдық бөлімшесінің немесе аумақтық органының басшысы қол қояды.
Талдау бойынша қорытындыға қаралып отырған нарықтың сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Басқа 1
Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге
қосымша
Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйін талдау мыналардың негізінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Тұтынушылардың неғұрлым көп сұранысына ие, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерде айқындалған қаржылық қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі және/немесе Үкіметінің тапсырмалары;
Тармақша 3
3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәжделген шағымдары, өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жарияланымдары;
Тармақша 4
4) Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы қызметтерін көрсету нарықтарының ұлттық қаржы қызметтерін көрсету нарықтарына әсері;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мемлекет қажеттіліктерінің болуы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының өзгеруі;
Тармақша 7
7) Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің тапсырмалары мен ұсынымдары;
Тармақша 8
8) қаржылық көрсетілетін қызметтерді шығаруды олигополияландыру және монополияландыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы нормаларының бұзылуы;
Тармақша 10
10) бірігу немесе қосылу жолымен нарық субъектісінің қайта ұйымдастырылуы;
Тармақша 11
11) нарыққа қатысушылар құрамының біреулерінің кетуіне және жаңаларының келуіне байланысты өзгеруі;
Тармақша 12
12) қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы субъект үлесінің өзгеруі;
Тармақша 13
13) заңмен шектелген монополистік қызметтің жолын кесуді талап ететін өзге де жағдайлар.