Қарақия ауданы әкімдігінің қаулыларының күшін жою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімдігінің қаулыларының күшін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-II және маңғыстау облыстық Әділет Департаментінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №2-12/13121 ұсыныс хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің «Қарақия ауданында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» 2008 жылғы 3 сәуірдегі №96, «Қарақия ауданы әкімдігінің 03.04.2008 жылғы №96 «Қарақия ауданында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» (тіркеу тізілімінде 14.05.2008 жылғы №11-4-59 тіркелген және Қарақия газетінің 24.07.2008 жылғы №25 санды нөмерінде жарияланған) қаулысына толықтыру енгізу туралы 2008 жылғы 19 тамыздағы № 178, «Қарақия ауданында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 03 сәуір 2008 жылғы №96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 10 маусымдағы №150, «Аудан әкімдігінің 03 сәуір 2008 жылғы «Қарақия ауданында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» №96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 02 сәуірдегі №109 қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.