О состоянии здравоохранения в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтаудың
жағдайы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдиннiң облыс денсаулық сақтау
орындарының жұмысы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, алқа оның
органдары мен мекемелерi халықты сауықтыру мәселелерiнде кейбiр жұмыс
жүргiзуде, деп атап көрсетедi.
1998 жылғы 1 қаңтарға облыста 126 аурухана, оның iшiнде 22-сi селода,
182 емхана және 502 фельдшерлiк-акушерлiк пункт жұмыс iстейдi.
Емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң желiлерiн реформалауды жүргiзе
отырып, оның iшiнде мемлекеттiк емес 6 аурухана, 38 емхана, 239
фельдшерлiк-акушерлiк пункт ұйымдастырылды.
Төсектiк қорды оңтайлаудың нәтижесiнде олардың саны 5511-ге
қысқартылды, бұл бүкiл қордың 32,4 процентiн құрайды, 10 мың халыққа
шаққанда төсекпен қамтамасыз ету 80,2 процент болып отыр. Осы мерзiмнiң
iшiнде облыстың амбулаторлық-емхана мекемелерiнде 7 миллионнан аса адам
болып, емделдi, бұл 1 тұрғынға шаққанда 4,5 рет болу.
Облыстың денсаулық сақтау бюджеті 1997 жылы 89,1 процент орындалды.
Емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң берешегi 1998 жылғы 1 қаңтарға 419,2
миллион теңге, оның iшiнде бюджет бойынша 80,2 миллион, мiндеттi
медициналық сақтандыру қоры бойынша 339 миллион теңге болды.
"1949-1990 жылдары бұрынғы Семей полигонында ядролық сынаулардың
салдарынан зардап шеккен халықты медициналық реабилитациялау бағдарламасы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 наурыздағы N 336
қаулысына сәйкес облыстық бағдарлама жасалды, сынаулардың ықпал ету
зардаптарын мониторингтеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Облыстың
онкологиялық, психиатриялық қызметтерiн қайта ұйымдастыру және
материалдық-техникалық базасын нығайту жүргiзiлдi.
Мұнымен қатар денсаулық сақтауды ұйымдастыруда елеулi кемшiлiктер мен
олқылықтар бар, соның салдарынан негiзгi медициналық көрсеткiштер бойынша
нашарлағандық байқалады.
Ересек халықтың жалпы науқастылығы күрт өстi, 1997 жылы ол 100 мың
халыққа шаққанда 57100 адам (Республикалық көрсеткiш - 46894) болды,
басқаша айтқанда әрбiр екiншi адам дерлiк, ал Көкпектi, Шемонайха,
Қатонқарағай сияқты аудандарда тиiсiнше 17900, 25700 және 28100 адамға тең.
Балалардың арасында науқастану Республикалық көрсеткiштен жоғары,
1996 жылы 100 мың балаға шаққанда 71894,9 (Республикалық көрсеткiш -
61161,2) бала науқастанды, балалардың психикалық ауруы 668,2
(Республикалық көрсеткiш - 275,8).
Туберкулез ауруымен аурушылар жыл сайын өсуде - 100 мың халыққа
шаққанда 66,7, осы аурудан өлудiң өсуi - 40,1 болып отыр. Бұл аурумен
науқастану Семей қаласында жоғары - 116,3, Бесқарағай ауданында - 79,3.
Эпидемиялық жағдайдың құрт шиеленiсуiне байланысты СПИД-пен
науқастану елеулi проблема болып отыр, облыста бұл аурумен науқастанған үш
жағдай тiркелдi (Өскеменде - 2, Семейде - 1).
Халықтың онкологиялық аурумен науқастануы күрт өстi - 100 мың халыққа
шаққанда 272,1-ден 282-ге дейiн көбейдi (Республикалық көрсеткiш - 174,2).
"Иммунипрофилактика" бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде қолданылып
отырған шараларға қарамастан, облыста вирустық гепатитпен, жұқпалы iшек
ауруымен науқастанудың өсуi 42,4 процент болды. әсiресе, Курчатов,
Лениногор, Семей, Өскемен қалаларында аурудың бұл түрiмен науқастану
деңгейi жоғары болып отыр. Жұқпалы iшек ауруымен науқастанудың жоғары
болуының негiзгi себептерi елдi мекендердiң санитарлық жағдайының
қанағаттанғысыз болуы, ауыз суы сапасының төмендiгi, тағам өнiмдерiн
дайындау, сақтау және өткiзу кезiнде санитарлық-техникалық және
технологиялық ереженiң бұзылуы, халықты профилактикалық егумен жеткiлiксiз
қамту, елдi мекендерде мөлтек рыноктарда тағам өнiмдерiн өткiзуге
бақылаудың жоқтығы болып табылады. Бiрқатар медициналық мекемелерде
вакциналарды сақтау және пайдалану жөнiнде белгiленген тәртiп бұзылуда.
Медициналық қызметшiлердi кәсiптiк даярлау төмен қалпында қалуда.
Емдеу-профилактикалық мекемелердiң басшылары кәсiптiк даярлықтың төменгi
деңгейiн (23%) көрсеттi, жергiлiктi жерлерде медициналық қызметкерлердiң
2,6 процентi, дәрiгер-эпидемиологтардың 13,6 процентi кәсiптiк даярлықтың
төмендiгiн көрсеттi. Медбике Атабаеваның кәсiптiк мамандығының жоқтығы
салдарынан Парамоновка селосында вакцинация технологиясын бұзу жөнiнде
төтенше жағдайға жол берiлдi, Большенарым селосында
дәрiгер-гинеколог Ә.Б.Омарбекова науқасты қарап зерттегенде оның денесiне
байқаусыз зақым келтiрдi, аудандық сот оны ауыр санатына жатқызды.
Облыстың денсаулық сақтауының басшы кадрларымен жұмыс нашар жолға
қойылған. Емдеу-профилактикалық мекемелердiң көптеген басшылары жеке
басының баюы және қымқыруы мақсатында көбiнесе Заң бұзуға барады. 1997
жылы облыстың iшкi iстер басқармасының 1998 жылғы 20 қаңтардағы мәлiметi
бойынша денсаулық сақтау жүйесi бойынша 36 қылмысты iс ашылды, 30 қылмысты
iс қозғалды, одан 16-сы ұрлап-жырлау, 6-уы салақтық, 2-уi заңсыз сыйлық
беру, 3-уi қызметтiк жалғандық жасау, 1-уi пара беру, 2-уi қызметтiк
жағдайды бас пайдасына пайдалану. Қозғалған 30 қылмысты iстердiң 14-i
сотқа жiберiлдi.
Семей қаласының N 1 аумақтық балалар медициналық бiрлестiгiнде
(Нұрмұхамбетов Т.К.) жалған құжаттар жасау жолымен ақша қаражаттарын және
тауарлы-материалдық бағалы заттарды тiзiмнен заңсыз шығарып тастап, жалпы
сомасы 793,6 мың теңгенiң ұрланып-жырлануына жол берген.
Өскемен қаласы Защита стансасының бөлiмшелiк ауруханасында (Иванов
В.Н.) 533,8 мың теңге сомасында заңсыз шығындар ашылды, оның iшiнде 232,7
мың теңге жалақы төлеуге жұмсалған, 203,4 мың теңге сомасында тағам
өнiмдерi мен медикаменттер тiзiмнен артық шығарылған және 3,4 мың теңгенiң
тауарлы-материалдық бағалы заттардың жетiспеуiне жол берiлген.
Семей қаласының офтальмологиялық орталығында (Заманова Г.В.)
бухгалтерия қызметкерлерiнiң тарифтiк разрядтар мен лауазымдық окладтарды
дұрыс қолданбауларының салдарынан 111,8 мың теңге сомасында артық
есептелiп, жалақы төленген. Өскемен қаласының медициналық колледжiнде де
осындай бұзушылық фактiсi ашылды 37,9 мың теңге артық жұмсалған.
Денсаулық сақтау мекемелерiнiң жеке басшылары еңбек заңдылығын бұзуға
баруда. Мысалы, жалақы төлеуге арналған қаражаттар жанар-жағар май,
медикаменттер, жиhаздар және басқаларын алуға пайдаланылуда. Жарма
медицина бiрлестiгiнде бұл мақсатқа 304 мың теңге, Бесқарағай аудандық
медицина бiрлестiгiнде - 710,5 мың теңге жұмсалған. Күршiм аудандық
ауруханасында 160,6 мың теңге жалақы төлеудiң орнына шаруашылық шығындарға
және науқастық парақтар мен зейнетақыларды төлеуге жұмсалған.
Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi "Азаматтарды медициналық
сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының жұмыс
iстемейтiн халық үшiн қаражаттар аудару жөнiндегi талабын қанағаттанғысыз
орындауда, соған байланысты жоспар бойынша қажеттi 1 миллиард 800 миллион
теңге қаражаттың орнына небәрi 900 миллион теңге аударылған.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау органдарының жұмысы қанағаттанғысыз деп
танылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Жiгiтаев Х.Т.)
1998 жылғы 1 маусымға дейiн денсаулық сақтауды реформалау, кадрларды
iрiктеу және орналастыру, сондай-ақ науқастың әлеуметтiк елеулiгi
жөнiндегi көрсеткiштердi жақсарту мәселелерiндегi атап көрсетiлген
кемшiлiктердi жою жөнiнде барлық шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. "Иммунопрофилактика" мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру
жөнiнде тиiстi бақылау жасамағаны және облыста эпидемиологиялық жағдайдың
нашарлағаны үшiн облыстық мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы В.С.Якуповқа қатаң сөгiс жариялансын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Жiгiтаев Х.Т.) қалалар мен
аудандар әкiмдерiмен бiрге облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерi
басшыларының атқаратын қызметтерiне лайықтылығын қарасын, аттестациялау
өткiзсiн және қайта бекiтсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Жiгiтаев Х.Т.), облыстық
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.)
қалалар мен аудандардың әкiмдерiмен бiрге облыстық "Иммунопрофилактика"
бағдарламасын жүзеге асыруды өздерiнiң қатаң бақылауына алсын, елдi
мекендердiң санитарлық жағдайын жақсарту, су құбырларын лайықты
санитарлық-техникалық жағдайға келтiру, сондай-ақ көше саудасын және
мөлтек рынок саудасын тәртiпке келтiру үшiн қажеттi барлық шараларды
қолдансын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) денсаулық сақтауда
шығындар сметасына сәйкес иммунологиялық препараттар алуға қаражаттарды
дер кезiнде тоқсан сайын бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлiмiнiң
директоры (Закариянов Р.С.) емдеу мекемелерiнде қаржыландырудың өзгеруiне
байланысты медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы Ереженi және оларға
тарифтер есебi бойынша әдiстемелiк нұсқаулар әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ел Президентiнiң халыққа
жолдауында қойылған мiндеттердi орындау үшiн салауатты өмiр салтын
қалыптастыру проблемалары бойынша аймақтық орталық құрсын және оның
жұмысын ұйымдастырсын. Емдеу-диагностикалық процестi интенсивтендiру және
оңтайлау, озық технологияны енгiзу жөнiнде мақсатты жұмыс жүргiзудi жүзеге
асырсын.
Тармақ 9
9. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.
Абайдiлдинге жүктелсiн.