Об утверждении Положения о комиссии по присвоению квалификации судебного эксперта Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлкеттік тіркеудін өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сот сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сот сарапшылары, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақша 1
1) сот сарапшысы біліктілігін беру;
Тармақша 2
2) мәжілістің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия тұрақты әрекет ететін орган болып табылады және мүшелерінің құрамы тақ санынан (5 адамнан кем емес) тұрады. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен (немесе орын басатын тұлғамен) бекітіледі.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады. Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамына енгізілетін кандидатуралар Департаменттің келісімімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары басшысымен ұсынылады.
Тармақ 8
8. Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін Кадрлық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінің ішінен Комиссия хатшысы тағайындалады.
Тарау 2. 2 Тарау. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссияның өкілеттері
2 Тарау. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссияның өкілеттері
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) мәжілісті шақырады;
Тармақша 2
2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жұмысты жоспарлайды;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) сот сарапшысы біліктілігін алуға ұсынылған тұлғаның құжаттарымен танысады;
Тармақша 2
2) біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу немесе жібермеу туралы шешімді шығарады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісінде шешілетін мәселелерді қарастырады және тиісті шешімді шығарады;
Тармақша 4
4) Сот сарапшысы біліктілік дайындығынан өткен тұлғаның білім деңгейін анықтау мақсатында біліктілік дайындықтан өту қорытындылары жөніндегі пікірді қарастырады;
Тармақша 5
5) біліктілік дайындықты өту нәтижиелерін бағалайды.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы;
Тармақша 1
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелерін күнтізбелік отыз күн бұрын Комиссия мәжілісін өткізу күні мен өткізіетін орны туралы хабардар етеді;
Тармақша 3
3) Заңның 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия мәжілісіне қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді, оны жүргізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді (бұдан әрі - Хаттама);
Тармақша 4
4) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынысты енгізеді;
Тармақша 5
5) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 12
12. Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі өзінің ойын жазбаша түрінде баяндайды, оны хаттамаға қоса тігеді.
Тармақ 13
13. Комиссия мәжілісі Хаттамамен ресімделеді. Комиссия мәжілісінің хаттамасына сот сарапшысы біліктілігін беру нәтижиелері бойынша Комиссия мүшелерімен және хатшымен қол қойылады.