О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщении города Петропавловск Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласының қалалық және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалауға тарифтер туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабы 2, 3, 5-тармақтарына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласы аумағында қалалық қатынасты жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық бағыттар үшін бірынғай тариф 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласының қала маңы хабарламасындағы жолаушыларды және багажды тасымалдау тарифі 10 шақырымға 75 теңге деп бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Петропавл қаласы аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 2367 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3012 тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «Қызылжар Нұры» газетінде және «Проспект СК» газетінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қалалық мәслихат хатшысы_________ А. Бердағұлов
2017 жылғы «_06_» __03__