О состоянии работы по рассмотрению обращений граждан в исполнительных органах Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың Шығыс Қазақстан облысының атқарушы органдарына
өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындауға талдау жасау облыстық
бөлiмдер мен басқармаларда, қалалар мен аудандардың әкiматтарында бұл
жұмыстың жағдайы жетiлдiруден әлдеқайда алыс екендiгiн, ал кейбiр жағдайда
оны ұйымдастыруға қойылатын талаптардан төмен екендiгiн көрсеттi.
Атқарушы органдардың басшылары азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыста
айқын жүйе жасамаған, оның өздерi басқаратын ұйымдарда бұл жұмысты
ұйымдастырудағы рөлi төмен. Ґ¤тiнiштерде көтерiлген проблемалар бойынша
халықпен ақпараттық және құқылық жұмыс жүргiзiлмейдi, оларға талдау жасау
жүргiзiлмейдi, нәтижесiнде 1997 жылы өтiнiштердiң саны 1996 жылмен
салыстырғанда 31,5 % өстi, қайталама өтiнiштер - 17,5 % өстi.
Бұдан басқа өтiнiштердi қарау мерзiмдерi ешбiр негiзсiз ұзаққа
созылуда, әсiресе облыс Әкiмi аппаратының iшкi саясат бөлiмi (Паюк А.
А.), жастар iстерi, туризм және спорт басқармасы (Войтов Н. И. ), мәдениет
басқармасы (Құмаров Т.М.), ¤скемен (Лукин А.А.) қаласының, Тарбағатай
(Түсiпбеков Т.Т. ), Үлан (Әубәкiров А.А.) аудандарының әкiмдерi ұзаққа
созуда, мұның өзi жұмыстың осы маңызды бөлегiне жауапсыздықпен және
салақтықпен қарауды дәлелдейдi, ал бұл Қазақстан Республикасының
Президентi мен Үкiметiне өтiнiштердiң 33,5 % өсуiне әкелiп соқты.
Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары өздерi қамқорлық жасайтын бөлiмдерде,
басқармалар мен департаменттерде азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты
ұйымдастыруға тиiстi бақылау жасамайды және нақтылы талап етпейдi, мұның
өзi лауазымды адамдардың өтiнiштерде қойылған мәселелердi сапалы және дер
кезiнде қарау үшiн жауапкершiлiктерiн арттыруға ықпал етпейдi.
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыста қалыптасқан жағдайға бұдан былай
шыдауға болмайды және ол түбiрiнен жақсартуды талап етедi.
Жоғарыда баяндалғандардың негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары, аппарат басшысы (Ибраев Т.Т.):
- қамқорлықтағы салаларда азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты
Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының талаптарына толық сай келтiру
жөнiнде нақты шаралар қолдансын;
- бөлiмдерде, басқармалар мен департаменттерде бұл жұмысты
ұйымдастыруға ай сайын бақылау жасау жүзеге асырылсын және бұл жұмыстың
жағдайы туралы олардың басшылары тыңдалсын.
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
- азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыстың айқын жүйесiн әзiрлесiн, онда
өтiнiштердi дер кезiнде қарап, мәселелердi шешуге талдау жасау және
бақылау ұйымдастыру көзделсiн;
-"Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Жарлығын бұлжытпай орындау жөнiнде лауазымды
адамдарға талап күшейтiлсiн;
- азаматтардың өтiнiшiмен жұмыстың жағдайына талдау жасалсын және бұл
мәселе 1998 жылдың екiншi тоқсанында алқалардың мәжiлiстерiнде қаралсын,
бұл туралы облыс әкiмi аппаратының басшысы Т. Т. Ибраевқа 1998 жылғы 1
шiлдеге дейiн хабарлансын.
Тармақ 3
3. Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары Т.Ж. Абайдiлдинге, А.Б. Қалиевқа,
Н.Т. Носиковқа азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн бұзғаны үшiн
бағынышты адамдарға талапты төмен қоятындары атап көрсетiлсiн.
Тармақ 4
4. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң күшi бар Жарлығының 30 бабының 1 тармағына сәйкес азаматтардың
өтiнiштерiн қарау кезiнде кемшiлiктерге жол бергенi үшiн: облыстық бiлiм
департаментiнiң бастығы О.И. Видоваға, облыстық мәдениет басқармасының
бастығы Т.М. Құмаровқа, Тарбағатай ауданының әкiмi Т.Т. Түсiпбековке сөгiс
жариялансын.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 6 сәуiрдегi N 313-ө өкiмiмен Үлан
ауданының әкiмi А.А. әубәкiровқа сөгiс жарияланғандығын ескерiп, ол
тәртiптiлiк жауапкершiлiкке тартылмасын.
Тармақ 6
6. Облыс Әкiмiнiң жанындағы тәртiптiлiк кеңесi (Проскуряков В. А.)
үстiмiздегi жылғы екiншi тоқсанд।скемен қаласының әкiмi А.А. Лукиндi
және Үлан ауданының әкiмi А.А. Әубәкiровты 1997 жылы азаматтардың
өтiнiштерiн қарау жөнiндегi жұмыстың жағдайы туралы тыңдасын.
Тармақ 7
7. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппаратының басшысы
Т.Т. Ибраевқа, ақпараттар жинау және қорыту жалпы бөлiмге (Мухина Л.В. )
жүктелсiн.